Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні –



Pdf көрінісі
бет58/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   168
ӘНХ 2020 2021

«Абай мектептері» желісіне жаңа оқу пәні – «Абайтану» пәні енгізілді.
«Абайтану» пәні бойынша оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген 
Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын 
гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» 
желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге 
асырылады.
«Абайтану» пәні 3 бағытта оқытылады:
1) тілтанымдық: Абай шығармаларын талдау; 
2) тұлғатанымдық: Абай Құнанбайұлы туралы естеліктер мен ғылыми 
еңбектерді оқыту; 
3) дүниетанымдық: интеграциялық байланыс.
«Абайтану» 
пәнінің 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік қабаты арқылы қазақ 
әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық 
мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық 
кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды 
бағалай алу құзыретін дамыту; Абайдың «Толық адам», ар ілімі, адамшылық 
мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді 
танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын 
қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе 
алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға 
қабілетті тұлға қалыптастыру. 
«Абайтану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат. 
«Абайтану» пәні білімінің мазмұны келесі бөлімдерге бөлінген: 
1) оқу және түсіну; 
2) талдау және жинақтау; 
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім). 
«Оқу және түсіну» бөлімінде: мәтінді түсініп, мәнерлеп негізгі ой 
түйіндерін пайымдап оқу, мәтіннің тілдік қабатын (лексикалық, образдық мәнін) 
игеру, шығарма үзінділерімен жұмыс, шығармадағы өзекті мәселе, идеялық 
мазмұн, (ауызша, жазбаша) интерпретация; 


95 
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық 
құрылымы, көркем шығарманың идеялық мазмұны, образдар жүйесі, типтік 
характер, көркем шығарманың тілі, стилі, көркемдік тәсілдер; 
«Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: 
шығармадағы тарихи шындық және көркемдік шешім, рухани және көркем-
эстетикалық құндылық; әдеби шығармашылық; әдеби сын бөлімшелері 
қамтылған. 
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері, қарасөздері 
мен поэмалары, сондай-ақ М.Әуезовтің «Абайдың өмірбаяны», «Зерек те 
талапты жас» мақалаларымен қатар қосымша оқуға да шығармалар тізімі 
ұсынылған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет