1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жер иелену және жерді пайдалану бойынша жобалау-ізденіс



Pdf көрінісі
бет52/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

19.5. Жер иелену және жерді пайдалану бойынша жобалау-ізденіс
жұмыстарын бағалау
Жер
пайдаланудың
кемістіктері
дегеніміз
ауылшаруашылық
мекемелерінінің
жер
пайдалануындағы
өндірістің
экономикасына,
ұйымдастыруына және жерді пайдалануда кері әсерін тигізетін
қолайсыздықтар. Бұл қолайсыздықтарға жер пайданаланудың өте үлкен
немесе өте кіші мөлшерлері, ыңғайсыз орналасуы және шекарасындағы
кемістіктер жатады. Осы кемістіктерді жоюға бағытталған жерге
орналастыру жұмыстары жер пайдалануды жетілдіру деп аталады.
Кемістіктер:
1. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшері – оның ауылшаруашылық
мекемесінің мамандығына, аймақтық тиімді мөлшерлерге сәйкес келмеуі.
Мысалы, солтүстік аудандарда: қой шаруашылықтарының мөлшері өте үлкен
болуы мүмкін, ол шаруашылық экономикасына, немесе ұйымдастыруына
кері әсерін тигізбейді. Ал егер оңтүстік аудандарда орналасқан жеміс-жидек
немесе көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың мөлшері
жоғарыда айтылған солтүстік ауданда орналасқан қой шаруашылығының
мөлшеріндей болса, бұл өте қолайсыз және тиімсіз мөлшер болады. Өйткені
бұл шаруашылықтарда жұмыс қолы өте көп пайдаланылады. Сондықтан,
осыншама көлемдегі жерді игеру үшін өте көп адам керек болады. Екіншіден,
бұл өнімдер өте тез бұзылатын, алыс жерге тасымалдауға келмейтін
болғандықтан олардан алынатын түсімдер шығындардан асып кетуі мүмкін.
Сондықтан, мұндай жағдайда жер пайдаланудың ықшам ауданы және қалаға
немесе басқа үлкен елді мекенге, яғни, сол өнімдерді сату мүмкіншілігі
жоғары, елді мекендерге жақын орналасқаны тиімді.
Сонымен, ауылшаруашылық мекемесінің тиімді мөлшері деп,
шаруашылықтың мамандығына, оның орналасқан аймағына сәйкес көлемді
шаруашылық мөлшерін атайды. Мысалы, мал шаруашылығы бойынша
шаруашылықтар жерлерінің тиімді мөлшері бірдей болуы мүмкін емес.
Қойды алысқа айдауға болады, ал сиырды оның ішінде – сүтті сиырды өте
алыс айдауға болмайды. Мысалы, шошқа бір орында тұрып өсіріледі және
бордақыланады. Сондықтан қой шаруашылығының мөлшері 20-50 мың га,
ІҚМ шаруашылығының мөлшері –16-18 мың га, шошқа шаруашылығы 1-5-7
мың га а/ш алқаптарына сәйкес болулары керек. Бұл шаруашылық
мөлшерлері салыстыру үшін берілген. Қазіргі кезде, ауылшарушылық
құрылымдарының
мөлшерлерінің
айырмашылықтары
өте
үлкен
болғандықтан олардың оптимальды мөлшерлерін атау қиын.
2. Жер пайдаланудың кемістіктерінің бірі - жер пайдаланудағы ауыл
шаруашылық пайдаланулардың тиімсіз құрамы мен үлесі. Яғни,
ауылшаруашылық алқаптарының құрамы мен үлесінің а/ш кәсіпорнының
мамандығына және оның құрамындағы салаларға сәкес келмеуі. Мысалы,
мал шаруашылығымен айналысқан кәсіпорынның жер пайдалануының


65
үлесінде шабындық пен жайылым көп болуы керек, ал егістік пен шошқа
шаруашылықтарының үлесінде егістік алқаптары көбірек болу керек.
3. Жер пайдаланудың әр учаскесінің басқа жер пайдаланулармен
жолақтана орналасуы. Мысалы, шаруа қожалығына берілген жер пайдалану
бірнеше учаскеден тұрады: шабындық бір жерде, жайылым бір жерде. Бұл
жағдай транспорттық шығын көбейеді; басқару қиындайды, басқа жер
пайдалануды басып өту қажеттілігі туады.
4. Бір жер пайдалануда екінші жер пайдаланудың жер учаскесінің
орналасуы. Бұл жағдайда транспорттық шығын ұлғаяды, қолайсыздық туады.
5. Алыс жерлік - жер пайдаланудың кейбір учаскелері елді мекеннен
алыс орналасқан. Бұл жағдай экономикалық және шаруашылықтық кері
әсерін тигізеді. Транспорттық шығын ұлғаяды, ұйымдастыру күрделіленеді.
6. Жер пайдалану шекарасының ирелек болуы. Ішкі шаруашылық
жерге орналастыру жұмыстарын күрделілендіреді жене жер пайдаланудың
конфигурациясын қолайсыздандырады.
7. Топографиялық жолақтана орналасуы. Жер пайдаланудың бір
бөлігінің томардың, өзеннің, көлдің басқа бетінде қалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет