Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет161/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
238
деген графасында қазақтар өте аз болғаны, айтпасада түсінікті, өйткені 30-шы жылдардың 
соңындағы НКВД лагерлерінің мәліметтері бойынша ГУЛАГ лагерлерінде жатқандардың 1,3 
пайызы ғана қазақтар болған.
Есебімізді Қазақстанның ауыл халқынан бастайық. 1939 жылғы санақ мәліметтерінің 
мұрағаттарында сақталған құжаттарынан Қазақстанның ауыл халқына 609069 адам қосылғанын 
көруге болады. Демек санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның ауылды елді мекендерінде 
тұрады деген 4441075 адамнан 609069 адамды алып тастаймыз, сонда Қазақстанның ауылды 
елді мекендерінде 1939 жылы нақты 3832006 адам тұрғаны анықталды
Енді бұл саннан қаншасы қазақ қаншасы басқа ұлт өкілдері болғанын анықтаған дұрыс 
болар. Бұл жерде сол кездегі ГУЛАГ-та қанша қазақ болғанын білгеніміз дұрыс болар. Өйткені 
ГУЛАГ-тан келген 375180 санақ парақшасы мәліметінде ұлты деген графасында қазақ көп 
болсын деп өзгертпеген болар дейміз. Статистика мәліметтері бойынша 1939 жылы ГУЛАГ 
лагерлерінде сотталып жатқандардың 63 пайызын орыстар, 1,3 пайызын қазақтар құраған 
екен, осы пайыздық көрсеткіштерді негізге алып 375180 ГУЛАГ-тан келген санақ парағының 
үлесіне бөлсек 1939 жылғы Қазақстан халқы бірінші кезекте 4877 қазаққа,236363 орысқа 
және 133939 басқа ұлт өкіліне көбейтіліп берілгенін пайымдап айта аламыз. Ал бұдан кейін 
халық саны тағы да көбейтілгені мәлім ғой. Бұл жерде халық саны бір ұлт көбірек, бір ұлт 
азырақ көбейтілген емес шығар деген М.Тольцтің ойын қоштаймыз, бұл жерде халық саны 
әр халықтың санақ кезіндегі анықталған пайыздық үлес салмағына сәйкес көбейтілген шығар 
деп ойлаймыз. Мұрағатта бұның бет-пердесін ашатын мәлімет жоқ. Алайда 1939 жылғы санақ 
мәліметтеріне 609069 адам қосылғаны анық, оның 375180 ГУЛАГ-тан келген санақ парақтары, 
демек екінші кезекте Қазақстанның ауыл халқына қосылғаны 233889 (609069-375180) адам 
болған. М.Тольцтің есептеуінше бұлардың 77,5 мыңы орыстар және 102,9 мыңы қазақтар 
болған. Ресми мәлімет бойынша санақ мәліметтерінде орыстар үлесі қазақтардан көп, ал 
М.Тольц болса ресми мәліметтен лагерден келген санақ парақтарындағы орыстар үлесін алып 
тастап, қазақтар үлесінің көбейген формуласымен қазақтардың үлесін 102,9 мың орыстар үлесі 
77,5 мың деп бұл сандарды санақ қорытындысынан алып тастап төмендегі кестеге шығарып 
отыр [5,75-76 б.].
Кесте – 1. Қазақстанның этникалық құрамы. Ресми және жаңа есептер бойынша
Этникалық топтар
Ресми мәліметтер
Жаңа есептер бойынша
Барлық 
халық
Қала халқы
Ауыл халқы
Барлық 
халық
Қала халқы
Ауыл халқы
Қазақтар
2327,6
374,6
1953,0
2198,8
353,6
1845,2
Орыстар
2458,7
987,2
1471,5
2089,4
932,0
1157,4
Украиндықтар
658,3
136,8
521,5
571,4
129,2
442,2
Өзбектер
120,7
37,1
83,6
107,2
35,0
72,2
Татарлар
108,1
60,1
48,0
95,1
56,7
38,4
Немістер
92,6
13,8
78,8
82,3
13,0
69,3
Поляктар
54,8
5,2
49,6
47,1
4,9
42,2
Евреилер
19,2
10,1
9,1
12,6
9,5
3,1
Басқалар
311,1
85,1
226,0
242,4
80,4
162,0
Барлығы 
6151,1
1710,0
4441,1
5446,3
1614,3
3832,0
Біз 1939 жылғы санақ мәліметтері бойынша Қазақстан халқы қанша адамға артық жазылғанын 
анықтадық. Енді Сыр өңірінің халқының санына және ұлтына қарай қай ұлтқа қанша қосылғанын 
анықтау керек. Бұл жердеде математикалық әдістерге көшеміз. Біріншіден 1939 жылғы санақ 
бойынша ресми мәліметтегі Қызылорда облысы халқының санын анықтаймыз-қалада 94593 
адам тұрған және ауылда 233 474 адам өмір сүрген. Екеуін қосқанда облыс халқының саны 
328067 адмды құраған. Мұрағаттардан табылған НКВД-ның құпия нұсқауларынан білетініміз 
санақ кезінде тек ауыл халқының үлесі көбейтілген, демек біз 233474 деп көтермеленіп 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
239
көрсетілген Қызылордалық ауыл халқының нақты қанша адам болғанын шығаруымыз керек. 
Бұл үшін Сыр өңірінің 233474 ауыл халқын 100 пайызға бөліп 13,7 пайызын алып тастаймыз. 
13,7 пайыз дегеніміз Қазақстанның ауыл хлқының сырттан әкелген санақ парақтары есебінен 
және ойдан қосылған пайызы есебінен көтермеленген пайызы. Сонда Қызылорда облысының 
ауыл халқының саны 201488 адам болып шығады. Бұған 94593 қала халқын қоссақ 1939 жылғы 
санақ мәліметтері бойынша облыс халқы 328067 адам деп көрсетілген санының орнына 296081 
деп жазуымыз керек. Ресми ақпарат 31986 адамға көбейтіліп берілген. Ұлттық құрамына 
келетін болсақ 1939 жылғы ресми санақ мәліметтерінде Қызылорда облысында 200009 қазақ 
бар делінген, оның 36395 қалада, 163614 ауылды елді мекендерде тұрады делінген, орыстар 
болса 67497 адам оның 36038- қалада, 31459-ауылда тұрған, үшінші кезекте облыстағы көп 
этностар қатарында 35305 кәріс болған, олардың 11293-қалада, 24012-ауылды елді мекендерде 
тұрған. Қазақстаннның ауыл халқына қосылған 609069 адамның 314,1 мыңы орыстар, 107,8 
мыңы қазақтар, қалғандары басқа ұлт өкілдері болған.
М.Тольцтің есептеулері бойынша шындығын айту керек негізінен өз зерттеулерін нақты 
ұлттың құрамына қарай берілген цифрлармен емес математикалық болжам тәсілдерімен 
жүргізген. 609069 деген санды алып бұдан сол кездегі Қазақстандағы екі ірі этнос өкілдерінің 
үлесін шығарсақ Қазақстанның санақ мәліметтеріне қосылған 609069 «адамның» 51,57пайызы 
орыстар, 17,70 пайызы қазақтар, 30,73 пайызы басқа ұлт өкілдері болған. Осы әдісті 
Қызылорда облысының мәліметтеріне пайдалансақ облыс халқының ауылды елді мекендерінде 
тұратындарынан 16495-орысты, 5661-қазақты, 9830 басқа ұлт өкілдерін алып тастауымыз керек.
Сонда шығатын облыс халқының саны 296081 адам, оның 194348 қазақтар, 51002 орыстар, 
50731 басқа ұлт өкілдері болған. Пайызға шаққанда облыс халқының 65,64%-қазақтар, 
17,23%-орыстар, 17,13%-басқа ұлттар өкілдері құраған.
Әрине бұл сандар жобалап беріліп, нақты дұрыс санды бермеуі мүмкін, бірақ Сталиндік 
зұлмат заманда санақты жүргізген адамдар НКВД бақылауында болып білгендерінше ресми 
мәліметтерді сол кезгі саясат ықпалына қарай бұрмалап іздерін қалдырмай, жүргізген 
математикалық өзгерістерінің формулаларын қалдырмаған. Сондықтан олардың өзгерткен 
мәліметтерін біз ашуға тырыстық. Тіпті М.Тольцтің екі бөлек жүргізген қосылған санақ 
парақтары мен кейін көтермелеген пайыздарын біз бірге есептедік. Осы жерде біршама 
кемшіліктер болуы мүмкін, бірақ біз шама-шарқымызға қарай, аз мәліметтерден барынша нәтиже 
шығаруға тырыстық. Бұл бағытта әліде мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу керектігі көрініп 
тұр. Алайда осы зерттеу нәтижелерінің өзі Сыр өңірінің ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы 
этно-демографиялық тарихына біздің қосқан үлесіміз болды.
М.Тольц 1939 жылы Қазақстан халқы 5446,3 мың адамды құрады деп есептеп шығарды, 
олай болса біздің есептеп шығарған 296081 адамнан тұратын Қызылорда облысы халқы сол 
кезеңдегі Қазақстан халқының 5,4% құраған, ал облыста тұратын 194348 қазақ ұлтының өкілі 
Қазақстанда сол кезде тұрған 2198,8 мың қазақтардың 8,8% құраған.
Бұл кезең Қызылорда облысында қазақтардың әліде көпшілік ұлт өкілдері болған кезең 
болды, бас аяғы бұдан кейінгі 2-5 жылда бұл көрсеткіш күрт өзгерді. Ондаған мың қазақ 
балдарының майданға кетуі, ондаған мың адамдардың соғыс оты лаулап жанып жатқан 
аудандардан Қызылорда облысына эвакуацияға келуі, 1943-1944 жылдары туған жерлерінен 
еріксіз көшірілген, репрессияланған халықтардың жүз мыңдап Қазақстанға оның ішінде 
Сыр өңіріне қоныс аударылуы Қазақстанның оның ішінде Қызылорда облысының да этно-
демогрфиялық жағдайын күрт өзгертті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет