«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет18/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ГАУЗУ ПАТША (2)
Кəхуаңның 11 жылы (591) 6 ақпанда тұйғұндар елші салып
жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. Патша тайсеңүн Су Шяуцыны 
Құрылыс бөліміне санат етіп тағайындады [...] 27 ақпанда түріктер 
елші салып, сарайға көпшір есебінде жеті гауһар кесе тарту етті. 
29 ақпанда күн тұтылды.
31 ақпанда жебеңдер жанайдар Ро Гəнчя тұйғұндарға елші болып 
барды. 1 наурызда Южоу төбенайы Жоу Яу Шоужоуға төбенай, Шожоу 
төбенайы Ту Уəншюй Шяжоуға төбенай болып тағайындалды.
7 сəуірде Түрік Оңғыл қаған өз тегінін сарайға қол тапсыруға 
жіберді.
12 жылы (592) 2 желтоқсанда түріктер елші салып, сарайға қол 
тапсырды. 24 желтоқсанда аға баған, ішкі жарлықнамашы Яң Су 
санаттың оң қол атарманы болып тағайындалды. 28 желтоқсанда 
тұйғұн, мүркет елдерінің елшілері сарайға қол тапсырды.
17 жылы (597) күз шілденің 24 жұлдызында түріктер елші салып, 
жергілікті өнімдерінен таралғы тартты.
[...] 14 қарашада түрік елшілері сарайға қол тапсырды. 
19 жылы (599) 2 сəуірде Төле қаған сарайға кірімтал болды. Тарду 
қаған шекараға арандатушылық жасады. Жорық төбенайы Шы Іəнсүй 
олардың бетін қайтарды.
[...] қыс 2 қазанда Төле қағанға Қынын қаған деген лауазым берілді, 
оның ұлысын орнықтыруға Дали қаласы салынатын болды. 8 қазанда 
Шоэоу төбенайы Юйуын Би Дəйжоуға төбенай болып тағайындалды. 
1 желтоқсанда Түрік толұм қаған қол астындағылар тарапынан 
өлтірілді. 4 желтоқсанда Бохəйға метроид түсті.
20 жылы (600) басқы айдың бір жаңасында патша Рыншоуғұң 
сарайына көшіп кірді. Түрік, корей, мүркет, қытан елдері елші салып, 
жергілікті өнімдерінен таралғы тартты. 
4 сəуірде түріктер шекараға шапқыншылық жасады. Жин ханы Яң 
Гуаң жорық бас сардары болып тағайындалып, оларды шабуылмен 
талқандады.
Рыншоудың басқы жылы (601) басқы айдың бір жаңасында қыл-
мыскерлер кеңшілікпен босатылды. Жылнама өзгерді. Санаттың оң 
қол атарманы Яң Су санаттың сол атарманы болып, аға жандар Су 
Уей санаттың оң қол атарманы болып тағайындалды. 13 қаңтарда 
Хынəн ханы Яң Жау Жин ханы болып тағайындалды. Түріктер Хың-
əнға арандатушылық жасады. Баған Хəн Хұң оларға қарсы соғысқа 
аттандырылды. Шахналық қосын жеңіліспен оралды.
7 мамырда түріктен ер-əйелі аралас 90 мың адам сарайға кірімтал 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет