Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет98/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   181
1 2019

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Оразбаева Ф.(2019) . Тілдік қатынас. Толықтырылған төртінші басылымы. 2 том. – Алматы: «Ан 
Арыс», 2019. 
2. 
Borg S. (2015) Teacher cognition and Language education. Research and Practice. Bloomsbury 
Publishing Pic., 2015 
3. 
M. Williams, Robert L. Burden (1997). «Psychology for language Teachers, A social constructivist 
approach», Cambridge University Press, 1997. 
4. 
Richard 
R. 
Extensive 
Reading 
and 
Language 
Learning// 
https://oupeltglobalblog.com/2017/01/11/extensive-reading-and-language-learning/ 
5. 
Julia 
Eka 
Rini. 
M.Pd 
Petra. 
The 
Role 
of 
Reading 
in 
Language 
Learning 
http://www.ibby.org/fileadmin/user_upload/17-Julia_Eka_Rini-
The_Role_of_Reading_in_Language_Learning.pdf 
6. 
Оразбаева Ф.(2019). Деңгейлік қазақ тілі. 5 том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019.
7. 
Оразбаева Ф. (2019). Тіл кеңістігі. Мақалар жинағы. 3 том. – Алматы: «Ан Арыс», 2019. 
8. 
Н.Оразалин. Сөзтұмар// құрастырған Ф. Оразбаева. – Алматы: «Ан Арыс», 2017. 
9. 
Оразбаева Ф. (2017). Сөз – ұлттық мәңгілік тұмары.// Ана тілі - №23 (1385), 8 – 14 маусым, 2017. // 
http://anatili.kazgazeta.kz/wp-content/uploads/2017-23.pdf - 6-7 
беттер. 
 
 
 
АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АМАНАТЫНА АДАЛ ҒАЛЫМ
 
Жұбаева О. 
Филология ғылымдарының докторы,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 
Грамматика бөлімінің меңгерушіcі 
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: 
«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды 
болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – деген 
болатын. Бұл орайда ХХ ғасырдың басындағы алаш арыстарының еңбектері ұлттық кодтың негізі бола 
алады. ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамының рухани тұрғыдан серпіліп, ұлттық сананың оянған кезеңі 
болды. Ұлт қамын ойлаған қазақтың зиялы азаматтары адамзат тарихының көшінен қағаберіс қалып, 
бейқам жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың бірден-бір жолы – 
«өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу» деп біліп, ағартушылық идеясын, 
ұлттық сананы көтеру идеясын ұстанды. Бұл жолда ұлттық мәдениеттің, әсіресе тілдің алар орны ерекше 
болатынын түсінді. Осыған байланысты Әлихан Бөкейхан: «Қазақтың ұлт болып, өркениетті ел қатарлы 
өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, 
әдебиетін өрістету керек», –деп жазды. Ұлттық тілді ұлтты, қоғамды дамытудың құралы ретінде 
пайдаланған А.Байтұрсынұлы оқулықтарын «Тіл – құрал» деп атаған. «Өзіміздің елімізді сақтау үшін 
бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін, ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел 


120 
болуға өзінің тілі мен әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз», – деп жазған 
ғалым атауларды (термин) қазақ тілі негізінде жасап шығарды.
Бүгінгі таңда ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының 
академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Оразбаева – алаш арыстары 
аманаттаған ана тіліміздің құдыретін танытып, қызметін күшейтуде аянбай еңбек етіп келе жатқан 
дарынды ғалым, ұлағатты ұстаз. Профессор: «...Алаш арыстары айтқан елдік пен тәуелсіздікті 
қамтамасыз етер нысандар арасынан бүгінгі дәуір, заман, қоғам ақиқаттарын дәл танып-бағалауға себі 
тиер басты мәселенің бірі де, бірегейі де – тіл мәселесі. Алаш арыстарының қай-қайсысы да тіл 
тағдырына айрықша қарап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен маңызына ерекше назар аударған. 
Олардың тұжырымдарынан «Тіл – ұлттың рухы», «Көшбасшы болудың тірегі – тіл», «Тіл – ұлт 
санасының көрсеткіші», «Тілсіз ұлт жоқ» деген тәрізді тереңнен тартар толғамды ойлар үзігі – соның 
айғағы... Алаш арыстары ел тәуелсіздігі үшін күрес жүргізе отырып, тілді ұлтты сақтаудың басты құралы 
санаған. Олардың тілдің әлеуметтік қызметі мен ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы рөлін қаадап-
қадап айтар пікір-көзқарастарын жадымызға түйіп, көкірегімізге сақтап, басшылыққа алу арқылы біз өмір 
сүру, білім беру, бала тәрбиелеу үдерістерінде алға қойған мақсат-мүддемізге жетеміз», – дей келіп [1, 
76], 
ондаған ғасырлық тарихы бар бай сөз өнерін бағалаған, сөздің ел өміріндегі орнын дәл танып, 
анықтаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан 
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Телжан 
Шонанұлылармен қатар «кәсібі, мамандығы, ортасы бөлек болса да, тілді, өнерді, әдебиетті, тарихты ұлт 
руханиятының негізі, әрі-беріден соң ұлттық мемлекеттің арқауы санаған алаш арыстарын» үлгі етеді.
Профессор Фаузия Оразбаева Ахмет Байтұрсынұлының «Егер де біз «қазақ» деген ұлт болып тұруды 
тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек... Өз 
тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың 
сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де 
жоғалады. «…Өз ұлтына басқа жұртты қосамын» дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» 
деген сөздерін келтіре отырып [1, 79], соңғы жылдары Қазақстанның үздіксіз білім беру жүйесінде 
бастауыш және орта білім беретін салаларда «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің білім 
мазмұнының әлсіреп бара жатқанын айтады әрі оның нақты себептерін атайды: «Бұл, ең әуелі, осы 
пәндерге қатысты беретін білім, білік, дағдылардың байланысын қамтамасыз ететін білім мазмұнының 
деңгейінен, ұсынылатын материалдардың пән мақсатымен үйлеспеуінен, оқыту барысындағы ортақ 
ұстанымның жүзеге аспауынан, білім мазмұнының жүйесіздігінен көрінеді. Бағдарламада берілген 
шығармалардың сынып оқушыларының жасына, сұранысына, олардың психологиялық ой-санасына сай 
келмейтіні жөнінде оқытушылар да, ата-аналар да жиі айтады. Көркем шығармалардан берілетін 
үзінділердің кейбірі баланың қиялына, әдебіне қайшы келсе, енді біреулері мазмұны мен мағынасы 
тарапынан сын көтермейді. Бұл жеткіншек буынның әдебиетке, сөз өнеріне деген ықыласын әлсіретуге 
алып келеді. Ал әдебиет пен сөз өнері – ана тіліне деген құрметтің, сүйіспеншіліктің қайнары ғой! 
Қайнары лайланған бастаудан ұлт тілінің ертеңін іздеу мүмкін бе?!» [1, 81].
Сонымен қатар ғалым орыстілді мектептерде тіл мен әдебиеттің біріктіріліп оқытылып жатқанын 
ескертіп, бұл – «оқушылардың қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне деген ынтасын әлсіретіп, рухани 
құндылықтарды игеруге апаратын негізгі пәндердің білімдік мақсаты мен айырмашылықтарын ажырата 
алмауға, онсыз да тілінен алыстап бара жатқан ұрпақтың әдебиеттен – ұлт үшін ең маңызды рухани 
қазынадан шеттеуіне әкеп соғатынын», соның салдарынан ұлт мәдениеті мен өнеріне, ұлт білімі мен 
тарихына нұқсан келетінін айтады [1, 82]. 
Халел Досмұхамбетұлының «Тіл – ұлттық жаны. Өз тілін білмеген ел ел болмайды» деген сөзін 
басшылыққа ала отырып ғалым: «Өз ана тілін өзі қадірлей алмаған елдің ертеңі күмәнді. Қоғамдық 
қатынаста, еларалық байланыста, адамдардың бірі мен бірінің араласуында өзін өзі еркін сезінбеген, өзге 
тілдердің жетегіне ерген тілдің болашағына сену қиын. Тіл – елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлт 
руханиятының асыл арнасы!» – деп тұжырымдайды [1, 83]. 
Профессор Фаузия Оразбаева – «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудағы олқылықтарды 
айтып қана қоймай, сол олқылықтардың орнын толтыру жолында аянбай еңбектеніп жүрген 
ғалымдарымыздың бірі. Педагог «Қазақстан 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасының» «Өмір бойы оқу» бөлімінде және аталған бағдарламаларды іске асырудың 2011-2015 
жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 178-тармағына сәйкес тілдерді меңгертудің халықаралық 
стандарты негізінде отандық білім беру жүйесінің барлық ерекшелігін ескере отырып жасалған 
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орындарында» мемлекеттік тілді деңгейлік негізде үздіксіз 
оқыту жүйесін құру міндетіне сай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтің 
бұйрығымен жасақталған авторлық топқа басшылық етіп, мемлекеттік тілді үздіксіз білім беру жүйесінде 


121 
оқытудың тұжырымдамасын әзірледі. Құжат 2014 жылдың 26 мамырында ҚР Премьер-министрі К. 
Мәсімовтің төрағалығымен өткен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіретін комиссияның 
отырысында мақұлданған соң Тіл стандарты дайындалып, қазақ тілін деңгейлік оқытудың оқу 
бағдарламасы жетілдірілді.
Ғалым басқарған топ 2014 жылы қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептердің 1-11-сыныптарына 
арналған 67 аталымнан тұратын «Қазақ тілі» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін әзірледі. Деңгейлік 
оқулықтар «ҚР Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» 
негізделіп, тұңғыш рет Қазақстан мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту біртұтас жүйеде 
дайындалды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Оразбаева коммуникативті грамматика, 
функционалды лингвистика саласында көп жылдан бері өнімді еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімі 2006-2008 жылдары «Тәуелсіз 
Қазақстан жағдайында қазақ тілінің ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде негізгі даму үрдістері мен 
бағыттары» атты іргелі зерттеу бағдарламасы негізінде «Қазақ синтаксисінің коммуникативтік-
прагматикалық аспектісі» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізгенде Ф.Оразбаеваның еңбектерін 
басшылыққа алған еді. Себебі ғалым қазақ тіл білімінде коммуникативті грамматиканың ұстанымдарын 
егжей-тегжейлі зерттеп, қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың негізін қалыптастырды. Көпжылдық ізденіс, 
зерттеулерінің нәтижесін ғалым енді практикаға ендіруді мақсат етіп, білікті ғалым, шебер әдіскер, 
керемет ұйымдастырушы ретінде танылды. Профессордың басшылығымен дайындалған «Қазақ тілі» 
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге Дәулетбекова Ж., Рахметова Р., Рауандина А., 
Ибрагимов Қ., Нұрмұханова Л., Нұрмұханова Л., Мукеева Б., Юсуп А., т.с.с. ғалымдар мен әдіскерлер 
атсалысты. «Қазақ тілі» кешені өз ішінен бірнеше деңгейге жіктелді: қарапайым деңгей – «Тілашар» (1-4-
сынып), негізгі деңгей – «Бойтұмар» (5-7-сынып), орта деңгей – «Тіл-орда» (8-9-сынып), ортадан жоғары 
деңгей – «Алдаспан» (10-11-сынып). Деңгейлердің осылайша аталуын кешен авторлары қазақ халқының 
дүниетанымымен, ұлттық философиямен байланыстырады. «Тілашар» бөлімінде қазақ тілінің 
заңдылықтары балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жеңіл түрде, атау, терминдерсіз берілсе, «Бойтұмар» 
бөлігінде грамматика нақты беріліп, атаулары, топтастырылуы айқын көрінеді. Сол сияқты «Тіл-орда», 
«Алдаспан» бөліктерінде де жеңілден қиынға қарай ұстанымы басшылыққа алынып, бірізділікпен 
күрделене түскен. Кешендердің кіріспе сөзінде білім мазмұны, оқушылардың қандай дағдыларды 
меңгеретіні, т.с.с. нақты көрсетілген. Бұл оқушылардың «Қазақ тілі» пәніне қызығушылығын арттырары, 
мұғалімдердің белсенді әрекетін тудырып, жаңа мүмкіндіктер тудырары сөзсіз.
Профессор Ф.Оразбаева «Қазақ тілі» кешендік жүйесінің ерекшеліктерін былайша көрсетеді:
«Біріншіден, бұл оқулықтар екінші тілді меңгертудің халықаралық және еуропалық стандарттары 
талаптарына сәйкес, қазақстанның білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып 
дайындалды; 
екіншіден, қарапайым, негізгі, орта, ортадан жоғары деңгей бойынша тілдік білім мен қатысымдық 
біліктің үздіксіздігі ұстаным ретінде басшылыққа алынды; 
үшіншіден, барлық оқу материалдары коммуникативтік мақсатқа жұмылдырылды, сөйлесім әрекетінің 
– 
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім түрлері кешенді қамтылды; 
төртіншіден, оқу тапсырмалары бір-бірімен логикалық, мазмұндық, деңгейлік тұрғыдан кешенді әрі 
өзара тығыз сабақтастықта берілді; 
бесіншіден, тапсырмаларда жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды орындатуға айрықша көңіл 
бөлінді. олар оқушының креативтік ойлау қабілетін арттыруүшін берілді;
алтыншыдан, білім мазмұны да, жаттығу тапсырмалары да деңгейден деңгейге өсіп, күрделеніп, 
дамытылып отырылды; 
жетіншіден, оқулық құрылымдары тұрақты, жүйелі, танымдық тұрғыдан ұсынылды, безендіруге көп 
көңіл бөлінді; 
сегізіншіден, әр деңгей бойынша лексикалық минимум нақтыланды; 
тоғызыншыдан, барлық тапсырмалар лексикалық минимумды саналы меңгертуге бағытталды; 
оныншыдан, тапсырмалардың қызықтылығы мен оқу мотивациясының дамытылуы басты назарға 
алынды;
он біріншіден, тіл дамыту, тіл ұстарту бағытындағы шығармашылық жұмыстардың бір-бірімен 
сабақтастығы қамтамасыз етілді; 
он екіншіден, оқулық материалдары нақты сабақ жүйесі бойынша түзілді;
он үшіншіден, бір лексикалық тақырып барлық кешендерде: оқулықта, дидактикалық материалда, 
лексикалық минимумда өзара бірлікте ұсынылды; 
он төртіншіден, «мұғалім кітабында» әрбір тақырыпты оқыту әдістемесі нақты берілді; 


122 
он бесіншіден, жаңа, заманауи әдістер мен инновацялық технологиялар барынша мол қамтылды; 
он алтыншыдан, әдістемелік нұсқау орта және қысқа мерзімді жоспар түрінде берілді және т.б. [1, 89]. 
Кешен коммуникативті грамматика ұстанымдарына негізделгендіктен, коммуникацияда жиі 
кездесетін сөзқолданыстарға ерекше мән берілген. Сондықтан кітаптар «Әлеуметтік-тұрмыстық ая», 
«Оқу-еңбек аясына» жіктелген. Бұл тұрғыдан алғанда, кешен авторлары оқушылардың қоршаған 
ортасына, айналасына, күнделікті өмірде көбірек қолданатын сөздеріне айрықша көңіл бөлгені 
байқалады. Бұл – коммуникация үшін ғана емес, балалардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын 
арттыру үшін де өте маңызды. Яғни пәннің тұрмыста қажетті екеніне көздері жетіп, ата-анасының, 
құрбы-құрдасының алдында тілді қаншалық меңгергенін көрсету үшін де бала пәнге қызығып, дұрыс 
сөйлеуге, сауатты жазуға талпынады. Сондықтан кешендегі тақырыптардың (Демалыс қалай өтті? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет