Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі


-сурет. Жаяу әскер ұрыс машинасы (ЖҰМ-2)



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
kozhamzharov

 
1-сурет. Жаяу әскер ұрыс машинасы (ЖҰМ-2) 
Мотоатқыш бӛлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-
жарақ пен ұрыс техникасына ие бола отырып, қарсыластың ұрыс 
техникасын және атыс құралдарын, адам күшін бірден жоюға 
қабілетті. Олар жоғары қарқынмен шабуылдап және ауа райы, 
жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген уақытына қарамастан
ұрысын қажырлы түрде жүргізе алады. 
2. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның 
түрлері 
Ұрыс — соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бӛлімшелері 
(ұшақ, кеме) мен бӛлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. 
Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не 
тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, 
шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. 
Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай тактикада 
ұрыстың мынадай түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және 
шабуылдаушы ұрыстың кӛп түрі ретіндегі бетпе-бет ұрыс. 
Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыластың толық 
талқандалуын қамтамасыз ете алады. Шабуылдың мәні — 
қарсыласты қолда бар құралдардың кӛмегімен талқандауды 


68 
барынша қолдану арқылы және алынған нәтижені тиімді 
пайдалана отырып, қарсылас орналасқан жерге сұғына ену
адамдарды, қару-жарақты, ұрыстық техниканы қолға түсіру және 
қарсылас аумағын басып алу. Қарсыласқан жауға маңызды 
ауданды (шепті, нысанды) шабуылдап алуға қажетті жағдайды 
ұтымды амалдар — соққының барлық құралдарын білікті 
қолдану, 
ядролық, 
соққылардың, 
әуе 
соққылары 
мен 
артиллериялық атқылаудан соң пайдалану, бӛлімшелердің батыл 
қимылдары, шабуылды тереңдей ілгерілетіп жедел дамыту. 
– бұл қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып
оның шабуылын тойтару, маңызды аудандарды (шепті, 
нысандарды) бермей ұстап тұру, сол арқылы әскер-лердің қарсы 
шабуылға шығуына жағдай жасау мақсатында жүргізілетін 
ұрыстың бір түрі. Қорғаныс, ең алдымен, қарсыласқа атыс 
құралдарын барынша қолданып соққы берумен немесе сыналап 
кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу 
арқылы қайтару жағдайдың бастапқы қалпын сақтап қалумен 
сипатталады. 
Бӛлімшелердің қорғанысқа кӛшуі қарсыласпен тікелей 
түійскен жағдайда немесе онымен түйіспей тұрған уақытта 
жүзеге асырылуы мүмкін. 
Бетпе-бет ұрыс – шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып 
саналады. Ол екі тараптың да алдына қойған міндетін 
шабуылмен орындауға ұмтылғанда пайда болады. 
Бетпе-бет ұрыс — шеру жасайтын әскерлерге тән. Сондай-
ақ ол ұрыс барысында: шабуылда — шабуылдаушы қарсыластың 
қарсы шабуылын тойтару кезінде пайда болуы мүмкін. Бетпе-бет 
ұрыс кезіндегі әскерлердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы 
бар атыс құралдарымен ол қанат жайып үлгергенше шептік 
қашқтықта шабуыл жасау; оның ұрыстыды ретке жазылуы және 
тиімді шептерді басып алуының алдын алу; тыл және қапталдан 
соққы беру; қарсыласты бӛлшектеп талқандау. 
Ұрыстағы атыс. Атыс жүйесі 
Қарудың барлық турінен ату — ұрыста қарсыласты 
жоюдың негізгі кұралы. Ол шабуылды дайындайды және 
шабуылдаушы бӛлімшені ұрысқа бастап шығады, ал қорғаныста 
ол беріктік пен еңсерілмейтін күштің негізі болып саналады. 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет