С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата01.06.2023
өлшемі1.9 Mb.
#474605
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Практика 2023 2

ҚОСЫМША Д 
5. 
Ағылшын тілі бойынша жаңартылған білім беру 
бағдарламасының тұжырымдамасын үйрену. 
Жаңартылған бағдарлама – бұл жаңа оқулықтар, жаңа сағаттар кестесі, 
жаңа тəсілдер, əдістер, стратегиялар ғана емес, ең бастысы, білім 
мазмұнындағы өзгерістер, ұзақ мерзімді, орта мерзімді жəне қысқа мерзімді 
жоспарлаудың жаңа көрінісі, сондай-ақ балаларды бағалаудың жаңа тəсілдері 
(формативті, жиынтық бағалау). 
Жиынтық бағалаудың мақсаты-белгілі бір уақыт кезеңіне оқушылардың 
білімін меңгеру деңгейін жəне біліктері мен құзыреттіліктерін қалыптастыру 
жəне алынған нəтижелердің стандарт талаптарына сəйкестігін анықтау. 
Бағалаудың барлық түрлері, ал формативті бағалау əсіресе оқушылардың 
жұмыстарын/ жұмысын бағалауды ұйымдастыру үшін мұқият əзірленген 
критерийлерді пайдалануды көздейді. Критерийлерді пайдалана отырып 
бағалау осы процесті білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін 
ашық жəне түсінікті етуге мүмкіндік береді. Критерий бағалау 
объективациясы қабілетті. 
Формативті бағалаудың мақсаты оқу үрдісінде мұғалім мен оқушылардың 
қызметін түзету болып табылады. Қызметті түзету мұғалімнің немесе оқу 
нəтижелерін жақсарту үшін оқушылармен бірлесіп тапсырмаларды қоюды 
көздейді. 


Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқу-жаттығу мақсаттарына 
қарай жылжу процесін қадағалауға мүмкіндік береді жəне мұғалімге оқу 
үдерісін ерте кезеңдерде түзетуге, ал оқушыға – өзінің білімі үшін 
жауапкершілігінің үлкен дəрежесін түсінуге көмектеседі. 
Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. Қазіргі таңда 
мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші 
сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың 
мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу 
негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту 
оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың 
қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге 
мүмкіндік алады. 
Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру 
мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі əдіс-тəсілдерін, құрылымын жақсы 
білуі қажет. Мотивация мəселелерін қарастыруда жəне қалыптастыру жолын 
іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның 
қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі əр сабақтың үрдісінде 
көрінеді.
Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, қазіргі таңда 1-сынып 
«Smile» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптың ерекшелігі сөйлеу мен 
тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу 
тапсырмалары бар жұмыс кітабы жəне əр сабақтың жоспары мен əртүрлі 
əдіс-тəсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай
көрнекіліктері берілген. 
Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, 
оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең 
жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты 
фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген 
педагогикалық іс- əрекеттің тиімділігін жетілдіру жəне сабақтағы əлеуметтік-
психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену 
сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту 
сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс жəне жазудан гөрі оқушылардың 
тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста 
балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-
аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін 


күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін 
қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш 
оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту жəне сабақта ойын 
түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап 
ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Əр кез ойын шешім 
қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды 
шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пəн бойынша алған білімі 
емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші 
болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында 
көрінеді. Мысалы 1сыныпқа арналған бір сабағымды алып көрсетсем, «About 
myself» яғни, өзін жəне отбасымен таныстыру. Бұл тақырыпта оқушы отбасы 
мүшелерімен танысады. Танысу барысында “This is ” құрлымымен жəне “my” 
есімдігімен толықтай меңгеріп шығады. Сондай-ақ бұл құрлымдарды 
оқулыққа арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап жəне көзбен көріп 
сөйлей алуға дағдыланады. 
«Жаз жəне көрсет» - деген тəсіл оқушылардың шет тіліндегі сөздің 
қорларын қарым-қатынас жасау үрдісінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл 
тəсіл де – əмбебап тəсіл болып табылады, мұны лексика мен грамматиканы 
бекітуге қолданылады. Қарым-қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер 
қолданылады. 
Таңдамалы сабақ (дəстүрлі емес сабақ) əр түрлі болады, яғни, оқытудың 
дəстүрден тыс əдіс-тəсілдері қолданылады жəне мұнда балалардың оқыту 
деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға 
септігін тигізеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет