140
мемлекеттік тілде сөйлесуі немесе кез-келген әрекетті жүзеге асыруы керек. Тиісінше, қазақ тілін
үйренуге
деген қажеттілік артып, қызығушылық өсе түсуде. Осыған байланысты қазақ тілін оқыту
барысында жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдану мәселесі туындады.
Ал бұл мәселені шешуде ғалым, әдіскер-ұстаз Ф.Оразбаева ұсынған 6 деңгейлік оқу кешенінің
атқаратын рөлі зор екендігін басымдықпен айтқым келеді.
Оқулықта еуропалық деңгейдің стандартына сәйкестендірілген, күнделікті
қоғамдық, әлеуметтік,
мәдени сфераларға қатысты тақырыптарды қамтитын, тілді коммуникативтік тұрғыдан үйретуге
бағытталған сабақтардың жүйелі жиынтығы қамтылған. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар үнемі
өзгеріп отыратындығы белгілі. Сол себепті тіл үйренушілердің мәдени тәжірибе жинақталуына және
үйреніп отырған тіл мен мен оның тасымалдаушылары туралы жеке білімін кеңейту арқылы жаңа
жағдайларға бейімделу мәселесі өте өзекті болуда. Осыған байланысты көтерер жүгі ауыр 6 деңгейден
тұратын кешенді оқулыққа түсер салмақтың да орны зор.
Достарыңызбен бөлісу: