86
ықтимал, сондай-ақ электрӛткізгіш желілері астын, газ және
мұнай құбырларына таяу жерлерді таңдауға болмайды.
Бӛлімшелерді орналастыруға белгіленген аудандарға
орналаспастан бұрын бӛлімдерден, кейде батальондардан
жіберілген алдын ала барлау
топтары мұқият барлау
жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала барлау тобына батальоннан
офицер (кейде ол бұл топты басқарады), әр ротадан, батареядан
бір-бір офицерден (прапорщик) не сержанттан, сондай-ақ химик
барлаушылары мен сапер кіреді. Бұрын қарсылас орналасқан
аудандарды иемдену алдында қарсыластардың қалған тобын,
залалданған және миналанған жерлерді,
судың қолдануға
жарамдылығын анықтау мақсатында барлау жүргізіледі.
Алдын ала барлау тобы бӛлімшелердің орналасу орнын,
кіре беріс жолдарды нақтылап, ӛз бӛлімшелерін күтіп алып, оны
белгіленген ауданға жібереді.
Взвод белгіленген ауданға келген бойда келесі міндеттерді
орындау қажет: жергілікті жердің қорғанысын және бүркемелеу
құралдарын қолдана отырып, қозғалыс маршрутын бойлай
орналасады. Мұндай орналасудың алаңға шоғырлана (шаршылай
не дӛңгелене) орналасумен салыстырғанда артықшылығы – бұл
жағдайда бӛлімшелерге қарсылас соққысы әлсіз болады және
қысқа мерзім ішінде ұрыстық міндеттерін орындау үшін
ауданнан шығып кете алады.
Белгіленген жерге орналасып
болғанша жолда лекті
тоқтағуға болмайды. Бұл ӛзге бӛлімшелердің ӛз аудандарын
иемденуге, сондай-ақ орналасу ауданын бүркемелеуге кедергі
келтіреді.
ЖҰМ (БТР) және танкілер взвод командирі кӛрсеткен
жерге бір-бірінен 25—50 м қашықтықта (бір снарядтан 2 машина
бір мезгілде жойылмауы үшін) орналастырылады. Кӛрсетілген
жерге машиналар орналасқаннан кейін оның экипаждары
техника ізін жасыру жұмыстарын жүргізеді.
Тауда бӛлімшелер жолға тез шығуы және қарсылас
шабуылына тойтарыс беруі үшін шеп
құра жазылуды қамтамасыз
ете алатындай жерге орналасады. Бӛлімшелерге опырылымдарға,
қар және су тасқыны болуы мүмкін жерге орналасуына
болмайды. Жеке құрамды, қару-жарақты ұрыстық және басқа
87
техниканы тасалау үшін жергілікті жер қатпарлары,
жер асты
жолдары, тау жоталары, үңгірлер және басқа тасалар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: