Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет73/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   158
операциялық жуйелер

102
 
болады. Басқа пайдаланушылар өз айнымалыларының мәндерін 
өздерінің анықталған командалық интерпретаторлары орталарында 
көретін болады.
Айнымалы қоршауларының мәндері пайдаланушы тапсырмасына 
ықпал етуі мүмкін болғандықтан, мысалы пайдаланушының файлдары 
орналасқан каталогтардың атауларын анықтау, олар пайдаланушы 
сеансының ақпараттық ортасына кіретін болады. Егер бұл ретте қандай 
да бір айнымалылар тапсырманың орындалуына әсер ететін болса олар 
сол тапсырманың ақпараттық қоршауына кіретін болады. 
Мысалы, «Білімді басқару» жүйесінің құрамына кіретін 
тапсырмалардың көп бөлігі құрамында жүйенің файлары бар каталог 
аты ретінде BASEDIR айнымалының мәнін қолданады. Егер бұл 
айнымалы анықталмаған болса, онда тапсырма орындалуын өзі 
тоқтатады: 
if [ "${BASEDIR:-DUMMY}" == "DUMMY" ] ; then 
echo "Переменная \$BASEDIR не задана" exit 
100 fi
5.4.4. Айнымалылардың мәндеріне 
қолжетімділік 
Айнымалының мәнін меншіктеу келесі құрылым көмегімен жүзеге 
асады: 
<айнымалының аты>=<мән> 
немесе
let <айнымалының аты>=<мән>
Мәнді меншіктеуде ескере кететін жағдай, айнымалы атауы мен 
теңдік белгісі арасында, сондай-ақ теңдік арасы мен мән арасында бос 
орын қалдырылмайды. 
Тапсырманы орындау кезінде айнымалы мәніне қолжетімділік алу 
үшін «$» алмастырып қою операциясын қолдану қажет. Тапсырма 
мәтінінде айнымалының атауын тікелей көрсету жолақ ретінде 
қабылданады. Егер атауды алмастырып қою операциясымен алдын 
алса, тапсырманы орындау кезінде айнымалы мәнін алмастырып қою
«$» таңбасынан кейін атауды көрсету арқылы жүргізіледі. Оны мысал 
ретінде түсіндірейік: 
#!/bin/bash
variable=Hello


103
 
echo variable
echo $variable 
Осындай тапсырманы орындап болған соң, экранға шығады: 
variable
Hello
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе бір айнымалының мәнін 
екінші айнымалының меншіктеп алуы төмендегідей жазылатынын білу 
қиын емес: 
var1=$var2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет