оқыту бойынша тұңғыш рет біртұтас жүйеде жасалды». «Тілашар», «Бойтұмар», «Тіл ‒ орда»,
«Алдаспан» деп аталып, «Оқулық», «Лексикалық минимум», «Дидактикалық материал», «Мұғалім
кітабы», «Жұмыс дәптерінен» (қарапайым деңгейге арналған) тұратын, әрқайсысы өз атына сай білім
мазмұнын қамтыған «Қазақ тілі» оқулықтарының атауын ғалым-әдіскер өзі ұсынған болатын. Қазақстан
Республикасының 41 мектебінде апробациядан өткен бұл оқулықтар өзінің тиімділігін бір жылдың
ішінде-ақ дәлелдеп, мұғалімдер мен ата-аналар тарабынан қолдау тапты. Өкінішке орай, жаңартылған
білім беру бағдарламасының енгізілуіне байланысты аталған оқулықтар қолданысқа енбей қалды. Ғалым «Рухымыз, ұғым-танымымыз, халықтық қалыбымыз, ұлттық сипаттарымыз, қысқасы бізді
планетаның өзге жұрттарынан даралап тұратын белгі-нышандарымыздың қай-қайсы да, ең әуелі, осы тіл
дейтін басты құндылығымызға тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз керек» деген қағиданы
ту етіп ұстап, жаһандану заманында бүгінгі ұрпақтың «өз мемлекеттігімізді сақтап қалу дейтін ең іргелі
міндетті арқалап» отырғанын, «алаш көсемдерінің пікір-көзқарастары мен ұстанымдарын «Рухани
жаңғыру» жағдайында еліміздің дамуына, өркендеуіне тірек болатын мәдени-рухани негіз» деп
қабылдаудың қажеттігін үлкен мінберлерден үнемі айтып келеді. «ХХ ғасыр басындағы Алаш
қайраткерлері тіл мәселесін ұлт болашағымен, ұрпақ тәрбиесімен байланыстырып ана тілінің дамуына
ерекше» көңіл бөлгенін есімізге салып, «Қазақ елі секілді үлкен өріске, өркениет айдынына бет алған
мемлекетке Батыс пен Шығыс мәдениетін қатар игеру қалай қажет десек, босағасын жаңа аттап отырған
94
ғасырымызда да мектептің екі үлгісін қатар дамыту тиімді екенін уақыт сұранысы өзі көрсетіп отыр» деп,
«өзгені жатсынбауды», озық әдістемелерді игеріп, қолданысқа енгізу керектігін дәлелдеп келеді.