182
бағытталған, жадыда орналасқан бағдарламалық кодтың орындалуымен
тұжырымдалады. Операциялық жүйе жадының арнайы аумағын
(үзілістер кестесі) сүйемелдейді, мұнда әр үзілістерге (әдетте,
сәйкестендірілген нөмірі бойынша) бағдарламалық код (үзілістер
өңдеушісі) орналасқан жады бағытының сәйкестігі қойылады. Жүйе
сүйемелдейтін үзілістер саны белгіленген. Операциялық жүйе
әдетте
16-дан 256 үзілістерге дейін сүйемелдейді.
Үзілістердің өңдеушісі орындалатын процестерге тәуелді емес,
дегенмен бағдарламалық код процестердің бірімен қайта анықталады.
Осылайша үзілістер өңдеушісінің пайдаланушысы орнатылады.
Өңдеуші орындалғаннан кейін операциялық жүйе басқаруды қайтарады
немесе үзілістердің келіп түсуіне дейін белсенді болған бір немесе
бірнеше міндеттердің орындалуын аяқтайды.
Құрылғыдан келіп түсетін аппаратты үзілістерден басқа, кез келген
процеспен басталатын бағдарламалық үзілістер бар.
Осылайша,
процесс операциялық жүйеге, оның орындалуы барысында қандай да
бір оқиғаның орын алғанын хабарлайды.
ОЖ жүйелік шақыруының әрінде дәл осылай үзілістер белсенді
болады. Мысалы, сәйкес келуші үзілістер,
мәтінді терминалдың
экранына шығару кезінде белсенді етіледі.
Сигналдар. Сигналдар механизмі бағдарламалық үзілістер
механизмімен ортақ қасиеттерге ие. Ол да процестердің кейбір
оқиғалар туралы хабарлай алуына арналған. Сигналдардың үзілістерден
басты айырмашылығы, сигналдардың көмегімен операциялық жүйені
емес, бір процесс екінші процеске хабарлайды. Үзілістерге
қарағанда
сигналдар тағайындалған нүктеге — қабылдаушы-процесіне ие болуы
керек.
Қабылдаушы-процесс сигналды қабылдауға жауап ретінде,
өзінің
орындалуын тоқтатады және сигналды өңдеуші- бағдарламалық кодын
орындауды бастайды. Өңдеушінің коды орындалуы аяқталғаннан соң,
процесс өзінің орындалуын жалғастырады. Бұл жерде үзілістерден
басты айырмашылығы, әр процесс өзінің сигналдар өңдеуші жинағына
ие болуы керек, ал өңдеушінің бағдарламалық
кодында орналасқан
жады – процестің жады болып табылады. Қарапайым сигналдар
өңдеушісі — бағдарлама денесінде анықталған функция. Сигналдарды
қабылдау кезінде, осы функцияның шақырылуы орын алады.
Операциялық жүйе әр процесс үшін сигналдар өңдеуші кестесін
өткереді. Онда әр сигналға сигнал өңдеушісінің
мекенжай сәйкестігі
қойылады. Мысалы, UNIX- тәрізді операциялық жүйелер 16 және одан
көп түрлі сигналдарды сүйемелдейді. Сигналдар механизмі туралы
нақтырақ әрі қарай қарастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: