Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет103/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   158
операциялық жуйелер

Б
А
ҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1. Операциялық жүйеде қандай параметрлер пайдаланушыны 
сипаттайды? 
2. Пайдаланушының 
жұмыс сеансы қалай басталады? 
Неліктен жұмыс сенасын түзу аяқтау маңызды?
3. Операциялық жүйелерде файлдар мен каталогтарға қандай 
шектеулер ұсынылады? 
4. Файлдар мен каталогтарға қатысты пайдаланушының 
қолжетімділік құқықтары қалай беріледі, өзгереді, 
тексеріледі? 
5. Файлдар мен каталогтардағы қолжетімділік құқықтарының 
айырмашылықтары неде? 
6. Оқу үшін қолжетімді емес және пайдаланушылардың үй 
каталогында болатын, файлдар тізімін шығаратын 
командалық файлды жаз.


149 
7 ТАРАУ
 
 
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ФАЙЛЫ 
 
 
UNIX ЖӘНЕ WINDOWS КАТАЛОГТАРЫНДА 
ЖҮЙЕНІҢ СТАНДАРТТЫ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
UNIX сияқты операциялық жүйелерде жеке ақпараттарды сақтау 
үшін 7.1. суретте көрсетілген каталогтардың стандартты құрылымы 
пайдаланылады. 
Нақты операциялық жүйені іске асыруға байланысты келтірілген 
құрылымнан кейбір айырмашылықтар болуы мүмкін, мысалы SunOS 
және Solaris операциялық жүйелерде /opt каталогы қатысады.
/Вin каталогы базалық жүйелік утилиттерін сақтау үшін қызмет 
етеді. Әдетте, бұл утилиттер негізгі жүйелік кітапханаларда болмаған 
жағдай да орындалуы мүмкін. /Вoot каталогтарында жүктелімге қажетті 
ақпараттар мен операциялық жүйенің ядро файлдары сақталады. /Dev 
каталогы құрылғыларға (7.2 бөлімшені қараңыз) қаратулар болуының 
көмегімен арнайы файлдарды құрайды. Бұл каталогта болатын әр файл, 
қандай да бір файлға сәйкес келеді. Файлға ақпараттарды жазу, осы 
ақпараттарды құрылғыға берілуін шақырады, ал оқу – құрылғыдан 
ақпараттарды оқуды /Еtc каталогы баптау файлдарын және
файлдардың пішін үйлесімін сақтауға арналған. /Home каталогында 
пайдаланушылардың үй каталогтары тұрады (келесі тарауды қараңыз). 
/Lib каталогы жүйелік кітапханаларды сақтау үшін ал /lib/modules — 
жүйешелер мен драйвер ядроларының жүктелімі аяқталған соң, 
операциялық жүйенің ядролар модулін сақтауға арналған. /Proc 
каталогы құрылғылардың параметрлерін қарау және ОЖ ядро 
кестелеріне қолжетімділік мүмкін болатын, арнайы файлдарды құрайды.
/Sbin каталогы жүйе әкімшісіне арналған жүйелік утилиттарді сақтайды. 
/Tmp уақытша файлдарды құрайды.
/Usr каталогында жүйелікке қатысы жоқ және операциялық жүйе 
қондырмасының жинағына кіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді 
құрайды. /Usr/bin, /usr/sbin, /usr/lib каталогтары жоғары деңгейдің сәйкес 
каталогтары тәрізді. /Usr/doc каталогында ОЖ жеткізілім жинағына 
кіретін бағдарламалық қамтамасыз ету құжаттары сақталады, /usr/share 
каталогында ақпараттардың бөлінетін файлдары сақталады. /Usr/indude 
каталогы алдымен өңдеушілерге қызықты— онда басты h-файлдар 


150 
құралады.
/var каталогында ОЖ ағымдағы жұмыстармен байланысты файлдар 
сақталады. /Уar/lock каталогы енді бос емес, бөлінбейтін ресурстарға 
қолжетімділікті алдын ала құлыптайтын файлдарды құрайды. /Уar/log 
каталогы ОЖ жұмысы кезінде болған оқиғалардың барлық деректері 
жазылатын, жүйелік журналдарды сақтауға арналған. /Уar/run каталогын 
қазіргі уақытта сол немесе басқа утилиттің қосылғанын көрсететін 
файлдар құрайды. /var/spool каталогы мөр басатын тапсырмалар мен 
пошталық хабарламалар буферін құрайды. 
Windows XP тобының операциялық жүйелерінде каталогтар 
7.1- сурет. кәдімгі UNIX-жүйе каталогының құрылымы 


151 
құрылымы 7.2. - суретте көрсетілгендей түрге ие. 
Profiles каталогында жүйеде тіркелген, әр пайдаланушыларға 
арналған баптаулар сақталады. Administrator папкасында жүйе әкімшісі– 
пайдаланушысының баптаулары сақталады, All Users папкасында 
жалпы барлық пайдаланушыларға арналған баптаулар сақталады. 
Default User папкасында жаңадан жасалатын, пайдаланушылардың 
барлығына қолданылатын әдеттегі баптаулар сақталады. 
Program Files каталогында әдетте, жүйе пайдаланушылардың немесе 
әкімгерлердің орнатылған бағдарламалары сақталады. 
Windows каталогында операциялық жүйенің негізгі баптаулары, сондай-
ақ операциялық жүйеде орындалатын негізгі файлдар сақталады. Fonts 
каталогшасы, жүйеде орнатылған барлық қаріптерге, ал Help папкасы— 
жүйенің анықтамалық файлдарына ие. System және system 32 
папкасында негізгі жүйелік утилиттер, басқару панелінің апплеттері
операциялық 
жүйелердің 
алдын 
ала 
орнатылған 
утилиттері 
(калькулятор, символдарды қарау және т.б.) және басқа утилиттер, 
бағдарламалар сақталады.
7.2- сурет. Windows XP кәдімгі жүйесінің каталогтар құрылымы 


152 
7.3- сурет. Windows Vista и Windows 7 кәдімгі жүйесінің каталогтар 
құрылымы
Windows Vista және Windows 7 тобының операциялық жүйелерінде 
каталогтар құрылымы Windows XP салыстырмалы түрде өзгерді (7.3- 
сурет).
Profiles каталогының орнына Users каталогы қолданылады. All Users 
папкасы жоғалып кетті, оның орнына жүктелім дискісінің түбір 
каталогында ProgramData папкасы пайда болды. Ал Users каталогында 
алдыңғы нұсқамен үйлесімділікті сақтау үшін ProgramData папкасына 
көрсететін All Users атты сілтеме пайда болды. Default папкасы, енді
Default User папкасының орнына қолданылады, ал Users папкасындағы 
үйлесімділік үшін Default пакасына Default User сілтемесі жасалды.
Қалған файлдық жүйе құрылымында елеулі өзгерістер болмады және 
өзінің бұрынғы ұйымдастырылуын сақтап қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет