Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
kozhamzharov

Орманда жорық күзеті, әдетте, жолды, 1-2 орман соқпағын 
немесе қарсылас әрекет ете алатын кӛл мен батпақ арасындағы 
тар ӛтпені бақылауға алады. 
Позиция орман шетінен не тереңнен таңдалады. Егер 
позиция орман ішіне енгізілген болса, онда бӛлімшелер бақылау 
мен атыс жүргізуді жақсарту үшін оны тазалайды, бірақ ӛз 
бекіністерін бүркемелеп отырады. Содан соң қорғаныс жолағы, 
су қоры жасалып, ӛртке дайындық мақсатында балта, ара, 
күректер даярланады, орман қураған шӛптерден тазартылады. 
Қапталдарға күзет посттары, құпиялы орындарға күзет қойылып, 
патрульдеу ұйымдастырылуы мүмкін, сондай-ақ опырылымдар 
мен танкіге қарсы кедергілер жасалады. 
Атыс 
жүйесі 
қарсыластын 
жақындап 
келуі 
мен 
шабуылдауы мүмкін жолдар, орман жолдары және батпақты 
учаскелердегі ӛтпелер, алаңқайлар мен ағаштары кесілген жерлер 
қорғанушылардың оғы астында болатындай етіп құрылады. 
Орманның шығыңқы тұстары қапталдан айқастыра атуды 
ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін. ЖҰМ (БТР), танкілер, 
танкіге қарсы басқарылатын ракета қондырғылары мен 
гранататқыштар жолдарға, алаңқайларға және орманды, ұсақ 
бұталы учаскелерге, таяу шептік қашықтықта атыс жүргізуді 
қамтамасыз ететін орындарда жабдықталады. Мерген, пулеметші 
және автоматшылардың бір бӛлгі ағашқа шығып атыс жүргізуі 
мүмкін. 
Күзет заставасы шӛлді аймақта неғұрлым кең майданды 
күзету жолағына ие болуы мүмкін. Ӛтуі қиын құм тӛбелер, 
дӛңестер және ылғалды сорлардың болуы жергілікті жердің 
кӛптеген кең учаскелерін қадағалауға мүмкіндік береді, бірақ осы 
кезде аралықтар мен қапталдардың қамтамасыз етілуіне ерекше 
назар аудару керек. Осы мақсатта күзет заставасынан күзет 


91 
постылары мен патрульдеу ұйымдастырылады. ЖҰМ (БТР), 
танкілер, 
танкіге 
қарсы 
басқарылатын 
ракеталар 
мен 
гранататқыш 
қондырғылардың 
атыстық 
позициясы 
тек 
мандайшеп алдында ғана емес, сонымен бірге қаптал жақтарда 
шептік қашықтықта атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерлерде 
жасақталады. Құм топырақта оқпаналар мен бойтасаларды 
жабдықтау үшін құм салынған қаптар, машиналар және басқа да 
жергілікті материалдар қолданылады, атыс позициялары мен 
бойтасаларды құм басып қалудан сақтау шаралары жүргізіледі. 
Ұрыс техникасын құмды дауыл кезінде қолдануға дайындайды 
және оны қоршаған орта фонына сәйкес түске бояйды. Кенеттен 
болатын метеорологиялық ӛзгерістер кезінде жеке құрамның 
денсаулығын қорғау шаралары қарастырылады, қүн ӛтудің алдын 
альш, су қорларымен қамтамасыз етіп, оны жұмсауға бақылау 
қойылады. 
Солтүстік аудандарда күзет заставасының ӛз міндетін 
ӛтеуіне батпақ, ӛзен-кӛлі, биіктіктері мен басқа да ӛтуге қиын 
учаскелері кӛп жергілікті жер сипаты әсер етеді. Қыс мезгілінде 
қалың қар қабаты жауынгерлік міндеттерді әдеттегіден аз 
күштермен орындауға жағдай жасайды. 
Күзет заставасы қарсылас қимылына ыңғайлы бағыттарды 
басып алады. Жол тораптарын, жергілікті пункттерді, кӛларалық 
ойпаттарды және су бӛгеттері арқылы ӛткелдерді ұстап тұруға 
ерекше кӛңіл бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет