40
қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы
мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің
де мақсаттары өзгереді.Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді,
стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты
бола алады.
Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға
белгілеудің мақсаты –нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады.Мұндай
жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді.Бірақ, нарық
жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциясының болмауына
әкеледі.
Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы
келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі.Өнім
сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл
шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып
алуға әзір болғандықтан, тез толады.
Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және
төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді.Бағалық стратегия шығынға,
сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: