95
5.
Ф.Оразбаева. Ой өрнегі – сөз. Ғылыми монографиялар. 1 том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019. – 516.
6.
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру //
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан.
ҒЫЛЫМНАН БАҚЫТЫН ТАПҚАН ҒАЛЫМ
Сатбекова А.А.
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі
ҚазҰҚПУ, Алматы
satbekova@mail.ru
Қазақта «тектілік» деген жақсы сөз бар. Бұл киелі қасиет тамыры тереңнен бастау алатын құнарлы
топырақтан даритыны белгілі. Бұл – адамның байлығымен, дәрежесімен, дүниесімен өлшенбейтін, өмір
сүру үрдісі де ешкімге ұқсамайтын, сырбаз адамдарға тән қасиет. Қарапайым өмір сүргенімен, ондай
адамдар – пенделік ұсақтықтан аулақ, тірліктегі кәкір-шүкірге бас қатырмайтын, дүнияуи мәселелерге
алтын уақытын рәсуа етпейтін дегдар адамдар. Олар айналасындағы адамдарға қамқор келеді, таза
жүреді, сырбаз сөйлейді. Бұл – кірпияздық кеуде
керген тәкаппарлықтан өзгеше, парасаттылықпен
ұштасып жатқан рухы биік, жаны таза жандарда болатын қасиет. Бұл жердегі тазалық та – ар
тазалығымен ұштасып жатқан әділдік пен туралықтың көрінісі. Сырбаздық, салиқалы сөз, берік ұстаным,
жайлылықтың ар жағында парасат пайымы жоғары талғампаз тұлға өресі бар. Міне, мен ұстазым
Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы туралы ойлағанда, ең алдымен, санама оралатын ойлар осылар.
Ұстаз – ардақты ат. Ондай қасиетті есімді арқалап жүрген адам қоғам алдындағы жауапкершілігін,
ұрпақ алдындағы борышын көбірек уайымдап, ертеңгі күні ел алдындағы абыройына кір келтірмеуді
ойлайды. Ондай жандар қиын да болса, қымбат жол – туралықтың, шындықтың жолын таңдайды.
Осындай ұстаныммен жүрген ұстазды қоғам қайраткері, ұлт жанашыры деуге болатын тұлға деуге толық
болады. Қыруар қызмет атқарып, сыпайы мінезімен тиянақты зерттеулер жазып, талмай еңбек етіп келе
жатқан зерделі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі –
Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы. Ол – Қазақстан ғылымына зор үлес қосқан теоретик, әдіскер ғалым, есімі
мақтанышпен айтылатын, өмірі өнеге толы ұлағатты ұстаз.
Профессор Ф.Ш.Оразбаева мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биікке
көтеруге аянбай атсалысып
келеді. Ғалым – оқу-әдістемелік кешендердің және республикалық жаңа буын оқулықтарының, орта
мектеп пен ЖОО арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының, мемлекеттік стандарттардың, бағдарламалардың,
ғылыми еңбектердің; қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесіне арналған оқулықтар мен оқу
құралдардың, бағдарламалардың, тілдік коммуникация бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми-теориялық
бағыттағы жүздеген еңбектердің авторы.
Тілші-ғалым 12 жылдыққа арналған жалпы орта білім беретін орыс тілді мектептердің қазақ тілі пәні
бойынша мемлекеттік стандарттар мен типтік бағдарламарын жасаған шығармашылық топтың жетекшісі.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаеваның 400-ге жуық ғылыми-әдістемелік
еңбегі баспадан шыққан екен. Соның ішінде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ
университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарияланған ғалымның шығармашылығына
арналған жинақтан және «Қазақ тіл білімінің мәселелері. Антология» атты құралынан бөлек үстіміздегі
жылы жарық көрген бес томдық еңбегінің маңызы да ерекше. Бұл еңбек ғалым қаламынан әр жылдарда
туған
зерделі зерттеулерінен, қазақ тілін оқытудың көкейкесті мәселелері, осы саладағы көрнекті
тұлғалардың шығармашылық мұралары хақындағы ой-толғамдарынан құралған. Атап айтқанда:
•
Ой өрнегі – сөз. Ғылыми монографиялар. 1-том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019. – 516.
96
•
Тілдік қатынас. Толықтырылған төртінші басылымы. 2-том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019. – 584.
•
Тіл кеңістігі. Мақалалар жинағы. 3-том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019. – 580.
•
Тілтамыр. Лекциялар курсы. 4-том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019. – 472.
•
Деңгейлік қазақ тілі. 5-том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019.
Қазақ тіл білімінде тілдің қатысымдық қызметіне жете көңіл бөліп, алғаш рет арнайы зерттеген ғалым
–
Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы. Фаузия апайдың бұл саладағы басты еңбегі «Тілдік қатынас негіздері»
2005
жылы жарық көрді. Тілдік қатынастың теориялық проблемаларын зерттеуге арналған бұл еңбек –
қазақ тіл біліміндегі алғашқы ізденістердің бірі. Сондықтан бұл мақалада ғалымның осы еңбегіне
толығырақ тоқталуды мақсат тұттық.
«Тілдік қатынас» кітабының алғы сөзінде профессор Ф.Оразбаева: «Қазіргі кезеңде халықаралық
байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Тілдік қатынастың
бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың саяси байланысына жол ашудан көрінеді. Сондықтан
тілдік қатынас бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде әлемдік лингвистикада жаңа ғылыми еңбектердің
шығуына әсер етті. Бұл еңбекте тілдік қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты қағидалары, оны
қолданудың әдіс-тәсілдері қарастырылып, терминдері ғылыми айналымға түсті.
Қазақ тіл білімінде тілдік қатынастың ғылыми айналымға түскен терминдері де толық қалыптасқан
жоқ. «Тілдік қатынас» деген терминнің өзі осы еңбекте алғаш рет қолданылып отыр.
Тілдік қатынас /ТҚ/ - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту,
пікірлесу, т.б.
әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс. Сондықтан тілдік қатынасқа байланысты құбылыстардың
теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс- тәсілдерін
айқындау; сол сияқты қарым – қатынас құралдары мен бірліктерін, олардың қолданылу жолдарын
белгілеу қазір өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы мәселелерді жан-жақты оқыту мен үйрету олардың
ғылымда
өзіндік анықтамасын беруді, тілдік қатынас құбылысын теориялық және әдістемелік жақтан
арнайы зерттеуді қажет етеді»,-деп жазады. [1]
Еңбектің бірінші тарауы «Тілдік қатынастың теориялық негізі» деп аталады. Бұл тарауда тілдік
қатынастың анықтамасы, ерекшеліктері; тілдік қатынастың құрамы,бірліктері; тілдік қатынастың басты
бірлігі- сөз екендігі айтылып, «...сөз мағынаны, ұғымды, сезімді, ойды білдіре келіп,
тілдік қарым-
қатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысымдық бірлік болып табылады», - деген
тұжырым жасалады. Екінші тарау «Тілдік қатынастың ғылыми негіздері» деп аталады да іштей тіл мен
ойлау; тіл мен сөйлесім; тіл және таңба; тілдік қатынас және таным деген бөлімдерден тұрады. Автор тіл
мен таңбаның арақатысын қорытындылай келіп, тілге таңбалық жүйе тұрғысынан мынадай анықтама
береді: « Тіл дегеніміз – қатысымдық қызмет атқаратын тілдік бірліктердің материалдық жамылғыш
арқылы мағыналық қасиетке ие болған таңбалар жүйесі». Еңбектің үшінші тарауы «Тілдік қатынас:
сөйлесім әрекеті және оның түрлері» деп аталады. Әдіскер-ғалым сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп
қарастырады. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Бұлардың барлығы – әдістемелік
ізденіс жолындағы жаңаша терминдер. Төртінші тарау «Тілдік қатынас: әдістемелік теория» деп аталады.
Мұнда тілді оқыту принциптері, терминдерді саралаумен қатар қатысым әдісінің анықтамасы,
ерекшеліктері, қолданылу жолдары кеңінен сөз болады. Сонымен қатар, қазақ тілін жеделдете оқытудың
әдістемелік жақтарының бірнеше бағыттары қамтылады. Бесінші тарау «Тілдік қатынас: қатысым әдісі
арқылы қазақ тілін оқыту» деп аталады. Бұл тарауда қазақша сөйлеу дағдыларды
қалыптастыруға тән
ерекшеліктер; фонетикалық бірліктерді оқыту; лексикалық бірліктерді оқыту және грамматикалық
бірліктерді оқыту жайында кеңінен айтылады. Профессор Ф.Ш.Оразбаева атап көрсеткендей, тіл үйрету
кезінде грамматикалық материалдар жеке-дара бөлінбей, сөздің формасымен, мағынасымен,
қолданысымен қатар оқытылғанда ғана пайдалы болады.
Адамдық пен ар-ождан, әдептілік пен сыпайылық сатылмайтын ең бір асыл қасиет екендігін үнемі
назарда ұстайтын Фаузия апай білім мен адамзаттың игілігіне қызмет етіп жүр. Құрметтеуге лайықты
жандарды жақсылықпен жарылқайтын мінезге бай Ф.Ш.Оразбаева – парасатты да ардақты адам.
Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның білікті кадрлар даярлаудағы және ғылыми-педагогикалық қызметі
мемлекет тарапынан әрдайым жоғары бағаланып отырды. Ғалым 2003 жылы
«Ерен еңбегі үшін»
медалімен, сондай-ақ 2001 жылы
«Тәуелсіздікке он жыл» медальдарымен марапатталған.
Ұстаз
Қазақстанның белгілі ғалымдары қатарына енген: Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының
белгілі ғалым және педагогы (ҚР 2005 ж. №208 бұйрық). Қазақстан Республикасының
Білім беру ісінің
Достарыңызбен бөлісу: