36
Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. Айрықша және
айрықша емес авторлық құқықтар. Өнер туындыға айрықша құқығы бар
адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және басқа адамдардың
өнертабысты қолдануына тиым сала алады. Өнертабыстың авторы, өз
құқығын үшінші тұлғаға бермесе (айрықша қүқыктарын беру туралы
авторлық келісім-шарт жасамаса), айрықша құқыққа ие болады.
Өнертуындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай
әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұқсат алған басқа да
тұлғаларға, өнертуындыға айрықша құқығы бар түлғамен бірдей қолдануына
қүқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен
берілген құқықтар айрықша емес деп саналады.
Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен
мүліктік құқық сияқты: сатуға, сатып-алуға, сыйлауға, мүралық етуге
жасауға болмайды.
Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі,
ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы жэне қолданудағы
қүықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Авторлық құқық автордың бүкіл ғүмырында және автор қайтыс
болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына
құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады.
Қазақстан азаматтарымен жасалған өнер туындыларының авторлық
құқығы, олардың қайда тіркелгендігі немесе тіпті тіркелмегендінен тәуілсіз,
мәдени және әдеби өнер туындыларын қорғауға байланысты Берн
конвенциясының қатысушылары болатын барлық елде қорғалады.
Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және бейнелеу
нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және мәдениет туындылары болып
есептеледі.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты белгілері
болатынын атап кеткен жөн.
Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның жасалуының
шығармашылық мінезі, және екінші белгісі-бұл ойын білдірудің объективті
нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық
еңбегінің нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек
(жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс немесе бейне жазбаларда,
көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында
орындалған ауызша формада болуы мүмкін [23].
Достарыңызбен бөлісу: