24
құрылғыларының есебінен қамтамасыз етілді
Көргеніміздей, пакеттік өңделу кезінде мультибағдарламалану
пайда болды. Мульти бағдарламалау — жүйелік енгізу, шығару және
пайдаланушы пакет мониторы бағдарламаларының параллель
орындалуы. Дегенмен жүйелік бағдарламалар бір-біріне жұмыс
жасауға кедергі келтірмеуге бір-бірімен өзара «келісті».
Енді есептеуіш құрылғыда әдейі немесе кездейсоқ ақпараттық
ортада басқа пайдаланушы деректерін бұзуы ықтимал әртүрлі
пайдаланушылардың бағдарламалары параллель жұмыс жасады.
Деректерді басқару. Өзге пайдаланушылар бағдарламасының оларға
санкцияланбаған
қолжетімділіктің
алдын
алатын
сыртқы
жинақтаушыдағы деректермен жұмыс жасаудың ережелерін ойлап табу
қажет болды. Осы мақсат үшін деректерді жазуды деректер жинағы
(Data set) жинақтауыштарына ұйымдастыра бастады. Бұл мәліметті кім,
қашан, жасағаны туралы қосымша ақпаратпен қамтамасыз етті және
оған қол жетімділікті анықтады.
Құрылғыға
(ақпаратты
жинақтауыш)
тікелей
қолжетімді
пайдаланушылардың бағдарламасы деректер жинағын ұйымдастыруға
қатысты келісімді бұзуы мүмкін екені анық болды. Сол себепті сыртқы
құрылғылар арасында деректермен алмасу бойынша барлық
операциялар операциялық жүйенің меншігіне айналды, солай жүйелік
кітапхана құрамы кеңейтілді.
Егер бағдарламаға сыртқы құрылғыдан мәлімет алу қажет болса, ол
сәйкес АРІ операциялық жүйесіне жүгініп, өз жады аймағына
деректердің кезекті бұғаттауын алады. Ақпарат алудың осындай
ұйымдастыру тағы бір пайдалы қасиетті қалыптастырды —
бағдарламалардың деректерді физикалық ұйымдастырудан тәуелсіздік.
Құрылғы тек операциялық жүйемен жұмыс жасағандықтан,
пайдаланушы
бағдарламасы
деректер
жинақтауышының
сипаттамасынан көп деңгейде тәуелсіз болды.
Бұдан басқа, операциялық жүйеге қолжетімділіктің құқықтығын
тексеру қызметін өзіне алды. Пайдаланушы — деректер жинағының
иесі — ол өз жинағымен жұмыс жасауға кімге рұқсат ететінін және
қандай режимде (тек оқу, оқу және жазу, өшіру және т.б.) болуы қажет
екенін көрсету керек. Кейбір жағдайларда операциялық жүйе
пайдаланушыға берілген кілт бойынша деректерді шифрлеуді де
қамтамасыз етті.
Жинақтауыштарда деректердің белгілі бір ұйымдастыруын
(файлдық
жүйе)
қолдау
операциялық
жүйе
құрамына
жинақтауыштарды алдын – ала дайындауды орындайтын тағы бір
арнайы бағдарламаны (утилита) қосуды талап етті. Сонымен бірге
|