Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
WWW- 2~1

 
 
4. Келісімшарт жасасу жəне оның қолданысын тоқтату
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 12-тармақ өзгертілді
12. Қазақстан Республикасының азаматы əскери қызмет өткеру туралы келісімшартты
(бұдан əрі – келісімшарт) уəкілетті лауазымды адаммен ерікті түрде, уəкілетті органдардың
бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
бекітетін үлгілік нысан бойынша жазбаша түрде:
1) жоғары офицерлер құрамының штаттық-лауазымдық санатындағы əскери лауазымға
тағайындалатындар - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтындарды
қоспағанда, уəкілетті органның бірінші басшысымен;
2) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының (жоғары
офицерлер құрамын қоспағанда) штаттық-лауазымдық санатындағы əскери лауазымға
тағайындалатындар – əскери бөлімнің (мекеменің) командирінен (бастығынан) бастап жəне
одан да жоғары тиісті уəкілетті лауазымды адаммен;
3) Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік орта, жоғары білім беру
бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына түсетіндер - осы оқу орнының
бастығымен;
4) ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
5) басқа мемлекеттің орта техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім беру
бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына (əскери факультетке) түсетіндер -
шетелде оқу мəселелеріне жетекшілік ететін уəкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің
бастығымен;
6) ұлан техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
əскери оқу орнында оқудың үшінші курсына ауысқан кезде -осы оқу орнының бастығымен
жасайды.
Атқаратын əскери лауазымдарында əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілермен
келісімшарттар осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларына сəйкес
жасалады.
Уəкілетті органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының азаматтарымен
əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу жөніндегі өкілеттіктер берілген уəкілетті
лауазымды адамдарды айқындайды.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 13-тармақ өзгертілді
13. Келісімшарт əскери қызметке келісімшарт бойынша кірген кезде жасалады.
Келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшімен жаңа келісімшарт:
1) Заңның 
19-бабында
 айқындалған құрам өзгерген;
2) əскери оқу орнына (əскери факультетке) қабылданған;
3) Заңның 
26-бабының 10-тармағында
көзделген жағдайды қоспағанда, əскери оқу
орнына түсер алдында келісімшарт бойынша əскери қызмет өткерген əскери қызметшіні
теріс себептер бойынша əскери қызметтен шығаруға негіз болып табылмайтын əскери оқу
орнынан шығарылған;
4) əскери қызмет мерзімі ұзартылған;
5) бір уəкілетті органнан басқасына ауыстырылған жағдайларда жасасылады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 14-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
14. Келісімшарт кемінде екі данада, əрқайсысы мемлекеттік жəне орыс тілдерінде
жасалады жəне оны жасасқан адамдар қол қояды. Келісімшарт жасасқан лауазымды
адамның қолы мөрмен расталады, бұл ретте бірінші данасы келісімшарт жасасқан адамның
жеке ісіне тігіледі, ал екінші данасы оған қолын қойғызып беріледі.
Келісімшарт əскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды əскери лауазымдарға
тағайындау, ауыстыру, олардан босату, əскери қызметтен шығару, сондай-ақ оларға əскери
атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар
лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан əрі – лауазымды адамдар тізбесі) сəйкес осы құқық


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments=… 5/32
берілген уəкілетті лауазымды адамның бұйрығы шыққан күннен бастап қолданысқа
енгізіледі. Лауазымды адамдар тізбесін уəкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 15-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
15. Келісімшарт Заңның 
37-бабының 2-тармағында
белгіленген жағдайларда
қолданысын тоқтатады.
Заң қолданысқа енгізілгенге дейін əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға
дейін жасалған келісімшарттардың күші əскери қызметшілер Заңның 
25-бабының 1-
тармағында
 белгіленген шекті жасқа толғанға дейін қолданылады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 16-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
16. Əскери қызметті одан əрі келісімшарт бойынша өткеруге ниет білдірген əскери
қызметші қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға кемінде екі ай қалған
мерзімде белгіленген тəртіппен əскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына)
жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді.
Лауазымды адамдар тізбесіне сəйкес осы құқық берілген уəкілетті лауазымды адамның
келісімшарт бойынша əскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешімі бұйрықпен
ресімделеді жəне əскери қызметшінің назарына жазбаша түрде қолын қойғызып
жеткізіледі.
Келісімшарт бойынша əскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда
əскери қызметшінің назарына бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама
қолын қойғызып жеткізіледі.
Келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін жəне келісімшарт мерзімінің
аяқталуына байланысты əскери қызметтен шығу туралы шешім қабылдаған əскери
қызметші келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын уəкілетті
лауазымды адамды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етеді.
Əскери қызметші жүктілігі жəне бала тууы бойынша демалыста немесе ол үш жасқа
толғанға дейін бала күтімі бойынша қосымша демалыста болған уақытта қолданыстағы
келісімшарттың мерзімі аяқталған жағдайда əскери қызметші демалыстан шыққаннан
кейін екі ай ішінде жаңа келісімшарт жасасады немесе осы Қағидаларда айқындалған
тəртіппен əскери қызметтен шығарылады.
17. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған əскери
қызметшілер тиісті лауазымдағы əскери қызметті келісімшарт жасамай өткереді. Олардың
келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер мəртебесі сақталады.
Көрсетілген лауазымға тағайындалғанға дейін əскери қызметшілердің осы санатымен
жасалған келісімшарттардың қолданысы тоқтатылады.
18. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған əскери қызметші
лауазымынан босатылғаннан кейін ол осы Қағидаларда айқындалған тəртіппен жаңа
келісімшарт жасасады немесе əскери қызметтен шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет