95
BASH
ИНТЕРПРЕТАТОРЫ ТІЛІНІҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тапсырманы
басқару
тілінің
синтаксисі
пайдаланылатын
командалық интерпретатормен анықталады. Осы оқулықта базалық
ретінде командалық интерпретатор BASH (Bourne - Again Shell)
қолданылады. BASH команданың диалогтық
режимде жұмыс жасаған
кезде командалық жолақ шақыртуына жауап пернетақтадан енгізіледі.
Файлдар түрінде рәсімделетін тапсырма екі бөліктен —
командалық интерпретатор атын және оған апаратын жолды
анықтайтын тақырыптан және тапсырма мәтінінен тұрады.
Тақырып
тапсырма файлының бірінші жолағының бірінші таңбасынан
басталады және BASH интерпретаторы үшін
әдетте келесідей
жазылады:
#!/bin/bash
Бұл жерде «#» — түсініктеме таңбасы. Жолақтағы «#» таңбасынан
кейін орналасқан барлық таңбаларын интерпретатор команда ретінде
қабылдамайды, тапсырма орындаған кезде еленбейді.
Тақырыпта ерекше түрдегі түсініктеме
болып саналады, өйткені
«#» таңбасынан кейін бірден «!» таңбасы қойылған. «#!»
конструкциясы тапсырма файлының алдына орналастырылғанда, одан
кейін командалық интерпретатордың
орындалатын файлының толық
атауы жазылатыны туралы ескертеді.
Тақырыптан кейін сценарийдің негізгі бөлігі— командалар тізбегі
жүреді. Сценарийдің бір жолағы бір
немесе бірнеше командалардан,
түсініктемелерден тұруы мүмкін немесе бос болуы да ықтимал. Ереже
бойынша сценарийдің бір жолағы бір командан тұрады, егер
командалар саны көп болса бір жолақта олар өзара үтір нүктемен
бөлінеді.
BASH көптеген командаларының
синтаксистік шақыртуы екі
бөліктен тұрады:
<команда атауы> <параметрлер>
Команда аты ретінде BASH ішкі команданы немесе бағдарлама
коды мен тапсырма мәтінінен тұратын
файл атауын пайдалануға
болады.
BASH жиі қолданылатын командалары және сыртқы бағдарламалар
бойынша қысқаша анықтама 2 Қосымшада келтірілген.
Егер команда және оның параметрлері өте ұзын болса, алмастырып