Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет163/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
242
– Түркістан-Сібір жолындағы Отар станциясының №29 мектептің интернатына;
– Луговой станциясы мен осы ауданның колхоздарындағы жатаханалар мен мектептерге, 
№33 темір жол бойындағы мектепке, аудандағы магазиндер мен қоймаларға;
– Мерке ауданының клубтары мен колхоздарының клубтарына, «Қызыл Интернационал», 
«Красный Восток» колхоздарына;
– Оңтүстік Қазақстан облысына сол кезеңдерде қараған Шақпақ станцияларына уақытша 
тұрақ ретінде орналастырады.
Соғыс жылдары КСРО-ның түрмелерінде тұтқында отырған поляк азаматтарына 
рақымшылық жасалынды. 1942 жылдың 22 қаңтарында Жуалы ауданының Шақпақ ата 
ауылындағы шахта маңында поляк ұлтының әскери тұтқындары болды. 1943 жылдың тамызынан 
бастап, поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін Қызыл Армияның қолдауымен олардың 
көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында әскери қимылдарға 
қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. 
Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 1930 жылдары депортацияланған бөлігі 
қалып қойды. Тәуелсіздік жылдары Луговой және Шақпақ станцияларын уақытша тұрақ еткен 
кезеңде қайтыс болған поляк жауынгерлеріне арнап ескерткіш орнатылды [7, 320-321 б.б.]. 
Облыстағы Сталин атындағы колхозда поляктар көптеп орналасты және облыс басшылары 
оларды азық-түлік, баспана және отынмен қамтамасыз етті. Мұрағаттағы 282 – қордың, 1 – 
тізіміндегі, 548 – ісінің, 36 – бумасы құжаттарды парақтасаңыз көңіліңізге қаяу түсіретін 
деректер мен дәйектер бар [9]. Соғыс жылдары қыстың қақаған аязында поляктардың көбісі 
ауырып қайтыс болды. Балалар өлімі көбейді. 
Польша консулының қаржысымен Жамбыл облысында екі балалар үйі қаржыландырылып, 
қолға алынған. Ол балалар үйінің бірі Қордайда, екіншісі Шу ауданында болды. Кейінірек, 
1945 жылы Қазақ ССР-дағы Наркомпрос мәліметі бойынша поляк балалары үшін 979 адамды 
құраған 10 балалар үйі ашылған. Солардың бірі Жамбыл облысындағы Шу ауданына қарайтын 
Мойынқұмдағы балалар үйінде – 71 бала тәрбиеленсе, Свердлов ауданына қарасты Ново-
Ивановка, қазіргі Жетібай ауылындағы балалар үйінде поляк балалары болды. 1944 жылы 23 
қарашадан бастап облыста балабақшалар ашылып, оларда да поляк балалары тәрбиеленген [10, 
214 б.].
Соғыс жылдары Қазақстан жеріне Солтүстік Кавказдан, Қырымнан, Закавказьеден барлығы 
1943-1944 жылдары 507480 адамнан құралған армян, әзірбайжан, грек, қалмақ, қарашай, ингуш, 
шешен, балқар, қырым татарлары, түріктер депортацияланады. 
1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың қаңтарына дейін қарашайлықтардың жері неміс 
басқыншылардың қолында болып, бұл территория жаудан тазартылғаннан кейін Кеңес өкіметі 
1943 жылдың 12 қазанында «Қарашай автономиялық облысын жою және террториядағы әкімшілік 
төңіректі қайта құру» туралы құпия қаулы қабылдайды. Бұдан кейін Кеңестік өкіметі «неміс 
басқыншылары Қарашай Автономиялық облысына басып кірген кезеңде қарашайлар опасыздық 
көрсетіп, сатқындық жасап, көптеген адамдарды немістерге ұстап берген, неміс-фашистерінің 
құрған ұйымына кіріп, Кеңес өкіметіне қарсы соғысты», – деген желеумен Кеңестік Социалистік 
Республикалар Одағының Жоғарғы Кеңес қаулысымен Қарашай автономиялық облысы 
жойылды. 1943 жылдың 14 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі қарашайлықтарды 
туған жерінен көшіру туралы құпия қаулы шығарады. Көптеген қарашайлықтарға «Закавказье 
асуынан өтер кезде немістерге жол көрсетті», – деген желеумен айып тағылып, тұтқынға 
алынып, түрмелерге жабылды. Сөйтіп, ұлтты қатаң жазалау мақсатымен, 70 мыңға жуық 
тұрғыны бар Қарашай Автономиялық облысын жойылды. 1943 жылдың 2 қарашасы күні 14774 
қарашайлық шаңырақ, жалпы саны 69267 адам Қазақстан мен Қырғызстанға депортацияланды. 
Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11711 шаңырақтан құралған 
45529 адамы бөлінеді [1, 51 б.]. Аз уақыттың ішінде үйлерінен қажетті деген 100 кг заттары 
мен азық-түлігін алып шығуға рұқсат беріп, арнайы әскермен машиналарға артып, жағдайы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет