Технологиясы


 Жүнді субөнімдерді өңдеу



Pdf көрінісі
бет8/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   125
1.12. Жүнді субөнімдерді өңдеу 
 
Жүнді субөнімдерді өңдеу кезінде жеуге келмейтін бөліктерді 
(жүн, қылды, тұяқты, эпидерместі), ластарды тазалайды. 
Негізгі операциялар: жуу, жидіту, жүнді аластау, үйіту, жанған 
бөліктерден тазалау, жуу. Сиыр, шошқа сирақтарын үйітуден кейін 
тұяқтарды алады. Шошқа немесе қой басын (терісімен) миын алу 
үшін екіге бөледі. 
Жидіту температурасы термореттегіш арқылы бақыланады: 
сиыр субөнімдері – 65-68ºС, шошқа – 63-60ºС, қойдың басы үшін – 
68-70ºС. 
Одан жоғары температурада жүннің ұсталу күші артады, оны 
алу қиындайды. 
Шошқаның тұяғы центрифугада түсіп қалады. 
Ірі қараның аяқтары центрифугадан шыққанда тұяғымен 
болады. Оны алу үшін арнаулы машиналар қолданылады МКС-1. 
Тұяқпен бірге ет сыпырылмас үшін тұяқты 3-5 мин қыздыру қажет.
Құлақтар мен еріндерді тазалау кезінде оларға сиырдың немесе 
шошқаның аяғын қосып өңдейді. Бұл тазалау процессін 
жылдамдатады.
Су болған өнімдерді үйіткен кезде күйе көп болады. Сондықтан 
оларды үйітуден кейінгі шыққан жылы ауамен кептіріп алған дұрыс. 
Оларды үйіту пешіне бункер арқылы тиейді. Көлбеу барабанның 
тұтас бөлігінде олар кеуіп, ары қарай тесігі бар жеріне жеткен кезде 
жалынмен үйітіледі. Барабан айналып тұрған соң, олар араласа 
бастайды. Бұл жерде эпидермес пен қалған жүн күйеді. Үйіту 
температурасы – 700-900ºС; кептіруде – 300-450ºС; ұзақтығы –
аяқтармен еріндер – 4-6 мин; шошқа аяғы, құлақ, құйрығы – 2-4 мин; 
қойдың басы – 3-5 мин; 
Жидіту мен күйеден тазарту үшін МОС-3Ш центрифугасын 
қолданылады; бір рет тиеу – 100 кг; П = 750 кг/сағ. 


13 
Жүнді субөнімдерді ағынды механикаландырылған желілерде 
өңдейді (шошқа басынан басқасы). Орташа қуаты ет комбинат-
тарында жүнді субөнімдерді ЛОШС желісінде өңдейді.
Шошқа басы құлақсыз жəне тілсіз келіп түседі. Бірінші – 65-
68ºС 8 минут жидітіледі. Қылдан арнаулы ұрғыш машинада 
тазартылады. Содан соң пеште айналдырып отырып 3-5 мин 
үйітіледі. Пештерде газ (жалынсыз үйіту) қолдану өте тиімді. 
Күйіктен тазарту үшін тазарту машинасын қолданады.
Содан соң бастарды екіге бөледі. Миды, гипофизді алып жуады. 
Бастарды ілгішке іледі. Ми мен гипофизді табақшаға салады. Қылды 
жинайды. Шошқа басын арнаулы агрегатта ФГБ-150 өңдейді. Жидіту 
астауына су құйылады, оның температурасы автоматты түрде 
ұсталады. Оператор бастарды істікке салып отырады. Бастар 
жидітуден кейін, скребмашинада тазарып, үйітіліп, күйеден 
тазартылады. Істіктер айналып отырады. Түсетін бөлімдерде бастар 
өз салмағымен істіктен түсіп, тесік артқы үстелге түседі. Онда ми мен 
гипофиз алынады. 
Қойдың басынан тілді жəне көзін алады. Жидітеді жəне 
центрифугада 65-68ºС 5-7 мин тазалайды. Ми мен гипофиз алу үшін 
басты екіге бөледі. Мұндай жағдай болмаса басты қолмен, пышақпен 
терісін сыпырып өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет