Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет155/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   181
1 2019

айтылым, оқылым, жазылым, тілдесімді енгізді. Тіпті қазіргі білім беру үдерісіне жаңартылған білім 
беру бағдарламасының енгізілуіне байланысты аталған терминдерді тек тілші-ғалымдар, пән мұғалімдері 
ғана емес, сонымен бірге мектеп оқушылары да жетік білетін болды. Өйткені, олар «Қазақ тілі» пәнінде 
сабақ барысында өздерінің барлық іс-әрекеттерін осы дағдыларға сай орындайды. Ал өз еңбегінде ғалым 
бұл терминдердің осылай аталуын былайша түсіндіреді: «Шетел және орыс тілдерінде қолданылған 
жоғарыда атап өтілген терминдер: «говорение» – «сөйлеу», «аудирование» – «аудиолық», «чтение» – 
«оқу», «письмо» – «жазу» деген сияқты әр түрлі сөздермен айтылып жүр. Біз бұл ғылыми ұғымдарды 
қазақша бірыңғай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санаймыз. 
Өйткені, олар біріншіден, тілдік қатынастың басты ерекшеліктеріне сәйкес келеді; екіншіден, олар – қазақ 
тілінің сөздік қорына тән, қолданыста өзіндік орындары бар түбір сөздер. Үшіншіден, олар зерттеу 
мәселемізге сай, теориялық және әдістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді; төртіншіден, әрқайсысы әр 
түрлі емес, қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне сәйкес бір ізбен жасала келіп, біртұтас қатысымдық қызмет 
атқарады» [4]. Сөздік қорымызға осы терминдерді енгізу арқылы ғалым өзінің қазақ тілінің сөзжасамдық 
қызметін жетік білетіндігін, Алаш зиялыларының термин жасаудағы қағидаттарын ұстанатындығын тағы 
да бір дәлелдегендей болды. 
Ұстаз ретінде Фаузия апай – сәт сайын жаңғырып отырған заман талабын тап басып танитын 
жаңашыл жан. Ол кісінің ұғымындағы білім беру үрдісі – ескі мен жаңа, кешегі мен бүгінгі астасып 
жатқан күрделі құбылыс. Осы тұрғыдан алғанда, әдіскердің ғылыми-әдістемелік еңбектері мен 
зерттеулерінің дені әдістеме ғылымына зор үлес қосты деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені, 
Ф.Ш.Оразбаева – қазіргі әдістеме ғылымында оқу-әдістемелік кешендердің, республикалық жаңа буын 
оқулықтары мен оқу құралдарының, мемлекеттік стандарттар мен білім беру бағдарламаларының
қатысымдық әдіс бойынша жазылған ғылыми-әдістемелік еңбектер мен зерттеулердің авторы. Солардың 
ішінде әдіскер-ғалымның қазақ тілін оқып-үйренуге арналған 6-деңгейлік оқу-әдістемелік кешенін 
ерекше атап өтуге болады. Фаузия апай өзіне дейінгі қазақ тілін оқытудағы үш деңгейлік (бастапқы, орта, 
жалғастырушы) стереотипті бұзып, әдістемеде алғашқылардың бірі боп тілді меңгертудің 6-деңгейлік 
(қарапайым, негізгі (базалық), орта, ортадан жоғары, жоғары, жетік) жүйесін жасады. Бұл «оқу-
әдістемелік кешен негізінен Қазақстан Республикасының көпұлттық сипаты мен өзіндік ерекшелігіне сай 
және тілдік білімді бағалаудың халықаралық, Европалық стандарттары негізінде, сонымен қатар TOEFL, 
DALF/DELF, ALTE IELTS 
сияқты бағалау жүйелерін ескере отырып, Қазақстанда тұңғыш рет әзірленді» 
[5, 136]. 
Осы еңбегі арқылы ғалым-әдіскер сонау ХҮІІ ғасырдағы «Ұлы дидактикасында» тұжырымдап 
кеткен Ян Амос Каменскийдің «дидактика машинасындағы» «қатаң мақсат», «мақсатқа жетуге қажетті 
құралдар» мен «осы құралдарды қолданудың қатаң ережелерін» [6] бүгінгі күнгі еліміздегі білім беру 
талаптарына сай оңтайландырып, тілді оқытудың бағдарламасын түзуде сәтті қолданды. Фаузия 
Шамсиқызының қазақ тілін басқа ұлт мектептерінде деңгейлеп оқыту бойынша жасаған бағдарламасы 
әдіскер-ғалымдар мен мектеп мұғалімдері, сондай-ақ ата-аналар тарапынан қызу қолдау тапты. Осы 
деңгейлеп оқыту бағдарламасымен білім алған шығыс және солтүстік аймақтардағы орыстілді мектеп 
оқушыларының тіл үйрену деңгейі мен тілді қолдану сапасының қысқамерзім ішінде артқанын сол өңірде 
азды-көпті сараптама жүргізген пән мұғалімдері жарыса айтып жүр. 
Жалпы Фаузия апай – «келер күннің келбетін бүгін анықтау керек» деген принципті ұстанған ғалым. 
Бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім беруге арнаған ұстаз уақыт құндылығын тиімді пайдалануды
рационалистік қызметтің сапасын арттыруды, прагматизмді ұлттық қасиет ретінде қалыптастыруды 
ұсынады. Ол адамның қоғамдық тіршілігінің озық көрсеткіші саналатын осы категорияларды өз алдына 
жіктеп, бөліп зерттемесе де, бұлар оның ғылыми еңбектері мен танымдық-публицистикалық 
жазбаларында айқын көрініс тапқан. Ғалым – өзі терең білетін тіл білімі мен тілді оқыту әдістемесі 
аясында ғана шектеліп қалып қалмай, қоғамдық әлеуметтік құбылыстарға да жіті көңіл бөлетін, кең 
масштабты ойлау қабілетін практикалық тұрғыда іске асырып жүрген тұлға. Оған мысал ретінде әр 


210 
жылдары қоғамда өзекті болған мәселелерге қатысты жазылған мақалаларын алуға болады. Мәселен, 
«Жаһандану және қазақ тілі», «Мектеп – ұлтты, ұлысты тәрбиелеу кепілі», «Тіл мен рух», т.б [1]. 
Білім беру саласында ертеден белгілі «Нені оқыту керек?» және «Қалай оқыту керек?» деген үлкен 
проблема бар. Көп жағдайда «нені оқытумен» айналысатындар теорияның қатаң постулаттарының 
шеңберінен шықпай, ал «қалай оқытуды» қарастыратындар жоғарыда айтып өткен мақсат-құралдардың 
аясынан аспай жатады. Ал, Фаузия Шамсиқызының ғылыми-әдістемелік еңбектерімен танысқан, ол 
кісіден тәлім алған шәкірттер апайдың «нені оқыту» мен «қалай оқыту керектігін» шебер жымдастырып, 
тілді оқыту әдістемесін ғылыми негіздеп, «мақсат-құрал-ереженің» бірізді сапалы жүйесін жасағанын 
анық көреді. Кезінде дүниенің төрт бұрышын бағындырған ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын былай 
деген екен: «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден 
өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» [2]. Иә, біз Ф.Ш.Оразбаеваның тікелей шәкірті болмасақ та, 
студент болып тіл мен әдістеме ғылымына байланысты пайымды дәрістерін тыңдамасақ та, ол кісіні 
өзімізге ұстаз санаймыз. Себебі, біздің сүйікті апайымыз өзінің зор талғамы мен мәдениеті, тектілігі мен 
әдебі арқылы бізге өмірді тануды, жанында жүрген ізгі адамдармен тілдік қарым-қатынас жасауды, 
уақытты бағалауды, өз бойындағы ғылыми әлеуетті тиімді де толық пайдалануды үйретті, сонымен бірге 
бүтіндей ұжымды басқарған сындарлы саясаты арқылы қол астындағылармен қарым-қатынас жасаудың 
мәдениетін көрсетіп, ұстаздық келбетіміздің кескін-келбетінің қалыптасуына әсер етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет