ҚОСЫМША Е
6.
Шет тілі бойынша бейне-сабақ жасауға қойылатын талаптарды
зерделеу
1) Шет тілінен бейне-сабақ түсіруге қойылатын талаптарды меңгеру.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығушылығын
арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың
əр түрлі технологиялары жасалып, жан-жақты ізденістің нəтижесінде білім
беру саласында жаңа технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.
Компьютер мен бейнемагнитофон сияқты электронды ақпарат құралдары
студенттерді оқыту мен тəрбиелеуде маңызды бола бастады. Видеоны
қолдану оқушылардың коммуникативті мəдениетін қалыптастыруда өте
тиімді болып табылады.
Бейне-сабақтарды өткізу кезінде негізгі тəсілдер мен қағидаларды ұстану
қажет.
1.
Түсіру талаптары:
а) бейне көрінісі мен дыбыс сапасы жоғар деңгейде болуы;
б) мұғалімнің өзі сөйлеп, түсіндіретін жерлерінің болуы;
в) адамның бет-əлпетінің айқын көрінуі;
г) презентацияда фотосуреттердің, иллюстрацияның, бейнелік,
дидактикалық материалдардың болуы қажет.
2.
Сюжет талабы:
а) көріністердегі диалогтардың мазмұны мен сюжет арасында нақты
байланыс болуы керек.
3.
Сөйлеу мəнеріне қойылатын талаптар:
а) видеода адамның сөйлегені анық, ашық жəне фондық шуылсыз болуы;
б) сөз сөйлеу жеткілікті айқын, акцентсіз жəне де тез болмауы керек.
4.
Тілге қойылатын талаптар:
а) тіл əдеби тілдің талаптары мен стандарттарына сəйкес заманауи болуы;
б) мəлімдемелер арасында табиғи үзілістердің болуы;
в) жаргон сөздердің қысқа, əрі түсінуге жеңіл болуы;
г) мəтінде жаңа сөздердің, белгісіз ым-ишаралардың аз болуы қажет
5.
Мазмұнына қойылатын талаптар:
а) студенттерге практикада кездесуі мүмкін жағдайлар болуы керек;
б) сабаққа көркемдік, жарнамалық фильмдер жəне басқа да сюжеттерді
таңдауға болады.
|