1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жерді пайдаланудың экономикалық көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет44/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

17.2. Жерді пайдаланудың экономикалық көрсеткіштері
Экономикалық көрсеткіштер – экономикалық қызметтің барлық
саласын талдауда, есептеуде, жоспарлауда қолданылатын сандық
сипаттамалар жүйесі, яки экономикалық үдерістер мен құбылыстардың,
олардың даму заңдылықтары мен үрдістерінің сандық сипаттамасы үшін
пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы шама.
Бұл салалардың әрқайсысында Экономикалық көрсеткіштердің өз
жүйесі қалыптасқан, сондықтан мақсатына қарай жоспарлық көрсеткіштер,
қаржылық
көрсеткіштер, бухгалтерлік көрсеткіштер, статистикалық көрсеткіштер
делінеді. Көрсеткіш экономикалық субъектінің қайсыбір қасиетінің, үдерістің
немесе шешімнің санмен көрсетілген сипаттамасы ретінде айқындалады.
Экономикалық көрсеткіштер директивалық (басқарушылық, жоспарлық)
және есептемелік (негізінен статистикалық) болуы мүмкін. Экономикалық
үдерісті басқару тұрғысынан бірінші тектегі көрсеткіштер әрбір
шаруашылық жүргізуші субъекті (немесе субъекті топтары) үшін жеке-жеке
жасалған директивалық-атаулы, баршаға қатысты директивалық-иесіз
көрсеткіштер болуы мүмкін. Есептік, математикалық тұрғыдан көлемдік,
орташа, шектік, өсімдік (сараланбалы), индекстік көрсеткіштерге
ажыратылады. Экономикалық мазмұнына қарай Экономикалық көрсеткіштер
заттық, құндық (ақшалай), еңбектік көрсеткіштер болып келеді.
Экономикалық
көрсеткіштер
абсолюттік
және
салыстырмалы
көрсеткіштерге бөлінеді. Бірінші жағдайда олар өнімнің көлемі сияқты
шаманы (құндық немесе заттық тұлғада) немесе пайдаланылатын ресурстың,
мыс., жердің көлемін сипаттайды, екіншісінде еңбек өнімділігі (бір
жұмыскерге шаққандағы өнім көлемі), пайдалылық (тиімділік) қордың бір
өлшеміне шаққандағы пайда, өнім өлшемінің өзіндік құны сияқты шаманы
сипаттайды.
Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу теориясы мен тәжірибесінде
көрсеткіште (оны қарапайым көрсеткіш деп те атайды) мынадай құрылым:
сандық мән (негіздеме) және оның көрсеткіштің бірегейлендіргіші деп
аталатын мазмұндық белгілерінің жиыны анықталады. Деректерді
бірегейлендіргіштермен
өңдеу
кезінде
қисындық
операциялар,
негіздемелермен өңдеу кезінде арифметикалық операциялар жүргізіледі [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет