Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
kozhamzharov

Взводтағы күзет күзетілген бӛлімшелерді қарсыластың 
кенеттен шабуылынан, оның жер үсті барлауының енуінен сақтау 
және лектің ұрысқа кіруі үшін қолайлы жағдай туғызу 
мақсатында бас (бүйір, жорық) заставасына тағайындалады. 
Басты күштердің легінде шеру жасау кезінде взводтағы күзет аға 
командирдің бұйрығы бойынша, ал жеке лек бойы жүргенде 
және жорықтық күзет қимылы кезінде — взвод командирі 
шешімімен ұйымдастырылды. Тікелей күзету және жергілікті 
жерді тексеру мақсатында жорық заставасы алдыңғы жақты 
байқауды және атыспен қолдауды қамтамасыз ететін шолғын 
бӛлімшесін алыстата жібереді. Жаяу ретпен қозғалыс кезінде 
тікелей күзет үшін шолғын бӛлімшесінен шолғыншылар 
жіберіледі. Қарсылас шабуылын дер кезінде анықтау не оған 
барлау жүріізуді қамтамасыз ету үшін қару үнемі ұрысқа, ал 
экипаждар оны дереу қолдануға дайын тұруы керек. Взвод 


63 
командирі арқылы жер үсті және әуе қарсыласьш бақылау 
ұйымдастырылады және шолғын бӛлімшесінің белгілерін 
қабылдайтын бақылаушы тағайындалады. 
3. Шерудегі взводтың жаппай жою қаруларынан қорғану 
және химиялық қамтамасыз етілуі қойылған міндетті табысты 
орындауға ықпал етеді. Осы мақсатта взвод командирі аға 
командирдің 
ұйымдастыру 
шараларын 
ескере 
отырып, 
радиациялық, химиялық және бактериологиялық барлау 
жүргізудің тәртібі мен әдістерін анықтайды. Әдетте, бұл 
барлауды арнайы дайындалған және қажетті аспаптармен 
жарақталған бӛлім (экипаж) жүргізеді. Жорықтық күзет 
жағдайында взвод химик-барлаушылармен толықтырылуы 
мүмкін. Взводтың жеке құрамына әуе қарсыластарынан тӛнген 
қауіп-қатер туралы, сондай-ақ ядролық, химиялық және 
бактериологиялық (биологиялық) қаруды қолдану немесе 
зақымдану туралы хабар бірдей әрі үнемі әрекет ететін сигналдар 
арқылы жүзеге асырылады. Осы сигналдар бойынша қимылдау 
тәртібін взвод командирі шеру басталғанға дейін жеке құрамға 
жеткізуге міндетті. Радиация деңгейі жоғары аудандардан 
ӛткенде, машинада бар жаппай жою қаруларынан қорғану 
құралдары мен жеке қорғаныш заттары қолданылады. Зақымдану 
аймағынан ӛткеннен кейін, ішінара арнайы ӛңдеу взвод 
командирінің (аға командирдің) пәрмені бойынша ӛтеді, ал жеке 
құрам улағыш заттармен зақымданғанда дереу жүргізіледі. Бұл 
жағдайда толық арнайы ӛңдеу, әдетте, демалыс ауданында не 
белгіленген ауданға келген кезде ӛткізіледі. 
Қарсылас тұтандырғыш қару қолданғанда және ӛрт 
ауданынан ӛтуге мәжбүр болғанда взвод командирі жеке құрам 
мен ұрыс техникасын сақтауға қатысты шараларды, ал бұл 
аудандардан шығу кезінде машинадағы ӛрт ошақтарын 
сӛндіруді, жарақаттанғандарға тиісті кӛмек кӛрсетіп, оны 
батальонның медициналық пунктіне жеткізуді ұйымдастырады. 
Қарсылас жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, оның 
зардаптарын жоюға взвод әрқашан дайын тұруы керек. 
Шерудің жасырын ӛтуін қамтамасыз етуде бүркемелеу 
жұмыстарын жүргізу — әуе және жер үсті қарсыластары 
соққысын азайтудың аса маңызды жолдарының бірі. Оны взвод 


64 
командирі алынған міндеттер мен қалыптасқан жағдайға 
байланысты ӛз бӛлімшелерін орналасқан жерінде де, шеру 
кезінде де қарсыластың барлық барлау құралдарынан жасыру 
үшін ұйымдастырады. Взвод командирі шеру кезіндегі 
бүркемелеуді ұйымдастыруда аға командир ӛткізген шараларды 
ескере отырып, жағдайға байланысты қосымша шараларды 
белгілеп, жүзеге асырады. Бүркемелеу шараларын анықтау үшін 
командир бүркенішті ашу белгілерін жақсы біліп, жеке құрамға 
түгел жеткізе білуі, сондай-ақ оны жою мен әлсіретуге 
байланысты шараларды дер кезінде қолдануы керек. 
Бақылаудан тасаланған жолдарды қолдана отырып, лектің 
созылуын 
жылдам 
ӛткізу 
керек. 
Радиостанциялардың 
қабылдағышпен жұмыс жасауына тыйым салынады. Жергілікті 
жерлердің ашық учаскелерінде қозғалғанда түнгі кӛру аспаптары 
мен шамдарды қолдануға болмайды. Машина жарғыш 
бүркемелеудің сенімді құралы — жарықты бүркемелеігіш 
құралдар мен машина қорабының астындағы жарық шамдар 
қолдану болып саналады. Қарсыластың радиолокациялық 
барлауынан лектің елді мекендер мен шетіне тал егілген 
жолдардың бойымен, темір жол манымен жүруі жақсы 
жасырады. Демалыс және шоғырлану аудандарындағы машина 
іздері таң алдында жойылуы керек. От жағуға жол берілмейді. 
Взводтағы бүркемелеу ӛз күшімен үнемі және барлық 
жағдайда жүргізіледі. Ұрыс техникасы мен машиналар қоршаған 
заттар мен жергілікті жер ыңғайына қарай тасаланады. 
Бүркенішті ашу белгілерін жою және бұзылған бүркемелерді 
қалпына келтіру шұғыл түрде жүргізілуі тиіс. 
Инженерлік қамтамасыз ету взводтың шеруді табысты 
жүргізіп, жеке құрам мен ұрыс техникасын жою құралдарынан 
сақтандыруды арттыру мақсатында ұйымдастырылып, ӛткізіледі. 
Жорықтық күзет кезінде взвод инженерлік-саперлік 
бӛлімшелермен, кейде инженерлік құралдармен күшейтіледі. 
Взвод ӛз күшімен ӛз техникасын шоғырланған ауданда 
жабдықтап, бүркемелей алады және лектің созылу жолдарын
шеруде жолдың бұзылған бӛлігін айналып ӛту жолдарын не 
маршрут бойындағы кедергілерді жоя алады. Шеруді инженерлік 
қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін аспалы жабдықтарды, 


65 
мысалы, тральдарды, бүркемелеудің табельдік құралдарын, 
жергілікті заттар мен қазу аспаптарын қолданады. 
Лек басында шеру жасау кезінде немесе жорықтың күзет 
әрекетінде взвод маршрутқа ӛз күшімен және бӛлінген 
инженерлік-саперлік бӛлімшелер күшімен инженерлік барлау 
(шолғын бӛлімдері, танкілер арқылы) жүргізеді. 
Шеруді техникалық және тылдық қамтамасыз етуді 
взвод командирі рота командирінің шешімі мен аға командирдің 
нұсқауы негізінде ұйымдастырады. Мұнда взвод командирі: 
техникалық күтім кӛлемін, оны ӛткізу орны мен уақытын; жанар-
жағармай құю, салқындатқыш сұйықтықпен және басқа арнайы 
заттармен толықтыру нормасын, мерзімін, орны мен тәртібін
шеру барысында техникалық және тылдық қамтамасыз ету 
бӛлімшелерінің ілесу орнын; жарамсыз ұрыс техникасын жӛндеу 
тәртібі мен жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыру ісін 
нақтылайды. 
Шеруге дайындық барысында взвод командирі қару-жарақ 
пен ұрыс техникасының, түнде керу аспаптары мен оттық 
құралдарының жарамдылығын, жанар-жағармай материалдары 
мен салқындатқыш сұйықтықтарды толықтыру, оқ-дәрілердің, 
арнайы ӛңдеу құралдары мен басқа мүліктердің бар-жоғын және 
дұрыс орналасуын тексереді. 
Взвод командирі жеке құрамның ыстық тамақпен 
қамтамасыз етілуін қадағалап, оның, әсіресе шеруде ең ауыр 
міндет 
атқаратын 
механик-жүргізушілердің 
демалысын 
ұйымдастыру тәртібін ойластыруы тиіс. Взводта қолайсыз ауа 
райы мен қысқы жағдайда демалыс ұйымдастыруды жеңілдететін 
алдын ала дайындалған құрастырма қалқан брезент пен металл 
пеш болғаны дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет