Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
WWW- 2~1

 
 
2.Əскери қызмет өткеру
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
3-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
3. Бейбіт жəне соғыс уақытында əскери қызмет өткеру техникалық жəне кəсіптік, орта
білімнен кейінгі жəне жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын
іске асыратын əскери оқу орындарында оқуды, əскери қызметке шақыруды, келісімшарт
бойынша əскери қызметке ерікті түрде кіруді, əскери атақ беруді, əскери лауазымға
тағайындалуды жəне əскери қызмет бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, əскери
қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, əскери жиындардан өтуді,
ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында айқындалған басқа да мəн-жайларды
(оқиғаларды) қамтиды.
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 
Жарлығымен
4-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
); ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
4-тармақ өзгертілді
(
бұр.ред.қара
)
4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сəйкес Қарулы Күштерде,
басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда ерікті тəртіппен келісімшарт немесе əскерге
шақыру бойынша əскери қызмет өткереді.
Уəкілетті органдардың бірінші басшылары Қағидаларды қолдану жөніндегі
нұсқаулықтарды бекітеді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
5-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
5. Əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметші бейбіт уақытта
əскери қызметтің алты айынан кейін жəне əскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша
міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе
əскери бөлімнің (мекеменің) құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін
жіберілуі мүмкін.
6. Əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға (бітімгершілік
операцияларына), жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі, терроризмге қарсы операцияларға қатысу кезеңін Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайды.
7. Əскери қызметшілерді көтермелеу жəне тəртіптік жауапкершілікке тарту тəртіптік
жарғыда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тəртіппен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет