54
Қазақ тіліндегі сын есім синонимдерге арналған
еңбек жөніндегі қысқаша, әрі үзік ойлар осы
зерттеудің авторы, белгілі ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент мүшесі
Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның мерейлі жасына байланысты қалам ұшына оралды. Баршаның ұстазы
–
академик Рәбиға Сыздық бірде «ғылымның ішінде жүргендер де бар, ғылымды жасап жүргендер де
бар» деген еді. Тілші қауым бас қосқан бір жиында атақты педагог Халима Ермаханованың «Рәбиға
Сыздық – туабітті лингвист» деген сөзі есте қалды. Осындай ұлағатты пікірлерді Фаузия Оразбаеваға
қатысты да айтуға болар еді.
Фаузия Шәмсиқызы – қазақ тілтанымының дамуына да, зерттелуіне де, жаңа бағыт-идеялармен
толығуына да елеулі үлес қосып, тіл ғылымындағы қазіргі замандастардың алдында оқ бойы озық келе
жатқан білікті зерттеуші.
Осы еңбекпен танысқаннан кейін академик Ә. Қайдар «шәкірттің осыншама уақыт ғылым алдындағы
адалдығынан жаңылмай, өз шындығы мен өз ақиқатының алдында адал еңбек етіп, ғылым үшін күресе
білгеніне сүйсіндім» депті. Хатқа түскен, сөзтаным мен сөз өрнегіне, тілді оқытуға қатысты тың, әрі аса
ғылыми тұжырымдарын ғалымның сөз мәдениетінің биік үлгісін көрсетуі, қазақ сөзінің барша астарлы
сырларын жетік білетіндігі, шаршы топ алдындағы сөз әдебі мен сөз ырғағы, әдістемелік шеберлігі, өз
ісіне деген шынайы берілгендігі одан әрі айшықтай түседі. Өйткені ол – туабітті лингвист-педагог.
Ұстаздар бағасынан артық баға жоқ. Зор құрметпен, жылы лебізбен қосарымыз – дәл осындай жан-жақты,
ісі ерлікке тең маманға алдыңғы
лектегі аға буын шексіз риза, қатарлас үзеңгілестері мақтан тұтады,
кейінгі жас буын ғалым-ұстазға қарап бой түзейді, қалың жұртшылық бергенінен берері мол қазақ қызы
барда Тіл деген қасиетті тұғырдың іргесінің бекем боларына кәміл сенеді.
Достарыңызбен бөлісу: