«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет30/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Батыс беті /Оа. І. 1–8/
1. Ата-бабамыз Ямы-қаған əлемнің төрт бұрыштағыларын қысты
бағындырды, басып алды. Ол хан ғайып болған соң ел азып-тозып, 
шаршап бытырап кетті.
2. Қағандық құрған қағанын /күшпен/ жойды. Түрік халқы ілгері – 
күншығысқа, кейін – күнбатысқа дейін, алдыңғы – табғачқа, сыртқы 
[Көгімен]-жынысына дейін [тарап кетті]
3. Айбынды сарбаздарын балбал қылды. Түрік халқы, атақ-даңқы жоқ 
болып бара жатты. Түрік халқы өлмесін, жітпесін деп, жұлыс-керіс 
/бүліншілік/ болмасын деп жоғарыда Тəңірі жарылқады [......]
4. Қапаған, Елтеріс қаған елінде қылындым /тəрбиелендім/. Елетміш 
явғу ұрпағы Ышбара Тамған-шор Явғу, інісі білікті Ышбара Тамған-
тархан аймағымен /барлығы/ алпыс бес ата [..........]
5. Бұл табғачтағы батыс оғыз бектер жеті-ерен (жеті ру) [өзара] 
жауласты. Əкем Баға-Тəңіркен екі аралыққа (ағайындыққа) аттанды. 
Ісін-күшін берді.
6. Тəңіркенді ісін-күшін бердің деп жарылқады. Шад атағы сонда 
берілді. Болтұқда тоғыз-оғыз бегі жауласты. Көп еді. Тəңіркен 
аттанды
7. Біз өте əлсіз едік. Азды-көпті кіріп келді. Шабамыз деп келді. Қазіргі 
бектеріме сын еді. Біз азбыз деп қорықпаймыз [.......................]
8. Əкем-шад былай өтінді: Тəңіркен [қол астына] алмасын, халық анда 
ебімізге, иесіне [топ-тобымен] жиналды.
Шығыс беті /Оа. ІІ. 9–12/
9. Барлық қаланы шаптым. Бағындырдым, олжалап алдым. Қолы 
/əскері/ келді, қара халықты жүгіндірдім. Бегі қашты. [...] жау 
болды. Табғач халқын [.................] шабуылдадым, бағындырдым, 
бастым, тоз-тозын шығардым. [.................] жойғанға дейін
10. келіп жеттік. Бектер өзара жауласты. [Сонда], шабуылдаушы мен 
боламын деп ойладым. Тəңірім Білге қағанды ойлап ісімді, күшімді 
беруге тиістімін. Шабуылдағаны үшін [...........] болды. Жүгіндірдім. 
Ебке (күренге) шаптым ұрыс қылып,
11. шабуылдап ініме, ұлыма осылайша өтіндім, ақыл айтып: «Елтеріс 
қағаннан айырылмадық, жаңылмадық. [Енді] Тəңірі Білге қағаннан 
да айырылмаймыз, азбаймыз» – деп өтіндім. Батысқа барар жерге 
дейін бардық. Білге қағанның халқы [...........] барды. Бір бөлігін 
/қолдың/ қосып беріп, ісін, күшін бердік.
12. Жоғарыда Тəңір хан Ұлу жылының жетінші айында айбынды 
алып қағанымыздан айырылып кете бардық. Білікті аташымның 
киелі орнының [қызметін], қалдырған ақығын /дүние-мүлкін/ мен 
мойныма алдым. Су-жер, Тəңірі ... [..............] Табғач [шекарасына] 
аттанар болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет