Технологиясы


 Шырышты субөнімдерді өңдеу



Pdf көрінісі
бет7/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
1.11. Шырышты субөнімдерді өңдеу 
 
Шырышты субөнімдерді өңдеу ластардан жəне шырышты 
қабықтардан тазарту мен майсыздандарумен бекітіледі. Сиырдың 
жəне қойдың ішін алып ветеринарлық тексеруден өткізген соң, үш 
бөлікке бөледі: үлкен қарын, жалбыршақ қарын, ұлтабар. 
Сиырдың жəне қойдың үлкен қарыны субөнімдер цехынан 
дұрыстап майсыздандырылғаннан соң, құрамынан босатылып, 
жуылғаннан кейін келіп түседі. Үлкен қарынды температурасы 35ºС 
суда 3-4 мин аралығында жақсылап щеткамен жуады.
Ірі ет комбинаттарында үлкен қарынды механизделген линияда 
өңдейді. Ваннадан ағын сумен келіп түскен үлкен қарынды керілген 
күйінде конвейер күрмегіне іліп толық майсыздандырады жəне 5-8 
мин аралығында 65-68ºС температурада жидіту үшін жидіту 
чандарына жібереді. Содан кейін тазалау үшін МОС-3С центрифуга-
сына жібереді. Жидіту мақсаты- шырыш қабатының шырыштану 
қабатымен бірігу күшін азайту. Дұрыс жидітпеу сапаның бұзылуына 
жəне өңдеу ұзақтығын арттыруға алып келеді. Шырышты 
субөнімдерді жидітетін аппараттар терморегулятормен қамтамасыз-
дандырылған. Тазаланған үлкен қарындарды ағын суы бар ваннада 
салқындатады жəне ағу үшін күрмекті рамкада ұстайды. 
Жалбыршақ қарын субөнімдер цехына жақсылап майсыздан-
дырылғаннан кейін, құрамынан тазартылғаннан кейін жəне 
жуылғаннан кейін келіп түседі. Оларды қосымша тағы ағыны бар 
ваннада немесе центрифугада жуады. Содан кейін центрифугада 
немесе жидіту чанында (барабанда) температурасы 65-68ºС суда 
5мин аралығында жидітеді. Жəне шырышты қабықшадан центри-
фугада тазалайды. Ары қарай жалбыршақ қарынды қайталап жуып, 
суы бар ваннада салқындатады, шырышты қабықшалардың қалған 
қалдықтарын тазалап, 20-30мин суы ағу үшін қояды.
Ұлтабарды – 3-5 секунд жуады, өйткені ферменттер жуылып 
кетпес үшін, су ағыны əлсіз болу керек, судың температурасы 25ºС. 
Шырышты қабықты сойғаннан соң 45-46 минут ішінде алу керек, ол 
үшін оларды абайлап кесу керек, шырышты қабығын кесіп алады. 
Ұлтабарды жуып, тазалайды. Шырышты қабат керек болмаса, оларды 
жидітіп тазалап жуады. Барлық шырышты субөнімдерді тазалау үшін 
ағынды механизделген желілер (ЛОСС) пайдаланылады. Карзина-
ларға субөнімдерді салып, ваннада (65-67ºС) суда 8-10 мин жидітеді 


12 
де кранмен центрифугаға апарып, су құяды. Субөнімдерді салған сң 
6-10 мин жүргізіледі. 
Соңғы тазалап жуу екінші центрифугада іске асырылады. 
Желінің өнімділігі – 5000 кг/сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет