Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет157/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   181
1 2019

біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым – тілдік 
тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген: лингвистикалық, психологиялық, 
физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей 
қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет. 
Жазылым, біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл 
графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым 
құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам 
сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, 
жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге 
асырады. 
Ғалымдардың қалыптасқан пікір бойынша, жазылым үш бөліктен құралады: 
а) себеп-салдарлық; ә) аналитикалық-синтетикалық; б) орындалымдық. Ф.Ш. Оразбаеваның 
пікірінше, жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көпсалалы болады: 

қажеттіліктен пайда болатын себеп; 

себептің ойда, санада бейнеленуі; 

ойдың сөз арқылы тізбектелуі; 

сөздің графикалық әріптермен таңбалануы; 

жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі [3]. 
Бастауыш сынып оқушыларының функциональдық сауаттылығын жазылым әрекеті арқылы 
қалыптастырудың ғылыми негізі А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады. А. Байтұрсынұлы – 
бастауыш мектеп оқушыларының сауатын ашуда қолданылатын түрлі әдістерді саралап, олардың 
пайдалану жолдарын көрсетеді: «Әдіс – керектіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы 
жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне 
қолайлы болған әдіс, екінші жұрттың да сауаттану ісіне қолайлы болуға тиіс деп айтуға болмайды. 
Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы 
болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы 
болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды». Ғалымның пікірі әлі күнге 
дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Бүгінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңа инновациялық 
технологияларды жаппай енгізгенімен, барлығы бірдей қазақ балаларының ұлттық ерекшелігіне сай 
келмеуі мүмкін. Сондықтан оқыту үдерісінде әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану ісі аса білімділікті талап 
етеді. Ғалымның «Жазу-оқу» әдісі оқушыларға оқуды жазу арқылы үйретуге баса назар аудартады. Ғалым 
бұл жөнінде былай пайымдаған: «Былай деп біреулер жазу мен оқу қабат үйретуді айтады, біреулер 
оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Әдістің затына соңғы мағынада айтулары дұрыс келеді. Өйткені бұл 
әдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс» [4]. 
Бастауыш сынып оқушыларының жазылым әрекетін дамыту жөнінде ғалым Ғ. Бегалиев «Бастауыш 
мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген еңбегінде жазбаша сөйлеуге үйретуді қалай 


213 
ұйымдастыру керектігіне: «бұл жөнінде қойылатын бірінші мақсат бір оқиға, құбылыс, я зат туралы өз 
ойын айтып (яки жазып) білдіруге дағдыландыру керек» деп жазады. Сондай-ақ, оқушыларды жазылым 
әрекетіне үйретудің мынадай түрлерін ұсынады: 

тақырыбы белгіленіп, басы басталған шығарманы аяқтау; 

аяғы ғана айтылған шығарманы толықтырып жазу; 

сурет бойынша шығарма жазу; 

табиғат құбылыстарын байқау нәтижесінде шығарма; 

жазу қателерін оқушылардың өздеріне түзеттіру; 

көрген-білгені туралы шығарма. Бастауыш сыныпта тіл дамыту әдістемесінің негізін салған 
әдіскер ғалым С. Рахметованың, мектепте сауат ашудың әдістемесін зерттеген М. Жұбанованың
лексиканы оқыту бойынша Г. Уәйісованың, сауат ашу кезеңінде тілді дамыту қарастырған Ә.Е. 
Жұмабаеваның, шығармашылық арқылы тіл дамытуды зерттеген Б. Қабатайдың, сөйлеу дағдыларын 
оқыту жолдарын зерттеген Ф. Оразбаева мен Р. Рахметованың ғылыми еңбектері бастауыш сынып 
оқушыларының жазылым дағдыларын дамытудың әдістемелік негіздерін анықтауға, зерттеуге қажетті 
теориялық білімді іріктеуде негізге алынады. 
Бүгінде бастауышта қазақ тілін оқытудың жаңартылған мазмұнында мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі 
жолдары көрсетілген. Бастауышта қазақ тілін оқыту мақсат-міндеттеріне сай сауатты жазылым дағдысын 
қалыптастыру үшін бірнеше жазба жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс. Мұндай жазба жұмыстарына 
жататындар:1. Жазбаша жаттығулар. 2. Қысқа мәтіндер. 3. Жазбаша бақылау жұмыстары. 4. Диктанттың 
түрлері. 5. Жазбаша ойындар.6. Іс-қағаздар үлгілері. 7. Мазмұндама. 8. Сөздікпен жұмыс. 9. Шығарма. 
Бұл жазба жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, оларға қойылатын 
заңдылықтар мен ұстанымдарды басшылыққа алады. Педагогикада дидактикалық ұстанымдардың 
ғылымилық, жүйелілік, бірізділік, теорияның практикамен байланысы, пәнаралық, қызығушылықты ояту, 
көрнекілік т.б. түрлері қолданылатыны белгілі. Аталған дидактикалық ұстанымдар әрбір баланың жеке 
тұлғалық қасиетінің дамуына жағдай жасап, қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Сауат ашуда мәтінмен жүргізілетін жазба жұмыстары мынадай жазылым әрекеттерін қамтиды және 
жазылым дағдыларын дамытуда төмендегідей оқу мақсаттарын басшылыққа алады: дыбыс пен әріпті 
тану және ажырату; жоспар құру, оқыған, тыңдаған материалдың мазмұнын жазу; мәтінді түрлі формада 
құрастыру; түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу; қатені табу және түзету; каллиграфиялық
графикалық нормаларды сақтау; орфографиялық нормаларды сақтау; грамматикалық нормаларды сақтау 
[5]. 
Оқушылардың жазылым әрекетін дамыту нәтижесі тапсырмалардағы мәтіннің тақырып мазмұны мен 
оны орындаудың тәсілдеріне байланысты көрінеді. Мәселен, «Сөз ойыны». Ойынның мақсаты: 
Оқушылардың сөздік қорларын арттыру. Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз 
жасап шығару. 
Балаға да, 
Ағаға да – 
Пайдасы мол аңдағанға. 
Қызықты бұл ойын түрі, 
Қызықтайық біз де мұны. 
Бұрын ойнап көріп пе едің? 
Жеке бір сөз әріптерін 
Алды – артына таратамыз, 
Жаңа сөзге жаратамыз: 
«Балмұздақтан» пәлен сөзді, 
«Тоқылдақтан» түген сөзді, 
«Оспақшылдан» он бес сөзді, 
«Жүзтаныстан» жүз бес сөзді, 
Құрастырып, тіл ұштаймыз, 
Сөз ойынын қызықтаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет