Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет105/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   158
операциялық жуйелер

Символдық сілтеме. Кітаптың 2 - тарауында, бірнеше аттары бар 
ақпараттардың бір жинағына ат қою тәсілі ретінде қатқыл сілтеме 
қарастырылған болатын. Әр қатқыл сілтеме деректер жинағының 
метаақпараттық блог сілтемесіне және деректер жинағына сәйкес 
келетін файл атын анықтаушы - каталог элементі болып табылады. 
Қатқыл сілтемедеге қарағанда символдық сілтемеде осы сілтемені 
көрсететін файлдардың аты бар (толық немесе салыстырмалы жолмен) 
жолақ сақталған файлдың арнайы түрін ұсынады. Егер символдық 
сілтемеде аты сақталған файлды өшіретін болса, онда символдық 
сілтеме дұрыс емес болады және «бос» деп көрсетіледі.


154 
Символдық құрылғы. Символдық құрылғылар файлының 
көмегімен пайдаланушы 
бағдарламалары 
операциялық жүйені 
сүйемелдейтін әртүрлі құрылғыларға жүгіне алады. Құрылғы файлына 
жазылатын деректерлер оған шынымен берілуі үшін операциялық 
жүйенің ядросы құрылғының осы түрін сүйемелдеуі міндетті. Егер 
құрылғыны операциялық жүйе ядросындағы сәйкес келетін драйвер 
сүйемелдемесе құрылғының файлы бәрібір дискіде бола береді. Бірақ 
құрылғыға деректер түспейді. 
Символдық құрылғы файлы арқылы қолжетімді құрылғымен дерек 
алмасу, символдық режим бойынша сатылы жүреді— бір оқу немесе 
жазу операциясы үшін жазбалар құрылғыға беріледі немесе одан тек бір 
символ оқылады. Файлдар, физикалық құрылғылар ретінде (мысалы, 
сатылы порт /dev/ttyS0), сондай-ақ, пайдаланушы жұмысының 
ыңғайлылығы немесе қолданбалы бағдарламалардың алгоритімін 
жеңілдету үшін операциялық жүйені сүйемелдейтін логикалық түрінде 
ұсынылуы мүмкін. Логикалық құрылғыларға әртүрлі желілік 
хаттамаларды (PPP хаттамалары үшін /dev/ ppp) сүйемелдеуге арналған 
құрылғылар файлдары мысал бола алады. 
Блогтық құрылғы. Блогтық құрылғының файлдары, белгіленген 
өлшемді деректер блогына жазу, оқуды бір операциясына қабылдауын 
талап ететін, құрылғылармен ақпарат алмасуға арналған. Мұндай 
құрылғыға қатқыл дискі тарауы мысал бола алады: дискіге жазылатын 
деректер, дискінің еселі секторына блок өлшемді болып түседі. Қалған 
блогтық құрылғыларының файлдары, символдық құрылғы файлдарына 
ұқсас болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет