Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет165/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   181
1 2019

Оқылым алды 
Оқылым кезінде 
Оқылымнан кейін 
«Осы мәтінде кездестіремін деп 
ойлайтын 5 сөзді атаңыз» 
«Тақырыпты 
оқығанда 
не 
туралы ойладыңыз?» 
«Бірінші 
абзацты 
5 
сөзбен 
қорытындылаңыз» «Тірек сөздерді 
бөліп көрсетіңіз» 
«Оқиғаны 
басқа 
кейіпкер 
тұрғысынан 
1 
сөйлеммен 
қорытындылаңыз» 
«... 
туралы сіздің пікіріңіз 
қандай?» 
Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық мәдениетінің бай мұралары этномәдени 
мәтіндер арқылы балалардың бойына сіңірілуі тиіс. Сонда олардың танымдық қабілеті қалаптасатын 
болады. Әрине, қабілеттік бірден қалыптаспайды, ол үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. 
Демек оқылым әрекетін ұйымдастыруда аталған тұжырымды есте ұстауымыз керек.
Сабақ үрдісін ұйымдастыруда және жоспарлауда мұғалім оқу бағдарламасында белгіленген оқу 
мақсаттарын айқындап, сол мақсатқа жету жолында тапсырмалар құрастырады. Осы мақсатта 
этномәдени мәтіндерді оқылым әрекеті арқылы игертуде 7 сыныптың «Қазақ тілі» пәнінің оқу 
бағдарламасында оқылым әрекетінің бірнеше мақсаттары бекітілген:
7.2.1.1 
мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты 
интерпретациялау; 7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерінде қолданылған тілдік 
құралдар арқылы тану; 7.2.3.1 хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін 
ажырату; 
7.2.4.1 
идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы
құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 7.2.5.1 мәтін бойынша 
проблемалық сұрақтар құрастыру; 7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп 
оқу, зерттеп оқу; 7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді 
қолдану, авторына сілтеме жасау [5] 
Мұғалім оқылым әрекеті бойынша мақсатты таңдап, сол мақсатқа сай тапсырма құрастырады. 
Мәселен, «7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу» 
мақсатына жету үшін 7-сынып оқулығында ұсынылған «Көшпенділер мәдениеті» тарауындағы мәтінді 
«Сканер» әдісін пайдалану арқылы меңгертуге болады. Мысалы:
Ғұндар сақтардың киім кию мәдениетін сақтап қалған. Шошақ баскиімдер, асқан шеберлікпен 
сәнделген сырт киімдер, сырылып тігілген жейделер, лақтың, құлынның терілерінен тігілген шалбарлар, 
былғары етіктер сапасы жоғары маталардан тігілген.
Түркі қағанаты Иран, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық байланыстарын жүргізді. Жетісу, 
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саудаға еркін араласа бастады. Ол кезде қағанат жеріндегі 
адамдар жібектен тігілген киім киген.
 
Орта ғасырда Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сырткиім үлгілері 
Орхон-Енисей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған [6] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет