98
Қазақ тіл ғылымында тілді гносеологиялық жақтан да, эпистемологиялық жақтан да зерделеп,
терезесін тең ұстаған бірегей ғалым – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корр.
мүшесі Фаузия Шамсиқызы Оразбаева.
Ф.Ш. Оразбаеваның гносеологиялық зерттеулері адамдардың
сөйлеу арқылы ұғынысу, түсінісу,
қарым-қатынас жасау әрекеттерін теориялық тұрғыдан зерделеуге, ал эпистемологиялық зерттеулері
оның практикалық мәнін айқындауға арналады. Ғалым тілдік қатынастың теориялық мазмұнын білім
беру жүйесіне енгізу арқылы теория
мен практиканы ұштастырып, тілдік қатынас теориясының
әдіснамалық (методологиялық) негізін қалады.
Тек адам танымында орныққан ойлау мен пайымдау, сана мен ми арқылы тілдік қатынастың жүзеге
асатынын дәлелдеген ғалым: «Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол
–
бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу – бір-бірінен
ажырамас жүйелі құбылыстар» екенін айтады [1,74 – 88 б]. Ғалымның ғылыми тұжырымдарын сараласақ,
тілдік қатынасқа тән мынадай ерекшеліктерді көреміз: 1) тілдік қатынас тек адамзатқа тән; 2) тілдік
қатынасқа тіл мен
сананың бірлігі арқау болады; 3) тілдік қатынас қатысымдық бірліктердің үздіксіз
қозғалыстағы қызметі арқылы жүзеге асады; 4) кем дегенде екі байланысшы қатысады (біреуі
хабарлайды, екіншісі қабылдайды); 5) жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет етіп, қоғамның әлеуметтік
қажеттілігін өтейді; 6) адамның қоғамдағы орнын бекітеді; 7) барлық қоғамдық үрдістердің, әлеуметтік
идеялардың жүзеге
асуына әсер етіп, бүкіл қоғамның қалыптасуына қызмет етеді; 8) тілдік қатынас
адамзатпен қатар пайда болған табиғи құбылыс; 9) жалпы адамзатқа тән тәрбиелік жүйені
қалыптастыратын
педагогикалық құбылыс; 10) адамзаттың танымдық қабілетін дамытатын
психологиялық құбылыс.
Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынастың басты белгілеріне жататын осы құбылыстарды сөздің, сөйлемнің,
тұрақты тіркестің, мәтіннің қызметімен байланыстыра отырып, тілдік бірліктердің
коммуникативтік
сапаға ие екенін алғаш рет дәлелдеді. Оны айқындау үшін антропоөзектік ұстанымды басшылыққа алады.
Дәлірек айтқанда, тілдегі адам факторын анықтап, оның сөйлеу актісі теориясында, таным теориясында
алатын орнын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: