Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет112/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181
1 2019

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
Оразбаева Ф. Тіл әлемі. – Алматы: Ан Арыс. ‒ 368 б. 
САУАТ АШУ КЕЗЕҢІНДЕ ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ТӨРТ МОДУЛІН
ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ
 
Сәкенова Р. 
п.ғ.к, әдіскер ұстаз, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері 
Түйіндеме: Мақалада тілдік тұлғаны қалыптастырудың төрт модулі сауат ашу кезеңінде қалай іске 
асатыны, осы арқылы оқушылардың қандай құзыреттілікке ие болатыны саралап көрсетілген.
Тірек сөздер: сауат ашу, тілдік тұлға, оқушы, құзіреттілік, тілдік қатынас.
 
Аннотация: В статье рассказывается о том, как четыре формы формирования языка будут 
реализованы в период грамотности с учетом компетенций учащихся. 
 
Ключевые слова: грамотность, языковая идентичность, ученик, компетентность, лингвистическое 
общение. 
 Annotation: The article describes how the four forms of language formation will be implemented during the 
literacy period, taking into account the competencies of students. 
 Keywords: literacy, linguistic identity, student, competence, linguistic communication. 
1-
сыныптың сауат ашу кезеңінде профессор, көрнекті лингвист ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның қазақ тілі 
әдістемесіне енгізген тілдік қатынастарды құрайтын төрт модулі: айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым 
– 
сөйлесімге алып келетін әрекет ретінде қарастырылып, кешенді пайдаланылады. Яғни сауат ашу 
кезеңінде айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым тұтас лингвистикалық білімді жүзеге асырып, өзара 
байланысады.
Сауат ашу сабағы тек дыбыс – әріп таныту кезеңі ғана емес, баланы қатысымдық-әлеуметтік тілдік 
ортаға бейімдеу, тілдік ортаға бағдарлану, өз сыныптастарымен, достарымен айналадағы адамдармен 
пікір алмасу, өз ойын, көзқарасын білдіруге жетелейтін кезең.
Тілдік тұлғаны қалыптастырудың төрт модулі сауат ашу кезеңінде қалай іске асатынын, осы арқылы 
оқушылардың қандай құзыреттілікке ие болатынын мұғалімдер сабағын сараптай отырып, саралап 
көрейік: 
1. 
Дыбыс-әріп жеке танылмайды, сөз, сөйлем ішінде қарастырылады 
2. 
Оқушы дыбыстың жасалуына қатысып отырған дыбыстау мүшелерін, (сөйлеу мүшелері) олардың 
қимыл-қозғалысы қалай өткенін атай алады 
3. 
Дыбыстардың бөліну түрлері ауаның қозғалысына және ауыз қуысы мүшелеріне байланысты 
екенін айырады Мысалы: «а» дегенде ауыз кең ашылады, ауа кедергісі жоқ 
4. 
Дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға дағдыланады мысалы –а, а-та. Мен атамды 
сыйлаймын. 
5. 
Дыбыстың фонемалық қасиетін, сөз жасаудағы, сөздің мағынасын өзгертудегі ролін салыстырып, 
түсіне бастайды. Мысалы: сан-сән, жүз-күз, саз-сыз т.б. 
Оқылым мен тыңдалым қатар жүргенде, оқушының есту, көру дағдылары бірге жетіледі, дыбыстарды 
сөз, сөйлем ішінде ести отырып таниды, сөзді орфоэпиялық (айтылу) ережелеріне сай дұрыс айтуға 
үйренеді. 
Бала сөзді дұрыс естісе, тыңдаса, қабылдаса ойлау қабілеті, сөз-таным жүйесі жетіледі, сөздің 
мағынасын дұрыс түсініп, сөйлесімдік қарым-қатынаста орынды, дұрыс, саралап пайдаланады.


142 
Дыбыс – тілдің материясы, бастапқы құрамы. Сауат ашу кезеңінде дыбыстарды ести отырып, 
оқушының дыбыстарды анық, дұрыс айту қабілеті қалыптасады. Дыбыстарды дұрыс айту оқылымның 
сапалы болуына ықпал етеді. Дыбыстарды таныту кезінде мұғалім әртүрлі тәсілдер қолданады: 

Дыбысты өзі айтып көрсетеді 

Жеке оқушылар айтады 

Топпен, хормен айтады 

Сөз ішіндегі дыбысқа фонетикалық талдау жасатады 

Дыбыстың таңбасын ауада, тақтаға жазып көрсетеді 

Танылып отырған дыбысы бар сөзді пайдаланып сөйлем құратады 

Алфавиттік тізімдегі орнын белгілейді 

Дыбыстардың жүйеленуінің ерекшеліктерін талдайды (дауысты-дауыссыз, дауысты дыбыстар: 
жуан-жіңішке т.б.) 

Дамыта отырып, сөйлесім әрекетіне бейімдейді 
1-
сыныптың сауат ашу кезеңінде дыбыстардың мағына өзгертетін (фонемалық) қасиетін әртүрлі 
грамматикалық ойындар арқылы танытуға болады, сөз мағынасын түсіну арқылы оқушылардың сөздік 
қоры дамып, сөзді мағынасына қарай қолдана білуге үйренеді. 
1-
сыныптың сауат ашу кезеңінде тыңдалым материалдары көбінесе оқулыққа қосымша берілген 
аудиотаспа арқылы жүзеге асып отыр. Үнтаспадағы мәтіндер сабақ тақырыбымен байланысты берілген, 
оқушылар мәтіндерді тыңдай отырып, мәтіннің мазмұнын айтады, мәтіннен өзіне қажетті танымдық 
деректер алады, мәтінді тыңдай отырып қабылдап, түсінеді, оны сөйлесім әрекетінде қолданады, мәтінді 
дамыта сөйлейді.
Сауат ашу кезеңіндегі мәтіндер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, түсіну дәрежесіне сай, тақырыбы 
сауат ашу сабағына сәйкес, мазмұны қарапайым, сөздік құрылымы оқушының даму, қабылдау дәрежесіне 
лайықты алынған. Мысалы: «Өзім туралы», «Менің мектебім», «Менің отбасым және достарым», «Бізді 
қоршаған әлем», «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыптарға бөлінген сабақтардың 
әрқайсысына арналған үнтаспа материалдары бар. 
Тыңдалым (мәтінмен жұмыс) арқылы оқушылар: 

мәтін мазмұнын өз бетінше әңгімелеп бере алады 

мәтіндегі идеяны, басты ойды ажыратады 

мәтін мамұнын бұзбай, бірінен кейін бірі жалғастырып, әңгімелеп бере алады 

берілген ақпаратты толықтырады немесе өз бетінше дамытады 

ұқсас мәтін құрайды 

мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді 

мәтіндегі сөздерді, тіркестерді орынды пайдаланады 

мәтіндегі кейбір сөздердің жазылуын, орфографиялық нормаларды сақтайды, сөздердің 
құрылымын біледі 

мәтінде көтерілген мәселеге рефлексия жасай алады 
Сауат ашудан кейінгі кезеңде мәтінмен жұмыс оқушының ауызша, жазбаша шығармашылық 
жұмысымен жалғасады. 
Сауат ашу кезеңінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым тапсырмалары шартты белгілермен 
берілсе де, тәжірибелі мұғалімдер бұл төрт құзіреттілікті тұлға қалыптастыруда кешенді, байланыстыра 
пайдаланып жүр. 
Оқылымда тек мұғалім ғана дұрыс оқудың үлгісін көрсетіп қоймай, мектепалды дайындықпен келген, 
мәнерлеп оқи алатын дәрежеге жеткен дарынды оқушылардың да еңбегін пайдаланады. Мұндай 
балалармен әліппеге дейінгі кезеңде, (30 сағат, 5 апта) одан кейінгі әліппе кезеңінде де дербес, бөлек 
шығармашылық топ құрып, дамытатын тапсырмалар беру керек.Таптаурынды сабақ дарынды 
балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді, таным белсенділігін әлсіретеді. Сондықтан 1-
сыныптан бастап дарынды балаларға арналған сыныптың кітапхана қорын құру, кітап алмасуды 
ұйымдастырып, балалар әдебиеті жауһарларын қосымша материал ретінде пайдалансақ, ұтылмаймыз. 
Оқылым кезінде екпін, дауыс ырғағы, темп, логикалық екпін, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 
оқылуы (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты), сөйлемдер арасындағы үзілісті сақтау сияқты т.б. 
акустикалық ережелерді 1-сыныптан бастап үйретеміз. 
Кез-келген мәтін оқушының сөйлесім, тілдесім әрекетін туғызуға деген қызығушылығын оятады, жаңа 
мотивация тудырады. Мәтінді оқуда оқылым мен тыңдалымның байланысы жүзеге асады: мұғалім 
оқиды, оқушылар тыңдайды, оқушылар бір-біріне оқиды, жеке оқушы оқиды, топпен оқиды, қалғаны 
тыңдайды, осылайша тікелей тыңдалым оқылыммен байланыста жүзеге асады. 


143 
Оқылымда мәтіннің мазмұнына лайық қолданылған оқушының мимикасы (ишараты), дауыс екпінін 
дұрыс таңдауы мәтінді терең түсінгенін көрсетеді.
Айтылым – оқушының айтар ойын жеткізе білуге сөйлесуге, тілдесуге алып келеді. Сөйлесім әрекеті 
адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде қабылданады.
Сауат ашудың екінші бөлімінде сөйлесім әрекеттері дами түсіп, оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, 
тілдік нормаларды дұрыс қолдануға баулимыз. Мәтінмен жұмыс түрлері – бұл кезеңде тілдік белсенді 
орта құруға негіз болады.
Жаңартылған білім мазмұнына сай бастауыш сыныптардың медиа кабинеттермен, интерактивті 
тақталармен қамтамасыз етілуі, оған қоса мұғалімдердің көмекші құралдар пайдалануы (сурет, таблица 
т.б.) – тыңдалым арқылы сөйлесімнің басқа да әрекеттерін (айтылым, оқылым, жазылым) байланыстыра 
жүргізуге ықпал етеді. 
Айтылым (сөйлеу) әрекетінде оқушылар өз ойын басқа адамға айтуға, басқа адамдардан сұрауға, 
жауап алуға уйренеді, олардың айтылым арқылы жеткізген ойларына өзіндік бағдар жасап, жауап береді. 
Сауат ашу кезеңінде мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасында өтетін ауызша диалогтар, пікірлесу, 
ақпарат алмасу жүзеге асады. Сөйлесім әрекетінің – айтылым түрі бүкіл сабақ құрылымында жүреді, 
берілген оқу материалы (мәтін, әдебиет жанры) оның негізгі құралы болып табылады. 
Жазылымда 1- сынып оқушылары әліппеге дейінгі кезеңде түрлі графикалық кескіндерді, әріп 
элементтерін жазып, қолдың, саусақтың қимыл белсенділігін дамытып, жеке әріпті, сөз, сөйлемді жазуға 
дайындалады. 
Әліппе кезеңінің өзінде-ақ оқушылар орфографиялық, қарапайым пунктуациялық сауаттылыққа 
үйрене бастайды. Сөйлемнің бас әріппен басталып жазылуы, бас әріппен жазылатын сөздер, сөйлем 
соңында қойылатын тыныс белгісі, сөйлем ішіндегі әрбір сөздің бөлек жазылуы т.б. ережелерді сақтап 
үйренеді.
1 – 
сыныпта дыбыс-әріп диктанты, сөз, сөйлем диктанты алынып, оқушылар қатесіз жазуға үйренеді. 
Көркем жазу ережелері оқушыларды 1- сыныптан бастап каллиграфиялық мәдениетке үйретеді. Қөркем 
жазу сауат ашу кезеңінен басталып, оқу жылының соңына дейін жалғасады. 
Жазылым кезеңінде оқушылар жазу ережесін сақтап, әріп элементінен-әріпке, әріптен-сөзге, сөзден-
сөйлем жазуға дейінгі шеберліктен өтеді. Оқу жылы соңында тәжірибелі мұғалімдердің жазу қарқынын 
жеделдету,тұтас сыныптың біркелкі ритмикалық дағдысын қалыптастыруға жеткенін байқап жүрміз. 
Қорыта келгенде, ғалым-әдіскер, профессор Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынасты дамытуға ұсынған 
төрт модульдік әдістемесінің сауат ашу кезеңінде тиімді қолданылып, 1-сынып оқушыларының осы 
құзыреттілікке жетуіне мол мүмкіндік беріп отырғаны - жаңартылған білім беру әдістемесінің негізгі 
бағыттарының бірі екенін дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет