«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет23/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ШЫ УƏНСҮЙ
Шы Уəнсүй Жиңжау аймағының Дулиң ауданынан. Оның əкесі 
Шы жиң Жоу əулеті тұсында Цаңжоуға дуанбасы болған. Уəнсүй 
жастайынан қайсар, ержүрек, атқа мықты əрі мерген, қағылез болып 
өсті. Соғыс жағдайындағы кітаптарды оқуға құмар, бал ашуға кəдімгідей 
жүйрік еді. 15 жастағы кезінде (Солтүстік) Жоу мен (Солтүстік) Чи 
əулеттері Маңшəн тауында соғысты. Уəнсүй де əкесі бастаған əскердің 
қатарында болды. Екі тараптың лəшкері өзара аңдысып тұрған тұста, 
Уəнсүй қасындағы əскерлерге үстіндегі пырандарын ауыстырып
топтан дереу сытылып шығуға бұйрық берді. Ұзамай Жоу əулетінің 
лəшкері ойсырай жеңілді. Əкесі оның дарынына төтенше қайран қалды. 
Уди патшаның заманында (561–577) жай қарашадан сыпай азнауыр 
болып өсті. (Солтүстік) Чи əулетін тыныштандыру шайқасында оның 
əкесі қайғылы қазаға ұшырады. Уəнсүй ардагердің баласы санатында 
ордагер санаттас үштік болып көтерілді əрі оған тəйпиң кіші сұлтаны 
деген лауазым берілді.
[...]
Эржи Жи бұлғақты жоспарлағанына байланысты өлім жазасына 
бұйырылды. Бұл іспен қатыстылығы байқалған Уəнсүй мансабынан 
алынып, шекарашы жай əскер қатарында Дахатаға жер аударылды. 
Бұл бекіністің атаманы палуан бітімді батыр жігіт еді. Ол үнемі Түрік 
ұлыстарын жалғыз шауып, қой-жылқыларын барымталап, көп олжамен 
оралып тұратын. Түріктер қанша көп болса да, оны тоқтата алмайтын. 
Ол мейлінше асқақтап Уəнсүйды сан мəрте тілдеп қорлады. Уəнсүй 
мен ешкімнен кем емес едім ғой деп бұған қатты арланушы еді. Бекініс 
атаманы сынау үшін əтей оған шауып бара жатып ат үстінде нысана 
атуға бұйрық берді. Оның құралайды көзінен ататындығын байқаған 
атаман: «Жарайсың!» – деді жылы шырай көрсетті. Уəнсүй одан 
садағымды алып, атпен барып түрікті шауып келсем деп тіленді. Бұл 
сапарынан да ол көп мал барымталап тез оралды. Сонан бастап əлгі 
атаман оны жанынан тастамай ертіп жүретін болды. Бұлар Түріктің 
жеріне неше жүз лиге дейін ішкерілеп кіріп, оларды жиі шауып тұрушы 
еді. Осылайша бұлардың даңқы Теріскей рейлерге кең жайылды. Доу 
Рұңдиң патша жарлығымен түрікке аттанғанда, Уəнсүй оған қызмет 
етуге дайын екендігін білдірді. Оның атақ-даңқын көп естіген Рұңдиң 
оны қуана қарсы алды. Сонан түріктерге елші жіберіп: «Əскеріміздің 
өзара қырылыстыратындай не жазығы бар? Екі жақ жекпе-жекке 
өз батырын шығарсын. Қай жақтың батыры жеңсе, сол жақ жеңген 
болсын», – деді. Түрік көсемі бұл ұсынысты қабылдады да, бір батырын 
жекпе-жекке шығарды. Рұңдиң онымен сайысуға Уəнсүйды шығарды. 
Сонан Уəнсүй алғашқы тебінмен Түрік батырының басын алып оралды. 
Сонан соғысуға жүректері дауаламай түріктер түгел шегінді. Бұл 
еңбегі үшін Уəнсүй аға санаттас болып көтерілді əрі арбалы-аттылар 
сеңүні болды. Чын əулетін тыныштандыру шайқасында Уəнсүй тағы 
да ерлік көрсетіп, аға ордагер болып көтерілді.
[...]
Кейхуаңның соңғы жылы Түрік Тарду қаған шекара бекінісімізге 
шабуыл жасады. Патша Жин ханы Гуаң мен Яң Суға Лиң-удан, Хəн 
ханы (Яң) Ляң мен Уəнсүйге Ма-идан жорық жасауға жарлық шығарды. 
Уəнсүй баған Жан Диңхы, тайсеңүн Ли Юеуаң, Яң Ичындарды бастап 
шекарадан əрі Дажин тауына барғанда лулардың жасағына кездесті. 
Тарду қаған тың тыңдауға жіберген елшісінен: «Сүй əулетінің 
қолбасшысы кім екен?» – деп сұрады. Ол: «Шы Уəнсүй», – деп жауап 
берді. Түріктер: «Дахатадағы қорғаныс əскер болған Шы Уəнсүй 
ме?» – деп сұрады. «Ия, сол», – деп жауап берді елші. Мұны естіген 
Тарду тіксініп, жасағын кері шегеріп тайып тұрды. Уəнсүй өз қолымен 
өкшелеп, 100 шақты ли жерге барғанда қуып жетті де, түріктерді 
талқандап неше мың адамының көзін жойды. Сонан қуғыншылар 
шөлге жүздеген ли ішкерілеп барғанда, жаулар тұс-тұсына шашырап 
жоғалды. Шы Уəнсүйдың ерлігі асса өзіме тиімсіз болар деп ойлаған 
Яң Су Уəнсүйге: «Бағын болған түріктерге, оның үстіне шапқыншы 
емес, мал баққан бейкүнəларға айқұлақтанды» деп жала жапты. 
Осылайша оның еңбегі еленбей қалды. Уəнсүй бұл туралы неше 
мəрте датнама жолдаса да, оның бұл айтқандары патшаның құлағына 
кіріп шықпады. Бұл тұста патша Рыншоу сарайынан астанаға енді 
ғана оралып, мұрагер патшазаданың мəртебесін жойып, оның шығыс 
сарайдағы сыбайластарын түбірінен анықтап алу ісімен айналысып 
жатыр еді. Патша: «Уəнсүй қазір қайда?» – деп сұрады. Іс жүзінде ол 
сол кезде сарайдың өзінде жүр еді. Патшаның ызалы қалпын байқаған 
Яң Су сол орайда: «Уəнсүй шығыс сарайға кетті?» – деп шамдандыра 


 100
101
шағыстырып үлгерді. Оның бұл сөзіне сенген патша Уəнсүйды алдына 
шақыртты. Сол кезде Уəнсүй бастаған қолбасылар мен əскерден 
неше жүз адам еңбектері елеусіз қалғандықтарын айту үшін сарайға 
жиылып қалған еді. Уəнсүй оларға: «Бүгін патша ағзамға ерліктеріңізді 
баян етемін, іс қалайда шешіледі», – деп патша құзырына келіп 
жүгінді. Ол қолбасылар мен əскерлердің ерлігін жəне мұны сарайдың 
тұншықтырып отырғанын баяндады. Патшаның тоқтауына көнбей, 
өз сөзін өршелене дəріптеді. Бұған шамырқанған патша қасындағы 
дүбірлеріне бұйрық беріп, сол жердің өзінде-ақ оның үнін өшіріп жер 
жастандырды.
ДУ ЯН
Ду Ян – Юнжұң ауданынан. Əкесі Ду Жян Гы Рұң бүлігінен үркіп, 
Бин деген жерге барып қоныстанды. Ду Ян жастайынан ержүрек, 
өжет, атқа мықты жəне мерген болып өсті. (Солтүстік) Жоу əулеті 
тұсында-ақ мансапты болып, алғашқыда сол жанақ азнауыр деген 
шен алды [...]
Кəйхуаңның алғашқы жылында Дəнжоуға дуанбасы болып та-
ғайындалып, лауазымы сұлтан болып көтерілді. Алты жылдан кейін 
сол қол қаһарлы тоқсауыл сеңүн болып ауысты. Чын əулетін тыныш-
тандыру соғысында жорық төбенай ретінде Шин-и сұлтаны Хəн 
Чинның қолының өкшесін баса шеру жасады. Сонан Нəнлиңге бар-
ғанда қарақшылардың дария жағасындағы тосқауылына кезікті. Ду 
Ян олардың тосқауылын талқандауға санаттас Фəн Зыгəй бастаған 
сайлауыт əскерді аттандырды. Бұлар алты жүздей кеме олжалады. 
Сонан Сонардариядан өтіп, Нəнлиң қаласына шабуылдады да, оны 
алып, Чын əулетінің сол арадағы бекіністі сақтауға жауапты қолбасы 
Шюй Жиды тірі қолға түсірді. Осыдан кейін Шинлинге барып, Хəн 
Чинның қолымен тоғысты. Чын əулеті тыныштандырылғаннан кейін 
Ду Янға 5000 топ түрлі кездеме, 6000 дəн астық сыйлыққа берілді. 
Оның үстіне баған болып тағайындалып, баласы Ду Бау-əнға Чаңяң 
кіші сұлтаны деген лауазым лайықталды. Гау Жыхүйдың бұлғағы 
кезінде Ду Ян тағы да жорық төбенайы тұрғысынан Яң Судың 
қолағалығын да оны жазалауға аттанып, басқа бағытпен Жяңжоудағы 
қоршауды бұзды. Гау Жыхүйдың жасағының қалған бөлігімен 
топталып алып, қолайлы жылға-үңгірлерге бекініп ұстауға тырысты. 
Ду Ян оларға су айдынынан жəне құрлықтан шабуылдап Жиңшəн, 
Яңфу, Ро жəне Шыби деген бекіністерді тартып алды да, жаудың 
қалған күшін жойып, атамандарын түгел көр құштырды. Соңында 
бүлікшілерден Ли То бірер мың адаммен Пыңшəн тауына бекініп 
қарсыласты. Ду Ян оларды да талқандап, Ли Тоның басын сарайға 
жіберді. Іле-шала Шюйжоу, Ифың үңгірлеріне шабуылдап, жауды 
тып-типыл етті. Соның үшін сарай оған сыйлыққа 100 шақты құл мен 
күң берді. Хұңжоуға төбенай болып тағайындалып, атақ-даңқы өсті. 
Осыдан бір жылдан аса уақыт өткенде Юнжоу төбенайы Хылоу Зыгəн 
дүние салды. Патша оның қазасына ұзақ қайғырды. Ол нөкерлеріне: 
«Юйлин пат шалығымыздағы маңызды бекініс. Оны сақтап тұра алатын 
Хылоу Зыгəндай адамды енді қайдан табар екенбіз?» – деді. Сонан 
араға бірнеше күн салып, патша: «Меніңше, Юйлинді сақтап тұруға 
Ду Яннан лайықты адам табылмас», – деді. Сөйтіп Ду Ян Юнжоуға 
төбенай болып тағайындалды. Түріктер шапқыншылық жасап келсе, 
қолға түскеннің басын ала берді. Солтүстіктегі рейлер бұдан қатты 
сескенді, ешкімі шекара шеніне аяқ баса алмайтын болды. Осыдан 
бірнеше жылдан кейін сарай оның бұрынғы-соңғы ерліктерін ескеріп, 
баласы Ду Баучянға Чыңшян кіші сұлтаны деген лауазым сыйлады. 
(Кəйхуаңның) 18 жылы (598) Ляудұң соғысы бұрқ етті. Ду Ян жорық 
төбенайы санатында Хəн ханы (Яң Ляңмен) бірге Йыңжоуға барды. 
Патша Ду Янның соғыс ісіне жетік екенін ескеріп, 50 алайды соған 
басқарту жөнінде жарлық шығарды. Бұл реткі жорықтан оралғаннан 
кейін оны Шожоуға төбенай етіп тағайындады. Түріктер Юнжоуға 
тағы да шапқыншылық жасады. Патша олардың жолын кесу үшін 
Яң Суды жіберді. Осыдан кейін патша түріктердің лаңының алдын 
алу үшін түріктер сескенетін Ду Янды Юнжоуға төбенай етіп қайта 
тағайындады. Көп ұзамай науқастанып астанаға оралды да, алпысқа 
қараған шағында дүние салды. Оның баласы Ду Баучян да-йеның 
соңғы жылы Уынчың аймағына шобан болып тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет