1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Нарықты және тауарды әзірлеуді сигменттеуді сыныптау



Pdf көрінісі
бет28/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

9. Нарықты және тауарды әзірлеуді сигменттеуді сыныптау
9.1. Жаңа тауарларды әзірлеу және тауарлық саясатты қолдану
Жаңа
өнімді
әзірлеу

өзінің
ғылыми-зерттеу
және
тәжірибелікқұрастырым жұмыстарын (НИОКР) ұйымдастыру жолымен,
бірегей өнімдер әзірлеу, өнімдерді жақсарту және оларды жаңғырту,
өнімдердің жаңа маркаларын жасау.
Әдетте, жаңа өнімді әзірлеу үдерісі келесі бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
- идеялар беру,
- идеяларды іріктеу (талғау),
- жаңа өнімнің тұжырымдамасын әзірлеу, оны тексеру,
- маркетингтік стратегиялар әзірлеу,
- бизнестің болашағын талдау,
- тікелей өнім әзірлеу, сынама маркетинг және коммерциялық өндіріс.
Осы кезеңдерде жұмыстарды тиімді жүргізу үшін олардың кейбіріне тиісті
маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Идеялар беру – жаңа тауарлар
идеяларын үнемі ұйымдасқан түрде іздеу. Идеялардың тұрақты ағынын
ұйымдастырудың көптеген тәсілдері бар. Жаңа тауарлар идеяларын іздеу
үдерісінің негізгі құрамдас бөліктері - идеялар көздерін талдау және идеялар
алудың шығармашылық әдістерін қолдану.
Идеяларды сұрыптау, жарамдыларын ертерек анықтауға және
жарамсыз сұраныстарды алып тастауға болатын мақсат болып саналады.
Өнімдер емес, олардың көбірек немесе азырақ шыңдалған формасындағы
идеялар бағаланады. Алдын ала талғау, сараптамалық бағалар, бағалау
матрицасы мен көпөлшемді бағалаулар кіруі мүмкін, фирмалар талаптарына
идеялардың сәйкес келуін тексеруді білдіруі мүмкін. Бұл үшін кәсіпорынның
өз мамандары пайдаланылады. Бағалау өлшемдері кәсіпорынның сипатына
байланысты болады [5].


35
9.2. Тауар ұғымы туралы, тауарларды жіктеудің негізгі түрлері
туралы ақпарат
Тауар — қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны
бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-
экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын
және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну
мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып
алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын
қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес,
басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны
болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол
құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып
табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан
жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі
жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның
құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді
болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне,
пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-
түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары
мен нұсқаулықтарына, Тауарб. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Аукционлық Тауар, биржалық Тауар, ақшалай Тауар, тұтынушылық Тауар,
қолда бар Тауар, көпшілік қолды Тауар, арзанқол Тауар, төменқол
Тауарөтімді
Тауар,
еркін
айналыстағы
Тауар,
стандартталған
Тауаримпорттық Тауар, экспорттық Тауар, стратег. Тауар, отандық Тауар,
шетелдік Тауар, Тауар б. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа
мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;
Кеден құқығында тауар - мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы
өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық
құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да
түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін
пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік
жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық,
импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы
өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық,
контрабандалық тауар болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет