Keywords: reading, speech activity, language communication, cognitive function.
...Біздің үйдің басты құндылығын да, негізгі қорын да том-том кітаптар, сарғайған дәптерлер мен бума-бума қағаздар құрайды десем, артық болмас... Бірде қағаз іздеп жүріп, әкемнің жарық көрмеген пьесасының қолжазбасына тап болдым. Шағын ғана дәптерге маржандай тізіліп түскен махаббат оқиғасының құшағына қалай кіріп кеткенімді өзім де аңғармай қалыппын... Енді бірде кішкентай қойын дәптерлердің бес-алтауына кезігіп, жоспарлаған шаруамнан қалып, тағы да «оқылымның» төрінде ұзақ отырғаным бар... Бұл анамның студент кезінде оқыған кітаптарынан түртіп алған «ойлы тізбектер» қобдишасы болып шықты... Адамның тілді меңгеру деңгейін анықтаудың ұтымды да қолжетімді көрсеткіштерінің бірі – тіл
үйренушінің оқу дағдысын тексеру, оның мәтінді түсіну қабілетін саралау, өз көзқарасын таныта білуін
бақылау. Білім берудің дәстүрлі қағидаттарына сүйене, тіл үйренудің дәлелдеуді қажет етпейтін
аксиомасын басшылыққа ала анықталатын бұл заңдылықтың астарында адамзат баласының табиғи
жаратылысы да, даму әрі жетілу стратегиясы да жатары анық. «
Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды» [1; 302],-деп ғалым Ф. Оразбаева
атап көрсеткендей, оқылымның тілдік қатынасты дамытуда атқарар қызметі орасан зор. Тілдің ауызша
және жазбаша формаларын асқан шеберлікпен байланыстырған сөйлесім әрекетінің бұл түрі, бір
жағынан, адам миының туындысы деп танылса; екінші жағынан, жанды қозғалыстағы тілдің көрінісі,
контекстік мағынадағы сөздің кеңістігі деп бағаланатыны сөзсіз, себебі «Оқылым – берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық бірліктердің мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу» [1; 302] болып табылады. Абай
Құнанбайұлы айтқандай, «ақ қағаз бен қара сияны ермек» қыла дүниеге келген жазбалардың ішінен
«
керектісін тауып», өміріңе арқау етуің де сол оқылымның сырын терең түсінуден, сана мен жады
қызметтерін үйлесе сабақтастырудан басталатыны анық, сондықтан болар тілді меңгерудің жоғары
деңгейіне жету, шешендік өнердің өнегелі мектебінен нәр алу, жазылымның шебері атану – барлығы
ежелден белгілі оқу дәстүрімен қалыптасады.
«
Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деген Абай атамыздың ой тізбегіне жүгіне отырып,
бүгін оқылым тапсырмаларын тіл үйрету дәрістерінің аса құнды арнасына айналдыру – уақыттың
міндеттеуімен, заманның өзектеуімен келген мәселелердің бірі. Оқылыммен жұмыс – екі жақты процесс.
Бұл – әрі тіл үйренушінің сөздік қорын кеңейтуге, пайымын тереңдетуге, талдауын дәйектеуге
көмектесетін құралдар жиынтығы ретінде; әрі тіл үйретушінің немесе оқытушының танымы мен
тәжірибесін дамытуға мүмкіндік беретін дағдылар кешені ретінде анықталатын үдеріс. «Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады» [1; 303] десек, оқылым – тілдік дағдыларды қалыптастырудың, қарым-қатынасқа керек
тілдік құралдарды жинақтаудың өзгеше мүмкіндігі, себебі, тілші-әдіскер Ф. Оразбаева тұжырымдағандай,
оқылымға төрт түрлі компонент «үздіксіз» қатысады: адамның көру мүшелері, ойлау мүшелері, тілдік