25
жинақтауышқа пайдаланушы деректерін бұдан кейін де орналастыруды
қамтамасыз ететін арнайы белгілеу жазылды.
Уақытты бөлу жүйесі. Жады көлемінің және өнімділігінің
артуының келесі деңгейінде ірі есептеуіш құрылғы тек бір ұйымға
ғана емес түгел бір ауданға қызмет көрсете алатыны түсінікті болды.
Әрине бұл кезде пайдаланушылардың жүйеге алыстан қол жетімділігін
қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Қол жетімділік мәселесі телетайп
негізіндегі арзан терминалдық құрылғыларды пайдалану есебінен
шешілді.
Терминал (пернетақта және басым шығаратын құрылғы) есептеуіш
құрылғыға қарапайым телефондық кабель (екі өткізгіші бар сым)
арқылы жалғанды. Уақытты бөлу операциялық жүйесі бірнеше
жүздеген терминалдардың қатар қызмет көрсетуін (енгізу/шығару)
қолдап үлгерді, өйткені телетайпта енгізу және шығару уақыты
секундына бірнеше ондаған символдардан аспайды. Пайдаланушыда
өзінің жеке есептеуіш машинасына қол жетімділігі бар деген
иллюзиясы пайда болды. Оған енді оператор көмегінің қажеті болған
жоқ.
Әрине процессор уақытын бөлу мульти бағдарламалаумен
қамтамасыз ету деңгейінде қолданылды. Бірақ салыстырмалы түрде
жылдамдығы аз құрылғылар арқылы көптеген пайдаланушылардың
қосылуы машина жадын қолдану арқылы уақытты бөлу мүмкіндігіне
әкелді. Пайдаланушы терминалдағы хабарламаны оқып, жауап
енгізгенше оның бағдарламасы тұрып қалды. Сол себептен күту
режимінде тұрған бағдарламаны операциялық жүйе сыртқы
жинақтауышқа (магниттік диск немесе магниттік барабан) ысырып
тастап отырды. Пайдаланушыдан ары қарай жұмыс жасауға ақпарат
түскен кезде бағдарлама оперативті жүйеге қайта қалпына келеді.
Жұмыс режимінің мұндай түрі свопинг (ағылшын тілінен swop —
орнын өзгерту) атауын алды.
Уақытты бөлу жүйесінің пайда болуына операциялық жүйелердің
сыртқы құрылғылармен алмасу қызметін өз мойнына алуы ықпал етті,
және пайдаланушы терминалын кез-келген пәтерден жалғауға
мүмкіндік беретін пайдалануда айтарлықтай арзан телефон желілері
пайда болуы оң әсер етті. Әртүрлі пайдаланушылардың жеке
мәліметтерін дербестендіру алдыңғы деңгейде шешілді.
Механикалық телетайптардың сенімділігі жоғары деңгейде болған
жоқ, сол себепті электронды-сәулелік түтік негізіндегі терминалдар тез
пайда болды, олар шығарудың жоғары жылдамдығына ие болды және
сенімділік тұрғысынан көрсеткіштері жоғары болды. Әдетте оларды
мәліметтердің қатты көшірмелерін алу үшін шағын басып шығару
|