105
5.3-сурет. Жаңа командалық интерпретаторда тапсырмалардың іске
асырылуы
Бұл кезде басқару командалық интерпретатордың
жаңа процесіне
беріледі, ол өз кезегінде өзіне жүктеген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындап болған соң командалық интерпретатордың жаңа
процесі басқаруды оны шақыртқан командалық интерпретаторға кері
қайтарады. Жаңа командалық интерпретатордың ақпараттық ортасы да
жаңа болады, бірақ ол осыған
дейін болған командалық
интерпретатордың ақпараттық қоршауының кейбір қасиеттерін өзіне
қалдырады, мысалы, айнымалылардың мәндері, тапсырмамен өзгеретін
файлдың ішіндегі ақпараттар және т.б.
Тікелей пайдаланушы тапсырманы
орындауға командалық
жолақтан жібере алады немесе басқа тапсырма арқылы жіберуге де
болады. Екінші жағдайда іске қосылатын
тапсырманың аты оны іске
қосып жатқан тапсырманың мәтінінде команда ретінде жүреді. Іске
қосатын тапсырманы аталық деп, іске
қосылып жатқан тапсырманы
еншілес тапсырма деп аламыз. Жаңа командалық интерпретатор жасау
кезінде де солай, туындататын интерпретаторды
жаңа пайда болған
интерпретаторға
қатысты
аталық,
жаңадан
пайда
болған
интерпретаторды еншілес деп аламыз.
Тапсырманы жіберудің келесідей нұсқалары бар:
1) Тапсырма файлының атын көрсету арқылы (толық атауы немесе
файлға қатысты жолды):
/check/scripts/teacher/gather.sh
Іске қосудың осы тәсілін пайдалану үшін тапсырмасы бар файлдың
«орындалатын» атрибуты болуы қажет.