112
шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болу керек. Ондай білімді адам мәніс білімі мен әдіс
білімін қатар үйренгенде білмек», - деп жазады [1].
Бүгінгінің
тілімен айтсақ, осы жердегі мәніс білім дегені – теориялық білім де, әдіс білімі –
практикалық білім болып шығады.
Сондай-ақ, мәніс білім беруді танымдық (когнитивтік) бағдарлы
оқыту, ал әдіс білім беруді қатысымдық (коммуникативтік) бағдарлы оқыту деп қарастырсақ та
дұрыс
болмақ.
Педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі,
Педагогика ғылымдары
Халықаралық академиясының академигі
Фаузия Оразбаеваның ғылыми еңбектерін саралай келе,
осы А. Байтұрсынұлы айтып кеткен «мәніс білім» мен «әдіс білімді» қатар ұстанғанын айқын
көреміз.
Фаузия Оразбаева 1990 жылдардан бастап тілдік қатынас жайлы зерттеулерін тереңдете
жүргізіп келіп, 1996 жылы «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері
» деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Теоретик-әдіскер ғалымның бұл зерттеуі - қазақ тіл
біліміндегі тілдік қатынас теориясының ғылыми негіздерін қалаумен қатар тұңғыш рет «оқушы
мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін
қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың
жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде
іс жүзіне асыратын»
қатысымдық әдістің әдіснамасын ұсынған еңбек болды [2].
Достарыңызбен бөлісу: