183
алмасуға арналған. Ол үшін операциялық жүйе сүйемелдейтін
хабарламалардың арнайы тізімі құрылады. Тізімде, процеспен
жазылатын ақпараттар жинақталады. Кезекте жинақталған ақпараттар
басқа процеспен «оқылуы» мүмкін, осылайша
бір процестен басқа
процеске ақпараттар жіберу орын алады.
Операциялық жүйе кезекте сақталатын операциялық жадының
арнайы саласын сүйемелдейді. Әдетте UNIX- тәрізді операциялық жүйе
1024 дейін хабарламалар кезегін сүйемелдейді. Хабарламаны
қолданатын
бірінші процесс, кезекті құру қажет, ал қалған процестер
құрылған кезекке қолжеткізе алу қажет. Сигнал қабылданғаннан кейін
басталатын өңдеушінің орындалуында,
сигналдар көмегімен өзара
әрекеттесудің айырмашылығы, кезектен ақпараттарды оқу,
функция
көмегімен қабылдаушы-процесс жүргізеді. Жөнелтуші процесс кезектің
толып қалмауын қадағалау қажет (мысалы, қабылдаушы-процесс
көптен бері ақпараттарды оқымаса),
себебі бұл жіберілетін
ақпараттардың жоғалуына әкелуі мүмкін.
Аталған каналдар. Аталған каналдар да процесс арасында ақпарат
алмасуға арналған. Дегенмен кезек ретінде оперативті жады саласы
емес файлдың арнайы түрі қолданылады. Процестер бұл файлға
ақпараттарды жаза алады және оқи алады.
Сонымен қатар,
операциялық жүйе, ақпарат алмасу үшін қолданатын барлық
процестерге атаулы каналдың тең құқылы қолжетімділігін береді.
Ұяшықтар (сокеттер). Сокеттер арқылы процес аралық өзара
әрекетесудің
механизмдері, алдыңғы кезекте әртүрлі компьютермен
орындалатын процестердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Әр
процесс ақпарат жаза алатын және оқи алатын ұяшықтар құрады.
Ұяшықтар бір-бірімен желі хаттамалары арқылы байланысады.
Процестер бір-бірімен өзара әрекеттесуі кезінде байланысқан
ұяшықтар
арқылы ақпарат алмастырады, ал жүйе ядросы процестер
ақпаратын желі арқылы береді, әдетте, TCP/ IP хаттамалар қамшысын
және желілік адаптер драйверін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: