18
жүргізудің
негізгі
тәсілдері
бұл,
орталықтандырылған,
орталықтандырылмаған және аралас тәсіл.
Бірінші тәсілде жөндеу жұмыстары бір ортаға шоғырландырылған
жөндеу базасында орындалады. Бұл кезде жөнделінуші жабдық жөндеу
жұмыстарын орындайтын орталық жөндеу базасына жеткізіледі. Бұл әдісті
кіші өлшемдегі аппараттар мен машиналар үшін қолдануға болады. Сол
себепті жиі қолданылмайды, өйткені жөндеу
базаларының жеткілікті
дәрежеде жасақталуын және жабдықтардың резервтік қорының болуын талап
етеді.
Жөндеудің орталықтандырылмаған әдісі барысында, оын жабдықты
бөлшектемей-ақ цехтің арнайы жөндеуші персоналдарының көмегімен
орындайды. Бұл әдістің кемшілігі сонда, жөндеу кезінде жабдықтың ұзақ
уақыт жөндеуде тұру және де жөндеу жұмыстарының
сапасының төмен
болуы. Осыған орай әдісті конструкциясы күрделі емес машиналарды жөндеу
үшін және жөндеу жұмыстарының көлемі аз жағдайларда қолданады.
Жөндеудің араласқан түрі кезінде, жабдықтың қалпына келтірілуі
бойынша орындалатын операциялардың бірқатары орталықты жөндеу
базасында және де бірқатары тікелей жабдық орнатылған цехтарда
орындалады. Бұл әдісі бір шама кең таралған жөндеу әдісі болып табылады,
себебі бұл кез нақты жағдайды ескере отырып жөндеудің икемді әдістерін
қолдануға мүмкіндік береді. Іс-тәжрибеде келесі жөндеу әдістерін
қолданады: бөлшекті, түйінді, дәйекті-түйінді, агрегатты.
Бөлшекті жөндеу әдісінде, машинаның жөнделуге берілген бөлшектері
мен түйіндерінің, ақауларын анықтаудың нәтижесінде бұрынғы күйіне сай
қалпына келтіреді және де жаңа бөлшекпен алмастырады.
Қарастырылып отырған
әдістің елеулі кемшілігі бұл, жабдықтың
жөндеуде ұзақ мерзімдет тұруы; жөндеудің жоғарғы өзіндік құндылығы;
жұмысшылардың жоғары квалификациясының қажетті; бөлшекті дайындау
мен қалпына келтірудің қазіргі таңдағы
технологияларын қолданудың
қиындығының пайда болуы. Әдіс көбінесе кәсіпорындағы аз мөлшердегі
жабдықтар үшін қолданымды.
Түйінді әдіс, жөндеу қорындағы жаңа түйінмен жарамсыз түйінді
алмастыруды қарастырады. Бөлшектенген түйін қалпына келтіріліп қоймада
сақтауға жөнелтеді. Егерде кәсіпорында типтес жабдықтар саны көп болса,
бұл әдіс кең қолданылады. Бұл жөндеу әдісі жабдықтың жөндеуде тұру
уақытын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді.
Дәйекті-түйінді әдіс, түйіндердің ауыстырылуы мен жөнделуін бір
уақытта емес, қызмет ету мерзіміне байланысты тозу шамасы бойынша
жүргізілуін қарастырады. Бұл кезде жөндеуді технологиялық үзіліс
кезінде
жүргізу тиімді. Әдісті конструктивті ерекше түйіні бар агрегат үшін қолдану
лайықты болып табылады; мысалы үшін ленталы конвейрлер мен ін тәріздес
элеваторлар және тағы басқа.
Жөндеудің агрегатты әдісі, жөндеу кезінде істен шыққан агрегатты,
осы маркадағы дайын агрегатыпен ауыстыруды қарастырады. Жөнделуге
19
тиісті бөлшектелген агрегатты жөндеу үшін жөндеу кәсіпорнына (жөндеу
механикалық цехына) жөнелтеді. Әдістің басты кемшілігі бұл, жабдықты
қазіргі таңдағы тиімді жөндеу технологиясын
қолдану және де жабдықтың
модернизациялануын жүргізу мүмкіндігі. Сонымен қатар, жөндеудің құны
төмендейді, ал оның сапасы артады.
Жөндеудің агрегатты әдісі жақсы жасақталған жөндеу базасы бар ірі
мекемелерде, ұтымды түрде кіші габаритті жабдықтар үшін қолданылады.
Бұл кезде жабдықты, жөндеу үшін орнына босатып алу және тасымалдау
кезінде үлкен еңбек шығындарын талап етпеуге тиіс. Қазіргі таңда, бұл әдіс,
өнеркәсібі
жағынан дамыған Жапония, Германия және тағы басқа елдерде
кең қолдануда. Қазақстанда негізінен жөндеудің бөлшекті және түйінді
әдістері қолданылады.
Жоспарлы-сақтық жөндеу жүйесі келесі техникалық қызмет көрсетулер
мен жөндеулер түрлерінің орындалуын қарастырады: жөндеу аралық қызмет
көрсету, мезгілді профилактикалық тексерулер, ағымдағы жөндеу, орташа
жөндеу, күрделі жөндеу.
Жөндеу аралық қызмет көрсету мен мезгілді тексеруде орындалатын
жұмыс мазмұны алдыңғы тарауларда қарастырылған.
Ағымдағы жөндеу барысында, келесі кезекті жөндеуге дейін жабдықты
жұмыс қабілеттілік жағдайында ұстауға
бағытталған жұмыс көлемі
орындалады. Жөндеу жұмысының мазмұны, жеке бөлшектер мен түйіндерді
(тез тозатын) қалпына келтіру немесе ауыстырудан, сондай-ақ оларды реттеп
келтіруден тұрады. Жөндеудің бұл түрі жабдықтың орнатылған орнында
өндірістік цехтардың жөндеу персоналдарының күшімен орындалады.
Ағымдағы жөндеу цех механигінің жетекшілігімен орындалады, ал цех
механигі өз-кезінде жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуын және
оынң сапасына жауап береді [7].
Достарыңызбен бөлісу: