Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесін



Pdf көрінісі
бет56/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   168
ӘНХ 2020 2021

 
Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесін 
ұйымдастыру туралы 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың басты шарты деп білім беруде 
тек полиглот, цифрлы қаруланған, бәсекеге қабілетті тұлғаны емес, өз тілі мен 
әдебиетін сүйетін, туған жерінің тарихын білетін, ұлттық коды сақталған, 
ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді атап көрсеткен. 
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Семей тезистерінің»: екінші 
тезисінде – туған тіліміз бен әдебиетіміздің қадірін балаларға мектеп жасынан 
сіңірту. Алматыдағы Абай атындағы тіл-әдебиетті тереңдете оқытатын мектепке 
айрықша көңіл бөліп, келешекте «Абай мектебі» желісін қалыптастыру керек» 
деген.  
Осыған орай, бүгінгі таңда ұлттық сананы жаңғырту негізінде 
қазақша ойлай алатын, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін 
түсінетін, тілдік нормасын сақтап жаза алатын, лингвоэтика, сөйлеу 
мәдениеті заңдылықтарын білетін және қазақ тілін функционалды-
коммуникативті аспектіде талдап, ұлттық тіл деңгейінде қолдана алатын 
тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. 


91 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-
2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы 5.1.5. 
Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес кәсіптік 
даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуде: «Мемлекеттік 
тілді басым дамыту білім беруді әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік 
сүйемелдеу, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту есебінен 
күшейтілетін болады. Ол үшін гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын 
Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттарының желісі құрылатын 
болады». 
Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесі қазақ тілінде 
жүргізіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығының 7-қосымшасы 
негізінде «Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін 
тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған Абай 
мектептері желісінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», 
«Абайтану» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары 
бойынша оқытылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 
қарашасы № 496 бұйрығына 7-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 192-1 қосымша. 
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсатымемлекеттік тілді қадірлейтін
қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын 
сақтап, дұрыс қолдана білуге, шығармашылыққа үйрету, ең бастысы, орта 
мектепке сай лингвистикалық білім беру. 
«Қазақ тілі» оқу пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі міндеттері: 
1) қазақ тілін Қазақстан Республикасының аумағында қоғамның барлық 
салаларында еркін қолдана білуі үшін білім алушының коммуникативтік 
дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету; 
2) мәтіннің типтерін, стилін, жанрын тану үшін мәтінді құрайтын барлық 
тілдік құралдарды, синтаксистік құрылымдарды, лексикалық бірліктерді, 
сөздің дыбыстық және морфемдік құрамын тануға үйрету; 
3) ауызша және жазбаша мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру үшін 
орфоэпия және орфография нормаларын білу, сөйлеу мәдениетін және 
шешендік өнерді меңгеру, түрлі стильдер мен жанрларда мәтінтудырудың әдіс-
тәсілдерін жетілдіру; 
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды синтез, анализ жасау, 
бағалау дағыларын қалыптастыру. 
«Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет