56
көзге шалынады. Әрқайсысы жеке-жеке зерттеуге сұранып тұрған, философия, логикамен ұштасып
жатқан ұғымдардың сырын тілмен жеткізу оңай емес. Сондықтан автор сөйлеу тілін бөліп алып, оның
ауызекі
сөйлеу тілі емес, «адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі,
адамның тілдік қатынас құралы» ретінде қарастыратынын, Ф.Оразбаева еңбектерінде сөйлесім тілі деген
тіркесті ерешелеп, «сөйлеу» деген сөздің тек адамзатқа тән екенін, аталмыш тіркестің адамның ойын
жарыққа шығару қасиетін білдіретіндіктен, ерекше бөле-жара атайтынын ғылыми тұрғыдан уәждейді,
түсіндіреді. Профессор еңбектерінде тілдік қатынастың тілдік және тілсіз түрлері туралы,
олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтары жөнінде көптеген ғылыми тұжырымдарға орын берілген. Тілдік
қатынастың күрделілігі автордың тілдік қатынас құрамын мынадай термин-ұғымдардан құралатынын
көрсетуінен байқалады:
баяншы, бірліктер, қабылдаушы.
Баяншы ойын бірліктер арқылы айтып, қабылдаушыға жеткізгенге дейін адам ойы мен ойы арқылы
жететін хабар санада дайындық кезеңінен өтуге тиіс, ол кезең: хабардың пайда болуы, хабардың сыртқа
шығуы, хабардың жеткізілуі, хабардың қабылдануы, хабардың жауабы деген этаптардан өтеді. Ал тілдік
қатынастың дыбыс арқылы жетуі мен әріп арқылы жетуіне қарай оның ауызша және жазбаша тілдік
қатынастар түрі болатыны, оларға тән әдіс-тәсілдер кешені жөніндегі пікірлері тереңнен терілетін маржан
тәріздес, ал ойлары бір-бірімен қиюласып, «арасынан қыл өтпейтіндей» тізілген. Ойлау мен сөйлеудің
бірлігінен тұратын тілдік қатынастың қызмет түрлерін (қатысымдық, байланыстырушылық,
экспрессивтік) ажыратып беру кезінде, ғалым «тілдік бірлік пен қатысымдық бірліктің» бір еместігін,
олардың ең басты айырмашылығы атқаратын қызметі мен қолданылу өрісіне байланысты екенін»
дәлелдеп, көрсетеді. Қатысымдық бірліктердің
тұтас ойды білдіруі, бірбүтін тұтас мазмұндық қасиеті
болуы, сөйлесім әрекетіне тән, ойлау мен пайымдау арқылы хабарды қабылдайтын бірліктер болуы
сияқты бірнеше қасиеттерін ашу барысындағы ізденістері – пайым парасатымен әдіптелген. Тілдік
қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық бірліктерге: сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем
және мәтінді жатқызады. Қатысымдық бірліктерді осылайша сатылай көрсету арқылы зерттеуші қазіргі
кездегі ең жоғарғы тілдік бірліктердің біріне жатқызылып жүрген мәтінге де тоқталып өтеді.
Зерттеу нысаны болып отырған тілдік қатынастың ғылыми негізі болуы тиіс. Сондықтан жеке зерттеу
саласы болғандықтан, оның өзге ғылым салаларымен байланысы анықталып-ашылуы керек. Тілдік
қатынастың педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық негіздеріне автор мақсатты түрде
тоқталады. Сонымен бірге «Тіл мен ойлау», «Тіл мен сөйлесім», «Тіл және таңба», «Тілдік қатынас және
таным» деген тарау тақырыптарының бәрі де тілдік қатынасты жан-жақты тану мен танытуға арналған.
Автор сөйлесім әрекетін төрт түрге бөледі
: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну. Осы
әрекеттерден тікелей
туындайтын сөйлесім
оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деген бес бөліктен тұратыны
да қазақ тіл білімі мен педагогикасында осы монографияда айтылған. Әрбір түрді іштей жіктеліске түсіру
де логикалық жолмен, жүйемен іске асырылған. Бірақ бұл бес түрдің маңызы ойда пайда болып, сана
түзілісінен өтіп, ауыздан шыққан ақпараттың ақпаратты қабылдаушыға дұрыс жетуіне байланысты:
«сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған,
баяндалған ойды түсінуге негізделеді». Автордың бұл тұжырымы адамзаттың тілдік қатынасының
астарында бірін-бірі ұғу, түсіну жатқан тілдік қатынастың түпкі мақсатын ашуында жатыр.
Тілдік қатынастың қыры көп, практикалық маңызы зор, әсіресе, ғылыми негзіделген тілдік қатынас
теориясын жете меңгерген мұғалім әдісқой болуы керек, тілді үйретуде
осы әдістемелік ұғымдарды
жөнімен пайдаланып, тілді үйретудің жинақтық әдісін, тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармауы
керек. Бір сөзбен айтқанда, ЖОО оқытушы мен орта мектеп ұстазы үшін бұл еңбектің теориялық
құндылығы мен практикалық маңызы бары ақиқат. Бүгінгі қазақ тілін оқытуға байланысты ізденістерге
жол ашылып, әдістемелік инновациялық жолдар қарастырылып жатқан заманда, бұл еңбектердің маңызы
одан сайын артып отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Ғалым еңбектерінің өзіне тартып, қызықтыратын тұстарының біріне оқылымның түрлері туралы
талдауларын жатқызуға болады. Зерттеуші оқылымның
зерделік оқылым, ізденімдік оқылым,
Достарыңызбен бөлісу: