ТҮРІК, БАТЫС ТҮРІК, ТЕЛЕК
Түріктердің арғы аталары Батыс теңіздің оң жағын мекендеп, өз
алдына ұлыс құрды. Олар ғұндардың өзге бір тармағы болса керек.
Əулет есімі – Ашына. Кейінірек оны көршілес мемлекет талқандады
да, адамдарын түгел қырды. Бірақ бір 10 жасар ер баланы жасақтар
баласынып өлтіруге қимай, аяқ-қолын кесіп, иен далаға тастады.
Оны бір қаншық қасқыр ет əкеліп беріп асырады. Бала ержетіп, бұл
қасқырмен жақындасып, оны буаз қылды. Бұл баланың тірі екенінен
құлақтанған жау елінің ханы оны өлтіруге тағы адам жіберді. Жіберген
адам баланың қасындағы қасқырды көріп, баламен бірге оны да
өлтірмекші болды. Сол тұста құдайдың құдіретімен бір хикімет күш
əлгі қасқырды Батыс теңіздің шығысынан лақтырғанда Гаучаңның
солтүстік-батысындағы тауға жеткізді. Қасқыр сондағы бір үңгірге
кіріп, онда айналасы жүздеген лидей төрт төңірегі таумен қоршалған
шалғынды жазық жерге кезікті. Осыдан кейін қасқыр 10 ұл тапты. Бұл
оны ержеткен соң əйел алып, бала сүйіп өсіп-өрбіді. Əрқайсысының
өз науғысы болды. Ашына – солардың бірінің науғысы. Өте ақылды
болғандықтан, елі оны хан көтерді. Тегін ұмытпайтындығын білдіру
үшін ол бөрі басты туын қақпасына іліп қойды. Олар өсіп бірнеше
жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін Ақын шад деген адам
өз ұлысын бастап таудағы үңгірден шығып, нөнелерге бағынышты
болды. Тай Ябғұның заманына келгенде бұлардың тұқымы мықтап
күшейді. Кейінірек Уей патшалығының соңғы кезінде Елетміш қаған
əскерлерімен телектерге жорық жасап, оларды күйрете жеңіп, 50
мыңдай отбасын өзіне қаратып алды. Сонан кейін өзіне нөнебасының
қызын айттырмақшы болып араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан
болған Анагүй елші жіберіп, оған тіл тигізді. Елетміш қаған қаған
бұл елшінің басын алып, жасақтарымен нөнелерге қарсы аттанды.
Нөнелер жеңіліс тапты. Елетміш қаған өлген соң, оның орнына інісі
Ай қаған таққа отырды. Ол да нөнелерді жеңді. Кейінірек ол аурудан
қайтыс болды. Оның орнына баласы Шатуды емес, інісі Ічүкті таққа
отырғызды. Ол Мұқан қаған деп аталды.
Кей деректерде: түріктер асылында Пиңляңда тұрған кірме
хулар еді. Олардың əулет есімі Ашына еді. Уей əулетінің патшасы
Тəй-у сақаларды қырғанда, Ашына 500 отбасыны ертіп, нөнелерге
кірімтал болып, Алтынтауды мекендеді де, оларға темірші болды.
Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Дулыға “түрік” деп те
аталады. Сондықтан Түрік олардың аты болып қалды дейді.
Былай деп те айтады: Түріктердің арғы аталары ғұндардың
солтүстігіндегі Сақ елінен шықты. Олардың ұлыс көсемі Абам бек
деп аталды. Олар 70 ағайынды еді. Оның біреуі – Іді Нышида деген,
ол қасқырдан туды. Абам бектер тумысынан өте ақымақ болды да,
оның мемлекеті жойылып кетті. Ал Нышиданың табиғаттың өзгеше
құбылысын сезетін қасиеті бар еді. Ол күнді жауғызып, жел соқтыра
алатын еді. Нышида екі əйел алды. Оның бірін жаз бен қыс тəңірінің
қызы дейді. Ол бір жолда төрт егіз ұл тапты. Оның бірі аққуға айналды.
Біреуі Абасу мен Кем өзендері арасынан Қырғұр деген мемлекет
құрды; енді бірі Чатша судың бойынан мемлекет құрды; тағы бірі Бас
чатшаш тауында мекендеді. Бұл оның үлкен ұлы еді. Осы тауда Абам
бектің ұрпақтары да болды. Ол жер суық əрі ылғал жер екен. Үлкен
ұлы от шығарып олардың бойын жылытып, асырап-бағып, олардың
жанын сақтапты. Осылайша олар үлкен ұлды құрметтеп, өздерінің
көсемі етіп сайлады. Бұған “Түрік” деген атақ берілді. Оның өз аты –
Нағыд Түрік шад еді. Түріктің 10 əйелі болды. Балаларының барлығы
шешелерінің əулетінің есімімен аталды. Ашына – оның кіші əйелінің
баласы еді. Түрік өлгеннен кейін 10 əйелдің балалары өздерінің
ішінен біреуді таққа отырғызуды ұйғарды. Олар бір бəйтеректің түбіне
жиналды. Олар: “Қайсымыз осы бəйтерекке жоғары секірсек, сол
таққа отырады” деп уəделесті. Ашынаның ұлы жасының кішілігіне
қарамай, бəрінен биік секірді. Сонан бауырлары оны Ақын шад
деген лауазыммен қошеметтеп таққа отырғызды. Бұл аңыз, айтылуы
өзгешерек болғанымен, (түріктердің) арғы тегі қасқырдың тұқымы
дегенге саяды.
(Одан) кейінгінің аты – Тамын. Оның заманында ұлысы біраз
күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп əр түрлі жібек маталар сатып
алып, Кіндік қағанатпен қарым-қатынас жасау ниеттерін бай қатты.
Батыс Уей əулеті Датұңның 11 жылы (545) Жоу Уын патша жючюандық
ху Əн Нопəнтоны елші етіп жіберді. “Бүгін ұлы қағанаттан елші
келді. Енді еліміз көркейетін болды” деп олардың ел-жұрты бірін-
бірі құттықтасып қатты қуанды. 12 жылы (546) Тамын да жергілікті
бұйымдарын тарту етуге елшісін жіберді. Осы кезде телектер
нөнелердің үстіне аттанды. Тамын өз жасақтарымен тосқауылдап,
оларды талқандады. Осылайша олардың 50 мыңдай түтіні бұларға
берілді. Тамын ұлысы едəуір күшейген соң нөне басының қызын
айттыруға араға жаушы салды. Бұған бұлқан-талқан болған Анагүй
кемсіткен, балағаттаған жауаппен: “Менің темірші құлым бола тұра,
мұндай сөйлеуге қалай батылың барды”, – деп арнайы елші жіберді.
Шамырқанған Тамын оның елшісін өлтіріп тастады да, нөнелермен
арадағы қатынасты біржола үзіп, Уей патшалығына қыз айттыру
талабын білдірді. Жоу Уын патша қабыл алып, оған 17 жылы (551)
маусымда Уей əулетінен Бақуат ханшаны ұзатты. Сол жылы Уей
Уынди патша өлді. Тамын елшісін жіберіп көңіл айтып, бата оқырына
200 жылқы айдатты. (Уей) Фейди заманы бірінші жылдың басқы
айында Тамын нөнелердің үстіне əскерін аттандырып, Хуайхуаңның
солтүстігінде оларды ойсырата жеңді. Анагүй өзін-өзі өлтірді. Оның
ұлы Əмірешін Чи патшалығына қашып барды. Қалған ел жұрты
Анагүйдің көкесі Теңчүкісті таққа отырғызды. Осыдан кейін Тамын
өзін Елетміш қаған деп атады. Бұл ежелгі (ғұндардың) тəңірқұтымен
бірдей. Өзінің əйелін қатұн деп атады. Бұл да ежелгі əтшеге тура
келді. Бұлар да Чи əулетімен өзара елші жіберісіп тұрды.
144
145
Тамын өлгеннен кейін баласы Қара таққа отырды. Қараның
лауазымы – Ісіг қаған еді. Ол да Теңчүкісті Уо-йеның солтүстігіндегі
Рат тауында талқандады. Қара өлген соң, оның орнына баласы Шату
емес, інісі Іркін таққа отырды. Бұл Мұқан қаған деп аталды.
Іркіннің тағы бір аты Йеңді еді. Ол ерекше жаралған жан еді.
Бетінің жалпақтығы бір чыдан асатын. Екі беті қып-қызыл, көздері
жалт-жұлт еткен өте жанарлы еді, тумысынан қайратты да қатыгез,
батыр да ақылды еді. Ол жаугерлік жорықпен көбірек айналысты. Ол
Теңчүкіске шабуылдап, оны жеңді. Теңчүкіс аман қалған адамдары-
мен Батыс Уейға қашып келді. Іркін батыста абдалдарды күйретті,
шығыста қытандарды үркітті, солтүстікте қырғұрларды өзіне қосып
алды жəне Ұлы Қорғанның сыртындағы елдерді де айбынымен
жасқап, өзіне бағынуға мəжбүр етті. Оның жалпы иелігі шығыста
Ляухəйдың батысынан Шихəйға (Батыс теңізге) дейінгі 10 мың ли;
оңтүстікте құм шөлдің солтүстігінен Бейхəйға (Солтүстік теңізге)
дейінгі 5–6 мың ли жерді алып жатты. Олар Кіндік қағанатпен үзеңгі
қағыстырды. Кейін келе Уеймен біріге, Чи жорық еліне жорық жасап,
Биңжоу дуанына дейін келді.
Олардың салты: шаштарын жайып, шапанын солға қарай түй-
меленеді. Күмбез пішінді киіз үйлерде тұрады. Судың тұнығын,
шөптің сонысын қуып көшіп жүреді. Мал шаруашылығымен, аң
аулаумен шұғылданады. Ет жеп, ақ ішеді. Теріден тігілген, жүннен
тоқылған киім киеді. Қарттарды сыйламайды, қару-қайраты бар
жастарды құрметтейді. Ар-ұяты кем. Ежелгі ғұндар сияқты, əдеп-иба,
əділдік дегендерден жұрдай. Елбасыларын алғаш таққа отырғызғанда
жасауылдары мен мəртебелілері оны киізге отырғызып, күн қозға-
лысы бағытымен тоғыз рет айналады. Əр айналғанда қарашылар
оған тағзым етіп отырады. Мұнан кейін оны таққа мінгізіп, мойнын
торғынмен орап, демі үзілмейтіндей дəрежеде қылқындырады да,
“Неше жыл қаған боласың?” – деп тосын сұрайды. Есеңгіреген
елбасы нақты айта алмайды. Ұлықтар оның айтқанына сай өздерінше
есептеп шығады. Ең ірі ұлығы – ябғұ, одан кейінгісі – шад, одан
кейінгісі – тегін, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдынбер,
барлығы төменгі шенділермен қосқанда 28 дəреже, олар бұл шенге
мұрагерлікпен ие болады. Қару-жарақтан оларда бары: мүйіз
нақышты садақ, ысқырма оқ, сауыт, найза, қылыш, семсер. Сəн үшін
көбіне ақинақты бойынан тастамайды. Туларында бөрінің зерлі бас
бейнесі бар. Жасауыл сарбазды бөрі деп атайды. Бұл қытай тілінде лаң
(қасқыр) деген ұғымды білдіреді.Өздерінің қасқырдан туған ежелгі
тегін ұмытпау үшін осылай атайды. Атқа мықты, садақ тартуға шебер,
табиғаты – жауыз. Жазуы жоқ. Шақырылған əскер мен олардың ат-
көліктерін, салық пен мал-мүліктердің санын алғанда ағашқа кертіп
белгі салу жолымен есептейді. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөрді
куəлік ретінде пайдаланады. Жорыққа немесе барымтаға шығу үшін
айдың толуын күтеді. Олардың жаза заңы бойынша бүлік шығару, кісі
өлтіру, біреудің əйелін зорлау, бекітілген аттың тұсамыс-шідерін ұрлау
өлім жазасымен жазаланады. Зинақорға ақтау жазасын жəне белін үзу
жазасын бұйырады. Біреудің қызын зорласа, оған заттай ауыр айып
төлетеді жəне оны сол қызға үйленуге мəжбүр етеді. Адамды ұрып
зақымдағандар зақымның ауыр-жеңілдігіне қарай заттай құн төлейді.
Көз шықса, айыпты қызын береді. Егер қызы болмаса, бір əйелдің
құнын төлейді. Ал дененің басқа бір мүшесін зақымдаса, онда жылқы
төлейді. Ат немесе басқа зат ұрлаушы сол ұрлаған нəрсесінің құнын 10
есе етіп қайтарады. Өлген адамның мəйіті киіз үйге жайғастырылады.
Балалары, немерелері, туыс-туғандары ер-əйел демей, құрбандыққа
жылқы, қой шалып, етін əруаққа атап, есіктерінің алдына жаяды да
атқа мініп үйді жеті айналып шығады, сонан үйге кірерде беттерін
теміртектен жыртып дауыс қылады, қан мен жас қосыла төгіледі.
Жоқтау рəсімін мұны осылай жеті рет қайталағанда барып аяқтайды.
Содан кейін күннің сəтін таңдап, өлген адамның тірісінде өзі мінген
атын, тұтынған мүлкін оның денесімен бірге өртейді де, белгілі бір
мезгілде жерге көмеді. Көктемде жəне жазда өлген адамды ағаштар
мен өсімдіктердің жапырағы сарғайғанда немесе түсе бастағанда,
ал күзде, қыста өлген адамды гүлдер бүршік жара бастаған кезде
жерлейді. Жерлеу кезінде өлген адамның туыстары, дəл өлген
күніндегідей, тасаттық беріп атпен шабады, беттерін жыртады.
Қа бірдің басына қада орнатылып, үй тұрғызылады, (үйдің) ішіне
өлген адамның бейнесі жəне оның тірі кезінде өткерген шайқастары
баяндалған суреттер салынады. Ол бұрын бір адам өлтірген болса,
онда бір тас қойылады, кейбіреуінде ондай тастар жүзге, тіпті мыңға
жетеді. Құрбандыққа шалынған қой мен жылқылардың бастары түгел
қадаға ілінеді. Бұл күні ерлер де, əйелдер де бір киерлерін иығына іліп,
қабір басына жиылады. Егер жігітке қыз ұнаса, ол қайтар жолда қыз
үйіне құда түсуге адам жібереді. Мұндай жағдайда көп ретте қыздың
ата-анасы қарсы болмайды. Əкесі, ағасы, əкесінің аға-бауыры қайтыс
болса, баласы, інісі жəне аға-бауырының баласы өгей шешесіне,
жеңешесіне, жеңгесіне үйлене береді. Тек үлкендердің өздерінің
баласы есепті адамдардың жесірімен шатысуына болмайды. Олардың
тұрақты орын тепкен мекені жоқ. Оның ордасының есігі шығысқа
қаратылады. Бұл күннің шығуына еткен құрметі болса керек. Ол жыл
сайын өзінің мəртебелі адамдарымен аталарының үңгіріне барып,
құрбандық шалады. Ал мамырдың ортасында Тарын өзенінде көк
тəңіріне тасаттық беріп табынады. Өтүкен тауынан батысқа қарай
500 ли жерде басына ағаш та, шөп те өспейтін биік шоқы бар. Оны
Ба теңрі деп атайды. Бұл қытай тілінде дишын (жер құдайы) деген
мағынаны білдіреді. Олардың жазуы хулардікіне ұқсайды. Бірақ
жыл қайырып, күн есептеуді білмейді де, жердің неше рет көктегені
бойынша жыл есебін шығарады. Ерлері чупу деген ұтысты, қыздары
доп ойнағанды ұнатады. Қымызды мас болғандарынша ішеді.
Дəурігіп өлең айтысады. Шын-шайтан дегендерден қорқады, əруақты
146
147
сыйлайды, бақсыға сенеді. Соғыста өлгенді – даңқ, ауырып өлгенді
намыс санайды. Олардың салты жалпы ғұндармен бірдей.
Іркін заманында ұлысы мықтап күшейді. Сонан елшісін жіберіп,
Теңчүкістердің көзін жоюды сұрады. Жоу Уын патша бұған мақұл
болып, Теңчүкістен құлдай 3000 адамды жиып алып, оның елшісіне
тапсырды. Оларды Чиңмын қақпасының сыртында қырып салды.
3 жылы (556) Іркін тұйғұндарға тұтқиыл шабуылдап, оларды тал-
қандады. Жоу Миңдидың 2 жылы (558) Іркін елші жіберіп, сый
ұсынды. (Солтүстік Жоу əулеті Уди заманы) баудиңның бірінші жылы
(561) тағы да үш мəрте елші жіберіп, жергілікті өнімдерін тарту етті.
Ол кезде (Жоу əулеті) Чи патшалығымен арада соғыс болып жатыр
еді. Арада қақтығыс толастамаған соң, сырттан көмекші болуы
үшін олармен одақтасуға тура келді. Іркін (Батыс Уейдың патшасы)
Ғұндидың заманында-ақ өзінің қызын Жоу Уын патшаға атастырған
еді. Бірақ некелік шарт бекімей жатып, Жоу Уын патша қайтыс
болып кетті. Ұзамай Іркін басқа қызын Удиға атастыруға келісім
берді. Алайда қалың алып үлгермей, Чи патшалығы да оның қызына
құдалық сөйлесіп елші жіберді. Іркін олардың тартуына қызығып,
бұрынғы сөзден айнығысы келді. Дəл осы кезде Уди патша Ляңжоу
дуанбасы Яң Жян мен бөрібасы Уаң Чиңдерді құдалықты бекітуге
жіберді. Уаң Чиңдер уəдеге опа, іске əділдік керек екенін ұғындырды.
Осылайша Іркін Чи елінің елшісінің талабынан бас тартып, құдалық
шартын бекітті. Сөйтіп ол шығысқа жорық жасау тілегін қайталай
білдірді. Патша Сүй сұлтаны Яң Жұңға 10 мың əскерді бастап
түріктермен бірге Чи əулетінң үстіне аттануға жарлық шығарды.
Яң Жұңның əскері Жиңлиңнен асқанда Іркін өзінің 100 мың атты
сарбазымен келіп бұларға қосылды. Келесі жылы басқы айда Жиняңда
Чидың билеушісін қоршауға алды. Бірақ жеңе алмады. Сонан Іркін
сарбаздарын еркіне жіберіп, мейлінше тонатып кері қайтты. Жорық-
тан оралған Яң Жұң Уди патшаға: “Түріктердің жасағы жалпы нашар,
сыйлығы мардымсыз, жазасы да тым жеңіл. Қолаға көп болғанымен,
бұйрықтарының тиянағы жоқ. Мұндай елді бойсұндыру қиын деуге
қайтіп болады? Бұрынғы барған елшілеріміздің оларды өте құдіретті
етіп көрсетуіндегі мақсат – олардың елшісіне мол сыйлық бергіздіру,
сөйтіп өздері барғанда да соның есесіне көп сыйлыққа кенелу. Сарай
олардың өтірігін малданған соң, қолбасыларымыз да, əскерлеріміз
де олардан шынымен именетін болып жүр. Лулар былай қарағанда
мықты сияқтанғанымен, оларды жөнге салу өте оңай. Қазір, меніңше,
бұрын-соңды барған елшілердің барлығының басын алған жөн”, –
деді. Уди оның бұл ұсынысын қабылдамады. Сол жылы Іркін тағы да
тарту-таралғымен елшісін жіберіп, шығысқа екінші рет жорық жасау
өтінішін білдірді. Патша Яң Жұңды əскерімен Уо-йедан аттануға,
ал Жин сұлтаны (Юйуын) Худы Лояңға барып, онымен тізе қосуға
бұйырды. Кезегінде (Юйуын) Ху шайқаста жеңіліс тапты да, Іркін
кері қайтып кетті. (Баудиңның) 5 жылы (565) патша Чын сұлтаны
(Юйуын) Чұн, бас уəзір Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И жəне Нəн-
əн сұлтаны Яң Жяндарды қалыңдықты алып келуге жіберді, тянхының
2 жылы (567) Іркін тарту-таралғымен тағы да елші аттандырды. Чын
сұлтаны (Юйуын) Чұндар келгенде Іркін Чи патшалығынан əлі де
үмітін үзе қоймап еді. Сол кезде өзгеше бір жел тұрып, күн күркіреді.
Сосын ғана қызын (Юйуын) Чұндарға қосып жіберуге келісімін берді.
(Тянхының) 4 жылы тағы да тарту-таралғымен елші аттандырды.
Іркін өлгеннен кейін орнына баласы Төремен емес, інісі Таспар
қаған деген лауазыммен таққа отырды. Таспар қаған Шатуды
Нұр қаған етіп, мұқым шығыс жақты билетті. Өзінің інісі Нұқтан
қағанды Бөрі қаған етіп тағайындады, ол батыс тарапта тұрды. Іркін
кезінен бастап мемлекеті күшейген соң, олардың Кіндік қағанатты
келемеж ету ойы болды. Сарай олармен құда-андалық қатынасты
сақтауға тырысып, жылына оларға 100 мың бума торғын-торқа, асыл
кездемелер беріп тұрды. Түріктердің астанада тұрғандарын аса сый-
құрметпен күтті. Олардың сарай есебінен киім киіп, ет жейтіндерінің
өзі үнемі мыңға жетіп отырды. Чилықтар да олардың шабуыл
жасауынан жасқанып, өздерінің қазынасын сарқып бітті. Таспар бұған
на саттанып, қасындағыларға: “Күнгейдегі екі ұлым маған деген адал-
дығынан айнымаса, еш нəрседен шолпы тартпаймын”, – дейтін еді.
Чи патшалығында Хүй Лин дейтін шырамана бар еді. Түріктер оны
тұтқын ретінде елдеріне алып барды. Ол Таспарға: “Чи мемлекетінің
бай əрі күшті болуы олардың будданың жолын ұстануынан”, – деді.
Есеп-себеп, випака сияқты адамгершілік қағидаларына саятын
діни тағылымдарды ұғындырды. Таспар оның уағызына иланды да,
самгхарама салғызды əрі Чи патшалығына елші жіберіп, «Жиңмиң»,
«Нирвана», «Хуаян» сияқты дестірлер мен “Ондық тыйымдарды”
сұратты. Таспар ауыз бекітіп, тыйымдарды орындады, самгхараманы
айналып тауап етті, тіпті кейде ішкергі өлкеде тумағанына өкінді.
(Уди – Юйуын Юң заманы) жяндының 2 жылы (573) Таспар елші
жіберіп сəйгүлік сыйлады. Чи патшалығы жойылғаннан кейін оның
Диңжоу дуанбасы, Фəняң ханы Гау Шау-и Ма-идан түріктерге қашып
барды. Таспар Гау Шау-иды Чи патшасы етіп таққа отырғызды, кек
аламыз деп оның бұрынғы адамдарын да шақыртты. Шюанжыңның
1 жылы (578) сəуірде Таспар Южоу дуанын шапты. Баған Лю Шюң
əскер бастап қарсы соғысты. Бірақ жеңіліс тауып қаза болды. Уди
патшаның өзі алты алайды бастап солтүстікке жорық жасады. Бірақ
ол жолда қайтыс болды да, əскері кері оралды. Сол жылы қыста
Таспар шекара аймаққа шабуыл жасап, Жючюанды қоршап, аямай
тонап кетті. Дашяңның 1 жылы (597) Таспар құда-андалық қатынасты
қал пына келтіруді өтінді. Жиңди патша Жау ханы Юйуын Жаудың
қызын Мыңділда ханша деген атпен атастырды жəне елші жіберіп
Гау Шау-иды астанаға айдатып əкелуді тапсырды. Таспар мұнымен
келіспей, баяғысынша Биңжоу дуанына шабуыл жасады. (Дашяңның)
2 жылы (580) ғана тарту-таралғысымен елшісін жіберіп, ханшаны
148
149
алдырды, бірақ Гау Шау-иды тапсырмай алып қалды. Патша осы
мəселеде өз лебізін жеткізуді Хыро Иға бұйырды. Осыдан кейін Гау
Шау-и (астанаға) апарылды.
Ауруы асқынған Таспар өлер алдында ұлы Əміреге: “Туыстық
жақындықта əке мен баладан артығы болмайды деп есептеуші едім.
Ал менің ағам жақыным деп өзінің баласына тартпай, тағын маған
берді. Мен өлсем, сен Төременге жол бер”, – деді. Таспар өлген соң
орда біліктілері тақты Төременге ыңғайлады. Бірақ оның шешесінің
тегі қара халықтан болғандықтан, ел-жұрты оған пейілсіз болды да,
нағыз ақсүйек деп Əміреге көбірек ықылас танытты. Шату бəрінің
соңынан келіп, орда ұлықтарына былай деді: “Егер Əмірені таққа
отырғызсаңдар, онда аға-бауырларыммен бірге оған қызмет етемін. Ал
егер Төременді таққа отырғызсаңдар, онда мен өз шекарамды сақтап,
қымы өткір найзамен оған төтеп беремін”. Шату өте абыройлы əрі
батыр адам еді. Ұлықтар оған қарсы келе алмай, ақырында Əмірені
таққа отырғызды. Таққа қолы жетпеген Төремен Əміреге мойынсал
болмай, əр кез оған адам жіберіп тіл тигізіп, соқтығып тұрды. Оны
бағындыра алмаған Əміре тақты Шатуға берді. Орда біліктері: “Төрт
қағанның ішіндегі ақылдысы – осы Шату” деп, оны Ел Күлік шад Баға
Ышбара қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Ышбара қаған деп
те атады. Ол Түкен тауды мекендеді. Əміре мəртебесі төмендетіліп,
Үшінші қаған деп аталды да, Тоғла суының бойын қоныстанды.
Төремен Ышбараға: “Мен де өзіңдей қағанның баласымын. Əр
екеуіміз де əке мұрасына ие болуға хақылымыз. Ал сен қазір шексіз
құрметке ие болдың, мен ғана мəртебе ала алмадым. Бұл қалай?” –
деді. Ышбара онан қауіптеніп, оны Аба қаған етіп тағайындады. Ол
(еліне) қайтып барып, қарасты қауымын биледі.
Ышбара батырлығы арқасында халқынан зор қолдау тапты.
Теріскей рейлердің барша жұрты оған бағынды. Сүй Уынди таққа
отырған соң Ышбараға салқын қарай бастады. Теріскей рейлер бұған
ызаланды. Дəл сол кезде Йыңжоу дуанбасы Гау Бауниң бүлік шы ғар-
ды. Ышбара оның əскерімен бірігіп, Линюй бекінісін басып алды. Сүй
Уынди патша олардан сақтану үшін шекара бекіністерін жөндеуге
жəне Ұлы Қорғанды биіктетуге жарлық шығарды. Ышбараның əйелі,
Жоу əулетінен шыққан Мыңділда ханша елі жойылып, төркінінің оты
өшкеніне қайғырып, бүкіл халқын аттанысқа шақырды да, жалпы
400 мыңдай əскерді соғыс күйіне келтірді. Соған орай патша баған
Фың Юйды Ібір көліне барып орналасуға, Лəнжоудағы төбенайы
Чыли [Чаңчаны Линяуды қорғауға, аға баған Ли] Чұңды Южоуға
орналасуға, Даши Жаңруды Жоупəнды қорғауға жарлық шығарды.
Бірақ бұлардың бəрі лулардан жеңілді. Осылайша Ышбараның қалың
жасағы Мушя, Шымын бағыттарынан кіріп, У-уей, Тяншұй, Əндиң,
Жинчың, Шаңжюн, Хұңхуа, Ян-əн аймақтарын шауып, тігерге
тұяқ қалдырмай, барлық малын айдап кетті. Көктің ұлы бұған бек
қапаланып мынадай жарлық шығарды:
“Кешегі Жоу əулеті мен Чи əулеті өзара қырқысып, Хуашя топы-
рағын бөлшектеді. Түрік лулары осы екі мемлекетпен де қарым-қаты-
нас орнатты. Жоулықтар шығыс тарапынан алаңдап, Чи əулетінің
олармен тым тату болып кетуінен қауіпсінді. Ал чилықтар батыс
жағындағы жауынан қауіп қылып, Жоу патшалығының олармен қарым-
қатынасының тым жиілеп кетуінен қорықты. Əр екеуі де түріктердің
қалауы өз мемлекеттерінің амандығына саяды деп есептеді. Əр екі
жақтың да қастарындағы үлкен жаудан алаңы болса да, бір жақтың
шекарадағы қорғанысын азайтуды көкседі. Халқының дəрменін
арадағы барыс-келіске тауысты. Қазынадағы бар байлығын шөл далаға
шашты. Хуашя топырағынан берекет кетіп, бəлекет басты. Мен Тəңірдің
бұйрығымен күллі халықты баласындай бағып-қаққан жарылқаушы
ретінде қарашаларымның көрген қиянатына аяушылық жасап,
бұрынғы келеңсіздіктің тамырына балта шаппақшымын. Сондықтан
мұнан былай қарақшыларға беріп келген заттарды қолбасшылар мен
шеріктерге бергіземін. Əрі-бері сандалған халықты тыныштандырып,
егіншілікпен, тоқымашылықпен шұғылдандырамын. Жауыз жау ла-
рымыз топас нырайлар болғандықтан, біздің арғы мақсатымызды
түсініп жете алмайды. Қазіргі мына мейлінше орныққан күндері
олар əлі де кезіндегі өзара қырқысып жататын алты бақан, ала ауыз
кездерге санайтын сияқты. Олардың кешегі өктемдігі, міне, бүгін
көкірегімізде кек болып байланып жатыр. Таяуда олар апандарынан
өріп шығып, солтүстік шекарамызға шабуыл жасап бақты. Қиыр
шекаралық бекіністерде тұратын қосалқы бөлімдеріміздің өзі-ақ
оларға сілейте соққы беріп, жеткізбей желкесін қиды. Осылайша
оңтүстікке аяқ басуға үлгермей, қайта солтүстікке қашты.
Жау жақтың атаманы бесеу. Олар аға-бауыр, əке-көке ара бақталас,
берекесіз, жəбіршіл қатыгез жандар. Шығыс рейлерді құрап отырған
тайпалар оларға ызалы, батыс нұмдар да көптен бері кекті. Ал Түріктің
солтүстігіндегі қырғұрлардың бұларға тіпті арыдан азуы басулы.
Олар қалайда өздеріне тиімді сəтті күтеді. Тарду қаған Жючюанға
шабуыл жасағанда, Ұдұн, Парсы, Абдал – үшеуі бірдей бір мезгілде
бүлік шығарды. Ышбара таяуда Жоупəнға шабуылдағанда оның қол
астындағы Бақа, Доңғырла ұлыстары да дүбіліс жасады. Өткенде
Ликей шадты корейлер мен мүркеттер тас-талқан етті, Саби шад та
Қыршы қағанның қолынан қаза тапты. Мұнан (Түрікке) көршілес
елдердің барлығының да патшалығымыздың оларды жазалауын
құптайтындығын байқауға болады. Олардың билігіндегі бейкүнə
халық, барша милат қайғыдан жүректері қан жылап, зұлымдықтан
жандары түршігіп, зығырданы қайнауда. Жұмыр басты, екі аяқты
пенделердің мұндай тіл бірлігі, діл бірлігі дəл менің көңілімнен
шығып отыр. Олардың жерін жұт жайлап, елін қырсық шалғалы
қашан, шамасы бір мүшел межесі болса керек. Аң-құс адамша
сөйлепті, адам əулиеше сəуе көріпті, олардың барлығы (түріктердің)
мемлекеті жойылады дейді екен де, ғайып болып кетеді екен. Əр
150
151
қыста күн күркіреп, жай түсіп өрт шығады. Барлық тіршіліктің су мен
шөпке сүйенетіні мəлім. Ал былтыр жыл он екі айда олардың жерінде
ылғал тамбады. Шегіртке қаптап, шөп күйіп кетті де, жақ жұттан
жəне індеттен мал-жанының жартысы қырылды. Көне мекендері
тулақ сүйрегендей тақырға айналды. Сосын Дешті құмның күнгейіне
көшіп барып, біраз уақыт жан сауғалады. Оларды Тəңір қарғаған.
Ажал құрығы олардың қыл мойнына ілінді. Қазір тілеуімізді Тəңір
беріп отырған ең орайлы сəт.
Сондықтан қолбасшыны таңдап, əскерді машықтандырып, азық-
түлікті, қару-жарықты мол дайындап, жауынгерлерімізді жігер лен-
діріп, батырлардың кегін тасытып, оларды жаудың күлік хан дарының
басын алып, тəңірқұттарының жонынан таспа тілетін шабытқа
келтіруіміз керек. Бұл – Уаң Хүй айтқандай, іріңді жараға садақ
тартқандай етсек, қандай жау кедергі болады, қандай алыстағылар
бағынбайды. Бірақ патшалардың ескі ізі Юдуға ғана барып тіреледі.
Онан арғы қақаған қағыр даланың бізге қажеті шамалы. Жерін алсаң,
мекендеуге болмайды. Халқын алсаң, бəрі-бəрін өлтіруге дəтің
шыдамайды. Мүмкіндігінше шығынсыз соғыс салып, теріскейдегі
теңізден бергі қиыр аймақты қарата алсақ та жарар еді. Осы жар-
лығымды елге жариялаңдар, халқым менің ойымды білсін».
Осыдан кейін Хыжян ханы Уаң Хұң, аға баған Ду Лужи, Доу Рұңдиң,
сол қол атарман Гау Жюң, оң қол атарман Юй Чиңзы – бəрі бас сардар
болып тағайындалып, əрқайсысы өз əскерімен Ұлы Қорғаннан шығып
түріктерге лап қойды. Бұларға Ышбара екі қаған – Аба жəне Тамған
қағандарды бастап қарсы тұрды. Бірақ жеңіліп кері қашты. Осы кезде
олардың арасында аштық басталып, астық орнына сүйек талқанын
ішті. Оның үстіне індет таралып, көп адамы содан қырылды.
Ышбара батырлығы мен қырбаттығы үшін Абаны қызғанышпен
жек көрді. Сол себепті бұрынырақ қайтып, оның ел-жұртын тұт-
қиылдан шауып, тас-талқанын шығарды да, анасын өлтірді. Қайтып
оралған Аба өзіне тұрақ таба алмай, батыстағы Тарду қағанды
паналады. Тарду есімі бойынша Темкіт, əкесі жағынан Ышбараның
немере ағасы болып келуші еді. Ол бұрын батыс тараптың қағаны
болатын. Ол бұл іске қатты ашуланып, Абаға қалың əскер беріп, оны
шығысқа аттандырды. Абаға бұрынғы өз ұлысынан 100 мыңдай атты
əскер келіп қосылды. Осылайша бұлар Ышбарамен арадағы соғысты
бастап жіберді. Мұнан тыс, Тамған қаған бұрыннан Абамен тату
еді. Ышбара оның ұлысын тартып алып, лауазымын жойғанда ол да
Тарду қағанға қашып барды. Ышбараның немере інісі Тегін шад жеке
ұлысты басқаратын. Ол да Ышбарамен араздасып, өз ел-жұртымен
Абаға барып қосылды. Осылайша тараптар арасында соғыс толассыз
жүріп жаты. Екі тарап та сарайға елші жіберіп бітім жəне көмек
сұраумен болды. Патша олардың əр екі тарапының да тілегін қабыл
алмады.
Бұл кезде Мыңділда ханша патшаға датнама жолдап, өздерін
баласы ретінде қабылдауға өтініш білдірді. Уынди патша ордагер
Шюй Пиңхыны Ышбараға елші етіп жіберді. Сол əзірде əскерімен
Биңжоуда тұрған Жин ханы Яң Гуаң (түріктердің) берекесіз кезін
пайдаланып қалуды ұсыныс етті. Патша оның бұл ұсынысын
қабылдамай тастады. Ышбараның елшісі əкелген датнамада былай
делінген: «Ұлу жылының 10 қыркүйегінде Тəңірден болмыш Ұлы
Түрік əлемінің данасы мен ардақтысы Көктің ұлы Ел Күлік шад Баға
Ышбара қаған Ұлы Сүй патшасына хат жолдады. Елшіңіз ордагар
Шюй Пиңхы бізге келді. Оның айтқандарын естідім. Патша əйелімнің
əкесі екен, демек, менің атам. Қыз күйеу атаға баласы тұрғылас. Екі
бөтен ел болсақ та, туыстық сезім, кісілік ұғым барша адамға ортақ.
Арамыздағы қазіргі қат-қабат жегжаттық қатынас ұрпақтан-ұрпаққа,
мың-мың жылдарға жалғаса бермек. Тəңірге сеніңіз, ешқашанда сізге
қарсы шықпаймын. Осы əзірден бастап, менің мемлекетімдегі қой мен
жылқының бəрі патшаның малы, ал сіздердің торғын-торқаларыңыз
біздің осы аранікі есепті. Арамызда айырма болмайды». Уынды
патша оған мынадай жауап хат жазды: «Ұлы Сүй патшалығындағы
Көктің ұлы ұлағатты Түріктің Ел Күлік шад Баға Ышбара қағанына
хат жолдайды. Хатыңнан бізге деген зор ықылас ниетіңді аңғардым.
Ышбараның əйелінің əкесі болғандығым үшін оның өзін де ұлым деп
есептеймін. Сондықтан əдеттегі елшінің үстіне ежелгі туыстығымызды
ескеріп, мəртебелі ұлығым Юй Чиңзыны онда қызымды көруге əрі
Ышбарамен дидарласуға жіберіп отырмын». Ышбара əскерін қатарға
тұрғызып, асыл заттарын тізіп, (Юй) Чиңзыны отырып қабылдады.
Сырқаттығы себепті орнынан тұра алмағандығын айтты, оның үс-
тіне «Əкем мен көкемнен бері ешкімге тізе бүгіп көрмегем» деп
қоса ескертті. Юй Чиңзы оны күстаналап, жөн-жосықты түсіндіруге
тырысып еді. Мыңділда ханша Юй Чиңзыға: «Қаған қасқыр кібі,
көп қарсылассаңыз, талап тастайды» деп сыбырлады. Жаңсүн Шың
насихаттап иландырғаннан кейін Шату жарлықнаманы жерге бас
қойып қабылдап, төбесіне көтерді. Сонан өзі едəуір ыңғайсызданды.
Оның маңындағы дүбірлер бір араға ұйлығысып дауыс шығара жылап
жіберді. Юй Чиңзы оған тағы да «чын» деп айтуды бұйырды. Ышбара
маңындағы дүбірлерінен «чын» деген сөз не мағынаны білдіреді деп
сұрады. Олар: «Сүй патшалығына чын болу деген біздегі құл болу деген
сөзбен бірдей» деп жауап берді. Ышбара «Ұлы Сүйдің көк ұлына Юй
атарманның арқасында ғана құл бола алдым» деді. Сонан Юй Чиңзыға
1000 жылқы сыйлады əрі өзінің немере қарындасын қосты.
Бұл кезде Ышбараны бір жағынан Тарду қыспаққа алса, екінші
жағынан оған қытандар қауіп төндірді. Сондықтан ол арнайы елші
жіберіп, өз жағдайының күрт өзгеріп кеткенін патшаға хабарлап,
қарауындағы елдің Дешті құмның күнгейіне табан аударып, Ақбелдеу
аңғарына барып уақытша қоныстануына рұқсат сұрады. Рұқсат
етілгені жөнінде жарлық шықты. Жин ханы (Яң) Гуаң əскерін бастап
оған көмек берді, оларды азық-түлік, киім-кешекпен қамдады əрі
152
153
күйме, дабыл жəне сырнай сыйлады. Бұдан кейін Ышбара батысқа
жорық жасап, Абаны күйрете жеңіп, оның өзін тұтқынға алды. Осы-
ның арасында Абар елінің адамдары Ышбараның ордасы иен қалған
орайда, оның бүкіл үй ішін тұтқынға түсірді. Патшалықтың қосыны
абарларды талқандап, соғыс олжасын түгелімен Ышбараға сыйлады.
Бұған Ышбараның бөркі қара қазандай болды. Осылайша келісім
шартта Шөлді шекара деп белгіледі. Ол өзінің датнамасында былай
деді: «Ұлы Түрік Ел Күлік шад Ышбара Баға қаған боданыңыз Шату
дат айтады: Бас елші, санаттың оң қол атарманы Юй Чиңзы бізге келді,
жарлықнамаңызды табыс етіп, шарапатты пəрменіңізді жеткізді.
Ұлы ағзамның шапағаты мен инабаты уақыт өткен сайын айқындала
түскенін ой көзімен аңғарып отырмын. Бар жақсылығыңызды кө-
ңілмен біле тұра, оны толық ақтай алмай жатырмын. Тəңірдің
қалауымен Түрік қағанат құрғалы, міне, 50 шақты жыл болды. Сонан
бері шөл далада қиыр қонып, шет жайлап қаған атанып келеміз,
иелігіміз түмен ли жерді алып жатыр, мал-жанымыз құлты (100
миллион) бойынша есептелінеді. Барша нұм-рейлерді тегеурінмен
бағындырып, Хуашямен үзеңгі қағыстырып келеміз. Нұм-рейлерде
бізден құдіретті ел болған емес. Жуырдағы жылдары ауа-райы
жайлы, жауын-шашын мезгіл ретіне лайықты болып келгеніне қарап,
мұны қалайда Кіндік қағанаттан əулие затты ағзамның шығу нышаны
болар деп жорып едім. Жүгіне ой жүгіртсем, Ұлы Сүйдің патшасы
ғана нағыз патша екен. Осылай тұра жер қиындығынан пайдаланып,
жасақ құрап қаған деп құжырлануыма қайтып болады? Қазір қауғанға
салиқалы салттарыңыз менің көңілімді біржола əділеттің ақ жолына
ынтықтырды. Құзырыңызға қол тапсырып барып қайтуға жер арқасы
қиян шалғайда жүрмін. Солайда əрменелік салттан айнымай, ақ үйлі
аманатқа ұлымды жіберуді өзіме парыз санадым. Əр жылы көпшір
ретінде сəйгүліктер жіберіп тұрмақпын Ертелі-кеш құлдық ұрып,
əміріңізді екі етпеуге тырысамын. Жетінші балам Қағыпчынды жəне
басқаларды датнамамды табыс етуге жібердім, хабарлы болғайсыз».
Осыған орай Уынди патша былай деп жарлық шығарды: «Бұрын
Ышбара бейбітшілік келісімін жасағанымен, екі ел болып келген
едік. Енді біріміз – билеуші, біріміз – боданбыз. Демек, бір тұлғаға
біріктік. Жауапты басқармаларға осы іс бойынша көк тəңірі мен жер
тəңіріне жəне ата-бабаларға арнап тасаттық беруін орналастырып,
бүкіл халыққа салтанат ретінде жариялауын бұйырамын». Осыдан
бастап былайғы уақытта айырмашылық болу үшін жарлықнама мен
іске қатысты жауаптарда Ышбараның аты аталмайтын болды да,
оның Жоу əулетінен шыққан қатұн мəртебелі жұбайына Яң науғысы
лайықтанып, есімі патша жұрағаттары тіркелген кітапқа енгізілді əрі
Көшелі ханша деген атақ берілді. Патша Қағыпчынға баған деген
лауазым жəне Əн ел-сұлтаны деген атақ берген үстіне, гарем сарайда
кең мол дастарқан жайып, патшайыммен де таныстырды жəне мол
тарту тартты. Мұндай ықыласқа мейлінше риза болған Ышбара
былайғы жерде сарайға тіпті үзбей тарту-таралғы жіберіп тұратын
болды.
7 жылы (587) басқы айда Ышбара өзінің ұлын тарту-таралғымен
сарайға жіберіп, Хыңжоу, Дəйжоу дуандарының жерінде аң аулауға
рұқсат сұрады. Патша бұған рұқсат етіп, Ышбараға сый-сыбаға ретінде
шарап жəне ет тағамдар апаруға елшілерін аттандырды. Ышбара патша
сыйлығын бүкіл ұлысымен тағы да тағзым етіп қабыл алды. Ышбара
бір күнде өзі ғана 18 бұғы атып, олардың құйыршығы мен тілін кесіп
алып сарайға жөнелтті. Қайтар жолда ол Қызылсу бекінісіне соқты.
Осы арада оның шатыры өртеніп кетті. Мұны Ышбара жамандыққа
жорыды. Сонан айдан біраз уақыт өте қайтыс болды. Осы қазаға
байланысты патша сарай зиратын үш күнге тоқтатты, аза жұмысын
басқаруға жөрелгі уəзірді жіберді əрі бата оқырға 5000 топ торғын
бергізді.
Алғашқыда Шату өзінің баласы Оңғылдың мінезін тым бошалаң
деп ұнатпай, орнына өзінің інісі ябғу Чориғаны таққа отырғызуға
бұйыратынын өсиет қып айтты. Сол сөз бойынша Оңғыл адам жібе-
ріп шақыртып, Чориғаны таққа отырғызатын болды. Чориға: «Біздің
түрікте Мұқан қағаннан бері аға өлсе – іні мұрагер болып келеді.
Бəйбішенің баласы отыратын тақты тоқалдың баласы тартып алу
ата-баба заңына қайшы. Мұндайда ілтипат та, инабат та болмай
қалады. Таққа сіз отыруға лайықсыз, мен қашан да қасыңыздан
табы ла мын», – деп сəлем айтты. Оңғыл Чориғаға тағы адам жіберіп
былай деді: «Көкем мен əкем бір тамырдан нəр алған бір теректің екі
бұтағы, мен сол бұтақтың жапырағымын. Енді мен əміршімін, жапы-
рақ бұтақтан бұрын болды дейтін жөнім жоқ. Сондықтан көкемнің
бұл ретте күдікке берілмеуін сұраймын», – деді. Осылайша бес-алты
рет жауаптасқан соң Чориға таққа отырып, Ябғұ атанды. Чориға
елші жіберіп, жағдайдан сарайды хабарландырды. Уынди патша оған
дабыл, сырнай жəне байрақ сыйлады. Чориға ат жақты, дөң жауырын,
өткір жанарлы, ержүрек, ойсаулы кісі еді. Ол Сүй əулетінен байрақ пен
дабыл алған соң Абаға жорық жасап, батысқа шеру тартты. Абаның
қол астындағылар Чориға Сүй патшалығынан əскери көмек алды деп
ойлап, дені берілді. Аба тұтқынға алынды. Абаны өлтіру керек пе əлде
өлтірмеу керек пе деген мəселе жайында патшадан нұсқау сұралды.
Патша оны өз ұлықтарының қарауына берді. Сол қол атарман Гау Жюң:
«Туысқандардың бірін-бірі өлтіруі – мағрипатқа тəрбиелеу жосынына
қайшы аса зиянды əрекет. Оны тірі қою арқылы (патшамның) шапағатын
əйгілейік», – деді. Патша «Рауа!» – деді. Шарап тостағанын көтерген Гау
Жюң патшаға тақап келіп: «Шюанюан (сары бабалық) заманынан бері
хұнүктер талай рет шекарамыздың берекесін алып еді. Қазір олардың
бəрі сонау Солтүстік теңізге дейін боданымызға айналды. Заманнан
заман мұндай дарқандықтың болғанын естіген емеспіз. Сондықтан
тағы бір рет тағзым етіп, ұлы патшам, денсаулығыңыз үшін ішіп қоюға
рұқсат етіңіз», – деді.
154
155
Осыдан кейін Чориға тағы да батысқа жорық жасады да, сонда
қаңғырған оқ тиіп қайтыс болды. Халқы Оңғылды «Хыргас Дана
Толұм қаған» деген лауазыммен таққа отырғызды. Оңғыл сарайға елші
жіберіп, сыйлыққа 3000 топ түрлі кездеме алды. Сонан ол сарайға
жыл сайын елші аттандырып көпшір төлеп тұрды. Осы кезде Яң Чин
деген бір кезбе осы Түрік еліне келіп, Пың ел-сұлтаны Лю Чаң мен
Юйуын əулеті ымыраласып көтеріліс жасағалы жатыр деген қауесет
жайып, Көшелі ханшаға шекараға шабуылдау туралы тілек білдірді.
Толұм Яң Чинды тұтқындап, бұл істі сарайға дереу мəлімдеді əрі бобу,
шылым желім тарту етті. Оның інісі Кеми шадтың ұлысы күшті еді.
Толұм күншілдік істеп, шабуыл жасады да, соғыста оның басын алды.
Сол жылы ол емелдес інісі Нұқтан тегінді сарайға жіберіп, патшаға
Ұдұнның қас тасы (нефрит) асасын сыйлады. Қиуаз ретінде патша
оны баған əрі Каң ел-сұлтаны етті. Келесі жылы Түрік ұлыстарының
билеушілері бірінен соң бірі елші аттандырып, сарайға көпшір ретінде
10 мың жылқы, 20 мың қой, 500 сиыр өткізді. Осының артынан олар
шекарада Кіндік қағанатпен айырбас сауды жасау үшін базар ашуын
сұрады. Патша мұны мақұлдады.
Чын əулетін бағындырғаннан кейін, патша Чын Шубаудың көсеге-
сін Көшелі ханшаға тарту етті. Бұл істен нəумез ханша көсегеге арнау
өлең жазып, көңіл қаяуын былай бейнеледі:
“Құлдырайды əркім-ақ дəуірлеу жоқ бір ыңғай,
Баяны жоқ бағыдан шыр айналған дүние-ай.
Салтанатты сəттерің сақталмайды санассаң,
Шалқып жатқан жан едік біз де арнаға бір сыймай.
Дарқандығың қайда деп қарадан қарап налимын,
Мөлдіреген шараптан сананың сызын танимын.
Тамылжыған сазды əуен селт еткізбес жанымды,
Марғауланып өмірге өңімде ылғи қалғимын.
Беу, күндерім кешегі ханның қызы аталған,
Далалықтың үйінде түрім мынау маталған.
Бар медетім жалғыз-ақ мен емеспін пəниде,
Жаужюн ханша күйіне елтіп қайғы қата алған”.
Бұл өлеңді естіген патша оны жақтырмай, ханшаға берілетін
сыйлықтың мөлшерін азайтты. Ханша Батыс түріктің Нири қағанымен
бірікті. Ханша бұлғақ бастар деген қауіппен патша оны өлтіруді
ұйғарды. Дəл осы кезде ханшаның өзінің қол астындағы бір хумен
көңілдес болғаны жария болып қалды да, патша жарлық шығарып,
оның ханшалық мəртебесін қуатсыз етті. Бірақ бұған Толұм енжар
болар деп қауіптеніп, оның көңілін аулау үшін төрт наз наушаны
қосып, Чижяң сұлтаны Ню Хұңды оған елші етіп жібереді. Бұл кезде
Төле қаған атанған Ышбараның ұлы Намған солтүстікте ел-жұрты-
мен тұрушы еді. Ол сарайға елші жіберіп, өзіне патшалықтан қыз
айттыруды талап етті. Патша Пей Жюй деген адам арқылы оған:
“Егер Көшелі ханшаны өлтіре алса, патшалықтың қызын айттыруына
рұқсат” дегенді айтты. Төле қаған бұл шартты қабыл алып, ханшаның
үстінен өсек таратты. Мұны естіп ашуланған Толұм қаған Көшелі
ханшаны шатырының ішінде өлтірді.
Толұм мен Төле қағанның арасы алғай-шалғайлау бола келе,
өзара бірнеше рет шайқасып та қалды. Ақырында екеуін патша қайта
табыстырды да, əрқайсысы өз əскерлерін кері қайтарып алып кетті. 17
жылы (597) Төле қаған қалыңдығын қабылдау үшін елшісін жіберді.
Патша оны Жөрелгі мекемесіне тапсырып (патшалықтан қыз алудың)
алты жосыны бойынша жатықтырды, содан кейін өз əулетінің бір қызын
Салиқалы ханша деген атпен ұзатты. Патша солтүстіктегі тиектердің
арасына іріткі салу мақсатында сыйлықты əдейі мол беріп, Ню Хұң,
Су Уей, Хулюй Шяучиндерді бірінен соң бірін Төле қағанға елші
етіп жіберді. Түріктер де сарайға қол тапсыруға ілгерінді-кейінді 370
адамды елші етіп жіберді. Төле қаған бұрын солтүстік жақта тұратын,
ханшаға үйленген соң оңтүстікке қоныс аударып, ескі Түкен бекініс
жайына келіп орналасты. Сарай тарапынан сыйлық құйылып тұрды.
Бұған Оңғыл: “Мен тай қаған бола тұра, Намған құрам болмағаным
ба” деп бұлқан-талқан болды. Осыдан кейін ол сарайға тарту-таралғы
жіберуді доғарып, шекараны жиі мазалай бастады.
18 жылы (598) патша жарлық шығарып, Шу ханы (яң) Шюға
оларға шабуыл жасау үшін Лиңжоудан аттануды бұйырды. Келесі
жылы тағы да осы мақсатпен Хəн ханы Яң Ляңды бас қолбасшы етіп
тағайындады. Сол қол атарман Гау Жюң бастаған сеңүн Уаң Ча жəне
аға баған Жау Жұңчиндер өз əскерімен Шожоудан, оң Қол атарман
Яң Су бастаған баған Ли Чы жəне Хəн Сыңшоулар өз əскерімен
Лиңжоудан, аға баған Яң Рұң өз əскерімен южоудан шығып, оларға
шабуыл жасады. Оңғыл жəне Темкіт тізе қоса отырып, Намғанға
шабуылдады да, оның аға-бауырларын, балаларын түгел қырып
тастады. Сонан кейін Сарыөзеннен өтіп, Уейжоуға кірді. Намған бес
салт атты серігімен жəне Сүй патшалығының елшісі Жаңсүн Шыңмен
түнделетіп сарайға оралды. Патша Намғанға Оңғылдың елшісі Енту
тегінмен дауға түсуді бұйырды. Намғанның сөзі дəлелді болды да,
патша Намғанды қамқорлығында ұстады. Оңғылдың інісі Түселі бала-
шағасын тастап, Төле қағанмен бірге сарайға кірімтал болды. Патша
оларды марапаттап, Намған чупу деген ұтысқа түсір ді. Оны өзінің
қолында ұстау үшін қасақана біраз бағалы бұйымдарды оған ұтқызды.
Маусымда Гау Жюң, Яң Сулар Темкітке шабуылдап, оны талқандады.
Намғанға Елтынды Қынын қаған деген атақ берілді. Бұл қытайша
“ижыжян” (ақылды да ержүрек) деген атақ береді. Қынын хат арқылы
патшаның өзіне деген қамқорлығына алғысын білдірді. Патша оның
келіп қоныстануына арнап, Шожоу дуанында Дали қаласын салғызды.
Осы кезде Салиқалы ханша қайтыс болды да, өз əулетінің бір қызын
Мерейлі ханша деген атпен тағы да Намғанға қосты. Өз ұлысының
адамдары оған көптеп қайтып келе бастады. Оңғыл оған тағы да
шабуыл жасады. Осыған байланысты патша Намғанға шекараның
156
157
ішіне кіріп тұруға рұқсат етті. Оңғыл шапқыншылығын тоқтатпады.
Сондықтан Қынынға Сарыөзеннің оңтүстігіне қоныс аударып, Шяжоу,
Шыңжоу дуандарының ара лығына келіп орналасуға да ерік берілді.
Бірнеше жүз ли жерге созылған ор қазу үшін жұмыскерлер жіберілді.
Осылайша Сарыөзенге дейінгі шығыстан батысқа қарайғы кең алқап
Қынынның мал өрісіне айналды.
Сонан Толұмға шабуыл жасау үшін Юе ел-сұлтаны Яң Су
Лиңжоудан, жорық төбенайы Хəн Сыңшоу Чиңжоудан, Тəйпиң сұлтаны
Шы Уəнсүй Янжоудан, тайсеңүн Яу Бян Хыжоудан аттандырылды.
Қосын шекара шенінен шықпай, Толұмды өзінің қол астындағылар
өлтірді де, Тарду өзін Бөке қаған деп жариялады. Олардың елі əбден
былықты. Соған байланысты Тəйпиң сұлтаны Шы Уəнсүй оларға
шабуылдау үшін Шожоудан аттанды. Бұлар Тардумен Дажин тауында
кездесті. Бірақ лулар соғыспай тайып берді. Ұзамай Тарду өзінің ұлы
Қолбатты Қынынға Шөлдің шығысынан соққы беру үшін жіберді.
Патша Қынынға маңызды қатынас жолдарын ұстап тұруы үшін қол
ұшын беріп əскер жіберді. Сонан Қолбат амалсыз шегініп, шөлге қайта
кірді. Қынын осыған орай патшаға былай деп алғыс хат жолдады:
“Ұлы Сүй əулетінің əулие затты ағзамы Бағуар қаған айрықша қамқор
болды, халқымды шапағатқа бөлеп Ұлы Қорғанның оңтүстігіне
көшіп баруына рұқсат етті, Ақбелдеу шенінде де тұрғызды. Ал мен,
Намған, қурап қалған ағаш едім, бүршік жарып қайта көктедім, семіп
қалған сүйек едім, қайта жанданып, ет пен терім жетілді. Сондықтан
ұрпақтан-ұрпаққа Ұлы Сүй əулетінің қойы мен жылқысына мəңгі бас-
көз боламын”.
Рыншоудың 1 жылы (601) Дəйжоу дуанының төбенайы Хəн Хұң
Хың Хың-əнда лулардан жеңілді. Патша Яң Суға Юнжоу бағытының
жорық сардары ретінде Қынынды бастап солтүстікке жорық жасауды
бұйырды. Осы кезде таяуда ғана Қынынға берілген Қоқсыр сияқты
ұлыстар қайта жалт берді. Яң Су Сарыөзеннің солтүстік бетіне
келіп жайғасты. Осы кезде Түріктен Амұр Сілік іркін деген адамдар
Сарыөзеннің оңтүстігіне өтіп, Қынынның адамдарын тұтқындап,
малын барымталап кетті. Яң Су тайсеңүн Ляң Момен бірге оны қуып,
жеткен жерінде талқандап, адамы мен малын Қынынның өзіне тартып
алып берді. Яң Су əскер беріп аттандырған баған Жаң Диңхы, қолаға
тайсеңүн Лю Шың басқа жолмен барып, тұтқиыл шабуыл жасады да,
оларды ауыр шығынға ұшыратып, көп олжамен кері қайтты. Қосын
Сарыөзеннен өткен орайда қарақшылар Қынынның ұлысын қайта
шапты. Алайда Яң Су шығауыл Фəн Гүйды ертіп, Құрқұт аңғарының
шығыс оңтүстігінде оларды тағы қуып жетіп талқандады.
Осы жылы Нири қаған мен Ябғұ телектерден жеңіліс тапты. Ұзамай
Бөкелердің де берекесі қашты. Қай, Сеп сияқты бес тайпа ішкергі жаққа
ауды. Бөкеннің өзі тұйғұндарға берілді. Оның халқын өз қарауына
қосып алған Қынын тарту-таралғымен сарайға елші аттандырды.
Да-йеның 3 жылы (607) Яңды патша Юйлинге келді. Қынын мен
Мейірлі ханша патшаның уақытша сарайына келіп оған амандасты,
ілгерінді-кейінді 3000 жылқы сыйға тартты. Патша айрықша риза
болып, оларға 13 мың топ торғын-торқа бергізді. Қынын мен
Мейірлі ханша бірігіп мынадай датнама тапсырды: “Марқұм болған
əулие затты Бағуар қағанның көзі тірісінде-ақ мені мейіріне бөлеп,
Салиқалы ханшаны маған қосты. Əулие затты бүкіл əулетіме сондай
қайырымдылық жасап қамқор болды. Аға-бауырларым көре алмай, мені
зұлымдықпен өлтірмекші болды. Сол кезде менің барар тау, басар же-
рім қалмады, басымды көтерсем – аспан, тұқырсам жер ғана көрінді.
Əулие затты ағзамның “Жан сауғаласаң – панаңмын” деген бір ауыз
сөзі ғана əлі есімнен шықпайды. Əулие затты ағзам мені көріп аяп үл-
кен шапағат етті, жанымды алып қалды, сонан бұрынғыдан да күшейе
түстім. Мені тай қаған етіп отырғызды. Түріктердің өлгендерінен
басқасы түгел менің төңірегіме топтасып бұқарам болды. Шектен тыс
құдірет иесі сіз де, əулие затты сол ағзамдай, сегіз қиыр шар тарапты
биігіңізде ұстап, мені жəне түрік халқын асырап отырсыз, шынында да
ештемеден шолпы тартып отырған жоқпыз. Шексіз мəртебелі жосыны
маған тағы да қайырымдылық етіп, ұлы патшалықтың барша жосыны
бойынша киім-салым, шаш қою, заң-ереже сияқты істердің бəрінде
хуашялықтармен ұқсас болуға мүмкіндік беруіңізді жалына өтінемін”.
Патша олардың бұл өтінішін ұлықтардың қарауына берді. Олар келісім
беруге болады деп шешті. Бірақ патша былай істеуге болмайды деп
мынадай жарлық шығарды: “Дегдарлар басқаларды тəрбиелегенде,
олардан əдет-ғұрпын өзгертуді талап етпейді. Тəрбиелейміз деп етегін
кесіп, ұзын бау тағудың қажеті не?” Осыдан кейін Қынынға да жауап
хат жазып: “Шөлдің солтүстігінде əлі тыныштық орнаған жоқ. Əлі де
жорық жасауымызға тура келеді. Ізгі көңілмен шындап берілсеңдер,
соның өзі жеткілікті, киім-кешекті өзгертудің не қажеті бар?” – деді.
Патша 1000 адамдық үлкен шатыр тіккізіп, Қынын қағанды 3500
атақты адамымен сонда күтті. Оның өзіне 2000 топ торғын-торқа, ал
қол астындағыларға жіктеріне қарай сыйлықтар берді. Содан кейін
оны əздектеп, күйме, мініс ат, дабыл, сырнай жəне байрақ сыйлады.
Сондай-ақ қол тапсыру салтында (Қынынды) атымен атамауға нұсқау
берілді. Сөйтіп оны барша хан-бектерден жоғары қойды. Патша өзінің
Юнжұңға жасаған саяхаты кезінде Алтынғол өзенін өрлеп шығысқа
қарай жүріп, солтүстікте отырған Қынынның ауылына соқты. Қынын
патша ағзамның денсаулығы үшін тост көтеріп, аса зор құрметпен
тізесін бүгіп тағзым етті. Бұған патша қатты риза болып, мынадай
өлең шығарды:
”Ұлы Қорған үстінде желбіреп ту етті дүр,
Зырлап күймем көтерілді шаң үлдір.
Айқарыла қақпасы күнге қарап күмбез тұр.
Табынып ед қол қусырып Қағания,
Дөкей ханы бағына,
158
159
Бұрымдылар əкеліп ет тағамын сабыла,
Тондылар да шарабын көтереді табына,
Көк ұлы қандай Хəн əулеті кешегі,
Ие болған иен қалған тəңірқұттың тағына“.
Қынын мен ханшаға бір-бірден алтын құмыра, киім-кешек,
жамылғы көрпе жəне жамбас көрпе, жібек кездемелер сыйлады.
Тегінен төмендегілер де жіктеріне қарай сыйлықтар алды.
Осының алдында Қынын ордасына Корейлерден жасырын елші
келді. Қынын шет жұртпен байланысын жасырып қалуға батпай, оны
сарайға алып келді. Ню Хұңға мына жарлықнаманы оларға жариялауға
бұйрық берілді: «Қынын патшалығымызға баянды түрде адал болып,
шынайы ықылас танытқандықтан, оның ордасына өзім ат басын
тіредім. Келер жылы Жожюн аймағына баруға тиіспін. Қайтып барған
соң Корей билеушісіне айтарсың. Ол сарайымызға əлдеқашан зиярат
етіп келуге тиісті еді». Корей елшісі қатты қорықты. Осылайша Қынын
патшаны шығарып сала, шекара бекіністің шенінен өтіп Диңшяңға
келді. Осы арада оған өз иелігіне қайту туралы нұсқау берілді. Келесі
жылы ол Шығыс астанадағы сарайға қол тапсырып, мол сыйлықтар
алды. Сол жылы ол аурудан қайтыс болды. Патша осыған байланысты
сарайға зияратты үш күнге тоқтатты.
Оның орнына баласы Түркіт Шібір қаған деген лауазыммен таққа
отырды. Ол бұрынғы ханшаны өзіне қарату туралы рұқсат сұрады.
Осылайша елдің əдет-ғұрпымен санасу керектігі жөнінде жарлық
шықты. 11 жылы (615) қаған Шығыс астанадағы сарайға келді. Бұл
жылы патша ыстықтан қашып Фыняң сарайына кеткен еді. Тамыз
айында Шібір (қаған) өзінің жасақтарымен шабуыл жасап, патшаны
Янмында қоршауға алды. Жетіт бөлімдер келгенде Шібір кері қайтып
кетті. Осыдан кейін ол сарайға көпшір жіберуін доғарды. Келесі жылы
Ма-иға тағы да шабуыл жасады. Бірақ Таң сұлтаны оларды қайта қуып
тастады. Сүй əулетінің соңғы кезінде ел іші олқын-толқынды болды.
Кіндік қағанаттың ел-жұртынан Түрікке бағындырар қисапсыз көп
болды, осылайша олар мықтап күшейді. Шяу патшайымды Диңшяңға
орналастырды. Шюе Жюй, Доу Жянды, Уаң Шычұң, Лю Ужоу,
Ляң Шыду, Ли Гүй, Гау Кəйдаулар биліктерін асыра пайдаланып,
мəртебелерін өз төтелерінен көтергенімен, Шібір қағанға кірімтал
ретінде оның билігін қабылдады. Елшілер бірінен соң бірі толассыз
қайшалысып тұрды.
Батыс түрік Мұқан қағанның ұлы Төременнен басталады.
Ышбарамен араздасуына байланысты ел екіге айырылып, Төременге
қараған бөлігі біртіндеп күшті мемлекетке айналды. Шығыста
Түкенге, батыста Күсəн, Телек, И-уға дейінгі жəне жалпы Батыс
өңірдегі хулар соған қарады. Төремен Чориғаға тұтқын болғаннан
кейін, елі оның орнына Янсұқ тегінің ұлын таққа отырғызып, оны
Нири қаған деп атады. Ол өлгеннен кейін орнына оның баласы тарман
Нікіт Чори қаған деген лауазыммен таққа отырды. Тарманның шешесі
Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы еді. Тарман дүниеге келгенде, Ніл
(қаған) қайтыс болды да, Шяң бике қайнысы Бəжет тегінге тұрмысқа
шықты. (Сүй Уынди заманы) кəйхуаңның соңғы жылдарында Бəжет
Шяң бикемен бірге сарайға қол тапсырып келді де, Тарду бүлігіне
байланысты астанада бөгеліп, Мəмілелік идарасында тұрып қалды.
Чори қаған тұрақы қонысы болмаса да, бұрынғы Үйсін жерінде
ұзағырақ мекендеді. Ол екі кіші қаған тағайындап, елін бөліп
басқартты. Оның бірі Шаш елінің солтүстігінде тұрып, барлық ху
мемлекеттерін басқарды. Ал оның енді бірі Күсəннің солтүстігінде
Йыңса деген жерде тұрды. Мемлекет ісін басқаруға елтебер, яғұндалар
жауаптандырылды. Қалғандары Шығыс (түрік) мемлекетінікімен
бірдей болды. Олар əр мамыр, тамыз айларында барлық ел-жұрт
жиылып Тəңірге тасаттық беретін, жыл сайын жоғары лауазымды
ұлықтары кезінде ата-бабалары мекен тұтқан өңірге барып əруақтарға
құрбандық шалып қайтатын еді.
(Сүй Яңди заманы) да-йеның алғашқы жылдарында Чори қаған
ел билеуде дəрменсіздік жасап, ұлысының бір қауымы мұнан бет
бұрды. Телектермен арадағы талай жолғы қақтығыста да олардан
жеңіліп тынды. Осы кезде сарай жанауылы Пей Жюй Батыс өңірден
келгендермен əңгімелесіп, Чори қағанның елінің бүлініп жатқанын,
оның үстіне қағанның анасын сағынып жүргенін естіді де, мұны түгел
сарайға мəлімдеді. Яңди патша сарай жарлауылы Цүй Жюнсуды Чори
қағанға сəлемін жеткізуге əрі жарлықнаманы тапсыруға жіберді.
Чори қағанға керсіп, жарлықнаманы қабылдарда орнынан тұрмады.
(Цүй) Жюнсу Чори қағанға: “Түрік əуелде бір мемлекет еді, қазір
бір-бірімен жауласқан екі мемлекетке айналды. Əр жылы соғысып,
араларыңыздағы жанжал он неше жылға созылса да, бір-бірлеріңізді
жоя алмадыңыздар. Мұнан Қынын мен Чори ұлыстарының шама-
шарқының деңгейлес екенін айқын аңғаруға болады. Қазір Қынын
өз ұлысын бастап, миллионға жуық жасағымен Көктің ұлына бодан
болды, сонан бері адал қызмет атқарып келеді. Осының бəрі не үшін?
Ол билік тізгінін жеке өзінің қолына тимегеніне кінəлі деп қаған сізге
кектенеді. Сондықтан хəн əскерінен көмек аламын ба деген үмітпен
Көктің ұлына беріліп қызмет етуге мойынсал болды. Ол қазір екі
ұлы елдің күшін біріктіріп, қаған сізге жорық жасауды тіленіп отыр.
Сарайдағы ұлықтар мен қарашалар (патшадан) рұқсатыңызды беріңіз
деп талап етуде. Көктің ұлы көптің тілегіне қайшы келе қоймайды.
Шяң бике Кіндік қағанаттың қызы болғандықтан астанаға қайтып
барған. Қазір сарай жанындағы қонақүйде тұрып жатыр. Ол кісі Көктің
ұлының жарлығын естіп, қағанатыңыздың құруынан қорықты, ертелі-
кеш қайғырып, сарай қақпасының алдына барып көз жасын көлдетті.
Көктің ұлы ол кісіні аяп, райынан қайтты. Шяң бике аяғына жығылып
Көктің ұлының қаған сізге берілуге жағдай жасап, елші жіберуді,
рақым етіп Қынынмен бірдей құрмет көрсетуін сұрады. Көктің
ұлы ол кісінің тілегін қабыл алып, осында елші етіп мені жіберді.
160
161
Егер өзіңізді бодан атап, жарлықнаманы тағзым етіп қабылдасаңыз,
мемлекетіңіз мəңгі тыныштықта болады. Анаңыз қалған жасын
рақатта өткізеді. Егер басқаша болса, онда анаңыз Шяң бике Көктің
ұлын алдаған есептелінеді де, жазаға тартылады, басы кесіліп,
ордаңызға əкелінеді. Ұлы Сүй патшалығының əскері солтүстік əрмене
жасағымен əруақтанып, екі бүйірден келіп соққыласа, қағанның қаза
сағатын мөлшерлеу де қиын. Екі мəрте тағзым жасаудан аянамын
деп аяулы анаңызды өлімге қиюдың, боданбыз деген бір ауыз сөзді
айтпаймын деп Ғұн қағанатының кебін киюдің қажеті бар ма?” – деді.
Мұны естіген Чори орнынан ұшып тұрды. Сонан көзіне жас алып, екі
мəрте тағзым жасап, тізесін бүгіп патша жарлығын қабылдады.
Жюнсу Чориға тағы былай деді: “Қынын берілген кезде марқұм
патша оны марапаттап, аса жомарттықпен сыйлады. Сондықтан оның
əскері күшейіп, мемлекеті байыды. Қазір, Қаған, Сіз бізге берілу
жағында онан кейін қалдыңыз, енді патша алдындағы қадіріңізді
онан асырамын десеңіз, сіз қалайда Көктің ұлының көңілін табатын
бір істі тындырып, адалдығыңызды айғақтап шығуыңыз лағзым. Жол
алыстығы себепті өзіңіздің сарайға қол тапсыра баруға мүмкіндігіңіз
жоқ. Сондықтан бодандық құлқыңызды əйгілеу тұрғысынан бір еңбек
сіңіргеніңіз жөн”. “Сонда қалай?” – деді Чори. Жюнсу былай деді:
“Тұйғұндар Қынының кіші ұлы Бағадұр шадқа нағашы келуші еді.
Қазір Көктің ұлы Мейірлі ханшаны Қынынға қосты. Көктің ұлының
қаһарынан именген Қынын тұйғұндармен байланысын үзді. Сол
себепті тұйғұндар хəндіктермен жауығып тарту-таралғы мен көпшір
беруді тоқтатты. Егер қаған сіз соларды жазалауға аттанайын десеңіз,
Көктің ұлының рұқсатын беруінде күмəн жоқ. Егер хəндіктер ішкергі
жақтан, қаған, сіз сырт тараптан соққы берсеңіздер оларды қалайда
тас-талқан етесіздер. Осыдан кейін сарайға қол тапсырып барамын
десеңіз, жолыңызда бөгет болмайды. Сонымен бірге қарт анаңызбен
де дидарласа аласыз. Бұл табылған ақыл емес пе?” Чори бұған қатты
қуанды. Осылайша тарту-таралғымен сарайға елшісін жіберді.
Патша батыс аймақтарды көзімен көрмекші болды. 6 жылы (610)
патшамен Дадоуба аңғарында кезігетіндігі туралы жарлықты алып,
Чориды шақырып келуге жандама төреші Уей Же жіберілді. Бірақ
ордадағылар бұған қарсы болды. Чори елшінің алдында кешірім
сұрап, басқа сылтаумен патшамен кездесуден бас тартты. Бұған
патша қатты ашуланды, бірақ істер амалы да жоқ еді. Осы кезде
ұлыс бегі Шағыр патшалықтың қызын айттыруға жаушы жіберді.
Пей Жюй осы іс жөніндегі датнамасында: “Чори өз елінің күшіне
сеніп, сарайға қол тапсырмай отыр. Пақырыңыз оларды амалмен
əлсіретуді тілек етеді. Мемлекетін бөлшектегенде оларды оңай
бағындыра аламыз. Шағыр – Түріктің баласы, Тардудың немересі.
Арғы аталарынан қаған болып батыс тарапты басқарған. Ол батысқа
таяу ұлыстарды басқарды. Естуімше, қазір ол қызметінен айырылып,
Чориға тəуелді болған көрінеді. Осы себептен де ол одақ жəрдеміне
зəру болып, бізге елшісін жіберіп отыр. Соның үшін оның елшісін
ерекше құрметпен қабылдап, Шағырды тай қаған деп бекіткеніңіз
ақыл болар еді. Сонда түріктердің күші екіге бөлінеді де, əр екеуі
бізге бағынатын болады”, – деді. Оған патша: “Сенің бұл айтқандарың
көкейге қонады”, – деді. Осыған орай ол Пей Жюйды ертелі-кеш қонақ-
үйге жіберіп, емеурінін елшіге тұспалдап жеткіздірді. Сонан патша
елшіні Рынфыңдян сарайында қабылдап, оған Чоридың бағынбай
жүргенін ескерте отырып, Шағырдың ізгі көңілі үшін оны тай қаған
етіп тағайындайтынын айтты əрі Чориға жазалау жорығын жасауды
бұйыратындығын, қыз беру ісі сосын шешілетіндігін ұқтырды.
Соңынан патша Шағырға берген сыйым деп ақ қанатты бамбук жебені
алды да, елшіге: «Бұл іс осы ұшқыр жебедей неғұрлым шапшаң бітетін
болсын», – деді. Қайтар жолда елші Чоридың жерімен жүретін. Чори
жебеге қызығып, оны алып қалғысы келгенде, елші айласын асырып
онан құтылып кетті. Шағыр бұл хабарға төтенше қуанды. Əскермен
барып Чориға тұтқиыл шабуылдады. Ойсырай жеңілген Чори бала-
шағасын тастап, маңындағы нөкерлерін ертіп бірнеше мың атты
əскерімен шығысқа қарай қашты. Бірақ жолда талауға түсіп, Гаучаңға
қашып барып, Шырамана тауына бекінді. Гаучаң ханы Чюй Бо-я мұны
патшаға мəлімдеді. Патша Пей Жюйға қажетті нөкерлерімен Шяң
бикені алып, Юймынгуандағы Жинчаң қамалына шұғыл аттануға
бұйырды. Пей Жюй Шяң бикенің атынан оған адам жіберіп, сарайдың
кешірімділік ниетін жеткізіп, ақыл-насихат айтқызды. Осыдан кейін
ол сарайға келді. Бірақ мұнда көбіне көңілсіз жүрді.
7 жылдың (611) қысында Чори Линшо сарайында патшаның
қабылдауында болды. Оған қонақасы берілді. Чори тағзым етіп,
алғысын білдіріп былай деді: «Батыс тараптағы бажақтарды билей-
мін деп ертерек қол тапсыруға келе алмаппын. Өте кеш зиярат етке-
німе өзімді үлкен айыпты санаймын. Қазір бойымды қорқыныш
билеп, көңілімдегі сөзімді де жеткізе алмай тұрмын». Бұған патша:
«Бұрынғы кезде түріктер өзара қырқысып, бейбіт өмір кеше алмады.
Қазір төрт төңірегімізге тыныштық орнап, үйлі жандай берекелесіп
отырмыз. Мен олардың табиғатына сəйкес бəрін сақтап, бағып-
қағуды қалаймын. Мысалы, аспанда күн жалғыз нұрын төгеді. Соған
бəрі тыныштықта. Егер күн екеу не үшеу болса, күллі тіршілік қайтіп
тыныштық таппақ? Чоридың бұрын жұмысбасты болып, дидарласуға
келе алмағанын білемін. Бүгін болса да Чориды қасымнан көріп, шын
көңілден қуанып отырмын. Чори да көңілсіздіктен арылып, осындай
жадырап отырсын», – деді. Келесі жылы жаңа жыл байланысымен
патшаны құттықтап тост көтерген Чори: «Аспан астындағы, жер
үстіндегі күнмен, аймен нұрланған мына əлемде əулие затты қаған
деп сізді ғана айтуға болады. Бүгінгі мына ұлы күнде əулие затты
қаған сіздің мың-мың жасап, мəңгі бүгінгідей саламат тұруыңызды
тілеймін», – деді. Патша оның қол астындағылардан түмен шақты кəрі-
əлжуаз адамды алып қалып, інісі Тарду Күл шадтың басшылығында
162
163
Хүйниң аймағында мал өсіруге жарлық шығарды. Чори Корейге
қарсы жорыққа патшамен бірге аттанды. Оған Қарсана қаған деген
атақ əрі мол сыйлық берілді.
10 жылдың (614) басқы айында оған Опагер ханшаны қосып,
1000 қамқа тон, 10 мың топ түрлі жібек кездеме сыйлады, патша
оған бұрынғы иелігін алып бергісі келіп еді, бірақ оған Ляудұң
соғысы кедергі жасады. Сонан патша жер-жерді тексергенде оның
қасында болды. Жяңдудағы бүліншілік кезінде (Юйуын) Хуажиға
ілесіп Сарыөзеннің солтүстігіне барды. (Юйуын) Хуажи жеңілуге
айналғанда, ол астанаға қайта қашып келді. Кейінірек Теріскей
түріктердің қолынан қаза тапты.
Á°FÛÒÛ
164
165
Достарыңызбен бөлісу: |