Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
WWW- 2~1

 
 
6. Əскери қызметшілер қатарынан келісімшарт бойынша əскери
қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
32-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
32. Əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін жəне келісімшарт бойынша
əскери қызметке кіруге ниет білдірген əскери қызметші əскери бөлімнің (мекеменің)


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments=… 8/32
командиріне (бастығына) (офицерлер құрамының əскери қызметшісі – əскерге шақыру
бойынша əскери қызмет мерзімі аяқталардан бір ай бұрын) баянат береді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 33-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
33. Əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін жəне келісімшарт бойынша
əскери қызметке кіруге ниет білдірген əскери қызметшінің баянаты тіркеледі жəне оны
əскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қарауға қабылдайды. Əскери бөлімнің
(мекеменің) командирі (бастығы) əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін əскери
қызметшінің баянатын қарайды жəне ол бойынша он жұмыс күні ішінде шешім
қабылдайды.
Баянаты қарауға қабылданған əскери қызметші кандидат болып табылады.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
34-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
);
2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 34-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
34. Əскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) баянатты қарап:
1) кандидатты медициналық куəландырудан өткізу;
2) кəсіптік жəне психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындаған
тəртіппен арнаулы тексеру жүргізу;
4) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен əскери лауазымдарға кандидаттармен
психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер жүргізу;
5) кандидаттың білім, кəсіптік жəне дене даярлығы деңгейінің келісімшарт бойынша
əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер үшін белгіленген талаптарға сəйкес келетінін
тексеру;
6) əскери қызметшінің кандидатурасын əскери бөлімнің (мекеменің) іріктеу
комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.
35. Кандидат мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтермен жұмысты көздейтін
лауазымда келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеру үшін қаралған жағдайда заңнамада
белгіленген тəртіппен жəне мерзімде мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы
тексеру жүргізіледі. Осындай кандидаттармен əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт
жасасу жəне əскери лауазымға тағайындау олар бойынша мемлекеттік құпияларға
рұқсаттамаға арнайы тексеру аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 36-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
36. Əскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау (іріктеу) комиссиясының ұсынымы
бойынша əскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) кандидаттың келісімшарт
бойынша əскери қызметке кіретіндер үшін белгіленген талаптарға сəйкес келетіні (сəйкес
келмейтіні) туралы шешімді қабылдайды.
Шешім əскери қызметшіге қол қойғызып жеткізіледі.
37. Ресімделгеннен кейін құжаттар осы Қағидаларға сəйкес келісімшарт жасасу үшін
уəкілетті лауазымды адамға қарауға ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет