96
97
айырылып, қайтып беттеместей болды. Егер Жаңру аса бір ержүрек,
ерекше
елшіл болмаса, əскері айтқанын екі етпей, аз адаммен көп
жауды күйретіп, мұндай ұлылықты қайтіп жасайды?
Жаңруға бұл
ерлігі үшін биік мəртебе, мол сыйлық берілуге тиіс. Сондықтан оған
аға баған деген мəртебе жəне оның бір баласына лауазым берілсін.
Оның соғыста құрбан болған қолбасылары мен əскерлеріне бұрынғы
лауазымына үш дəреже қосылсын, мұнымен олардың перзенттері
игіліктенсін». Сол жылы Жаңру
Ниңжоуға дуанбасы болып
тағайындалды, артынша Фужоуға дуанбасы болып ауысты. Кейінірек
шешесінің қайтыс болуына байланысты міндетінен босады. Жаңру
тумасынан опалы жан еді. Аза кезінде ол бес күн бойына нəр татпады,
ауыр
қайғыдан денсаулығы нашарлады, бұдан Көктің ұлы да қатты
алаңдады. Аза мезгілі толған соң Жаңру Шяңжоуға төбенай болып
тағайындалып, үш дуан мен алты бекініске қолағалық істеді. Ғұндар
онан жасқанып, шекара бекіністеріне шапқыншылық жасай алмады.
Кейінірек науқастануы себепті міндетінен босатылды. Соңынан тағы
да Шяңжоуға төбенай болып тағайындалды.
Сонан араға екі жыл
салып Лəнжоуға төбенай болып ауысты. Хулардың шапқыншылығынан
сақтану үшін, Гаузу Ляңжоудағы төбенай Гуло, Юанжоудағы төбенай
Юан Бау, Лиңжоудағы төбенай Хыро Иларды аттандырғанда, бұларды
да Жаңрудың қолбасшылығына тапсырды. Жаңру қосын бастап
Келентаудың солтүстігіне, батыста Барыскөлге дейін шарлап, луларды
кезіктіре алмай кері қайтты. Жаңру кейінірек Шиңжоуға төбенай
болып ауысып, 36 дуанға қолағалық істеді. Гаузу оған: «Жяңлиң – аса
маңызды жер, мемлекеттің оңтүстік қақпасы. Бүгін оны өзіңе тапсырып
отырмын, енді алаңсызбын», – деді. Арада бір жылдай уақыт өткенде
ол дүниеден қайтты. Марқұм болғаннан кейінгі аты «Уей» (айбаткер)
болып бекітілді. Оның ұлы Даши Хау да-йе жылдарында (605–616)
көлік кіші уəзірі деген мəртебе-мансаптар алды.
Достарыңызбен бөлісу: