21
топтарын ерекшелеу қабылданады, олардың орындалуы үшін келесідей
элементтік базаларға сүйенеді: электронды лампалар, жартылай
өткізгіш транзисторлар, микросұлбалар және т.б. Дегенмен жаңа
жүйелік бағдарламалық құралдардың шығуына ықпал еткен бұл
қасиеттері емес.
Жалпыға арналған жүйелік бағдарламалық қамтылымдардың
дамуына негізгі ықпал еткен төрт фактор бар: есептеуіш машиналар
архитектурасының
унификациясы,
оперативті
жад
көлемі,
процессордың тез әрекет етуі және перифериялық құрылғының
құрамы. Осылайша, жұмысында негізінен құрастырушылары қатысқан
алғашқы машиналар үшін ешқандай да унификация сөз болған жоқ. Әр
ұжымда командалар құрамымен де есептеу разрядты ұяшықтар
көлемімен де тәжірибелер өткізілді. Тапсырмамен жұмыс жасау
барысында бағдарламалаушы және оператор бір адам есептеуіш
құрылғының толыққанды иесі болды. Ол бағдарламаны өзі жүктеді,
деректерді өзі енгізді және нәтижелерін бағалады.
Стандартты
бағдарламалар
кітапханасы.
Сериялық
шығарылатын машиналар шыққаннан кейін бағдарламалық қамтымды
ойлап
шығару
амалын
стандарттау
мүмкін
болды.
Бағдарламалаушыларды
пайдаланушылардың
бөлек
класына
ерекшелеу орын алды. Бағдарламалау өтілін жинақтау және
жалпылауға арналған құрал сол уақытта стандартты бағдарламалардың
кітапханасы болды. О кітапхана келесідей типтік атқарымдарды жүзеге
асырады: тригонометриялық (sin, tg, arcsin), математикалық (log, exp,
sqrt), сыртқы жинақтауыштардан мәліметтерді енгізу, шығару, бір
есептеу жүйесінен басқасына түрлендіру және т.б. Осындай
кітапхананың әдеттегі мысалы ИЖ-2 стандартты бағдарламасының
(интерпретациялайтын
жүйе)
М-20
машиналарына
арналған
кітапханасы бола алады. Сонымен бірге М-20 сериялық шығарылатын
үш адрестік жүйе командаларі бар машина болғанын ескерген жөн;
оның командалар жүйесіне ұқсас командалар БЭСМ-3, БЭСМ-4, және
кейінірек М-220 машиналарында болды.
ИЖ-2 кешенді бағдарламасының жиынтығын бағдарламалаушы
оперативті жадыға негізгі функционалдық бағдарламаны жүктемей
тұрып жүктейді. Орындалып жатқан бағдарламаға жүйелік
кітапхананың бір атқарымына жүгінуіне мүмкіндік беретін стандартты
интерфейс қолданылды. Ол үшін атқарымның қажетті коды мен өзара
байланыс үшін жады аумағын көрсету керек, мысалы мәліметтерді
жүктеуге арналған жады бөлігі.
Кейінірек есептеуіш атқарымдардың көп бөлігі бағдарламалау тілі
кітапханасынан ауысты және тіпті мәліметтерді бір пішіннен екінші
|