Қазіргі қазақ ЖӘне түрік тілдеріндегі септік жалғауларының сипаты исатаева Н. Ж



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата11.08.2023
өлшемі211.45 Kb.
#476039
1   2   3   4   5   6
?àç³ðã³ ?àçà? Æ?íå ò?ð³ê ò³ëäåð³íäåã³ ñåïò³ê æàë?àóëàðûíû? ñèïàò

Ілік септігі.Ескерткіштерде ілік септік заттың, қимылдың белгілі біреуге 
тән екендігін білдіреді. Ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғаулы сөздермен 
тіркесіп келеді.Ілік септіктегі сӛздер –ың, -ің, -ның, -нің (-уң, -үң, -нуң, -нүң) 
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: kitabın, dostun, 
ailenin, kardeşimin т.б.[4; 46] 
Бұл септіктің қазақ тілінде кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беріп, -ның, 
-нің, -тың, -тің, -дың, -дің жалғауларын жалғайды. Мысалы: Ескінің көзі, 
кітаптың сөзі т.б. Сөйлем ішінде ілік септігі жалғанған сөз әрқашан 
анықтауыш қызметін атқарады. Ердің атын еңбек шығарады (мақал).[3; 62] 
Қазіргі түрік тіліндегі ілік септігі kimin? nenin?neyin?сұрақтарына жауап 
беріп,–in, -ın, -un, -ün, –nın, -nin, -nun, -nünжалғаулары жалғанады. 
–in, -ın, -un, -ün – дауыссыз дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы:Bu tüfek 
kimindir? – Бұл мылтық кімдікі? 
–nın, -nin, -nun, -nün – дауысты дыбыстан кейін жалғанады. Мысалы:Bu 
tüfek Mustafanındir – Бұл Мұстафаның мылтығы [5; 56] 
Қазіргі түркі тілдерінде ілік септігінің жалғауы дауыстыдан немесе 
дауыссыздан басталуымен ерекшеленеді. Дауыстыдан басталуы Орхон-
Енисей жазбаларына және қазіргі оғыз тобындағы тілдерге тән. 
Барыс септігі (Yönelme hali).Барыс септігігі көне түркі ескерткіштерінде 
мынадай қосымшалар арқылы жасалады: 
1. –қа, -ке, -ға, -ге:тағқа – тауға, қапығқа – қақпаға, йерке – жерге, 
үгүзке – ӛзенге.
қа, -ге тұлғалары Орхон ескерткіштерінде кездеспейді, бірақ Енисей 
ескерткіштерінде сөздің аяғы қатаң дыбысқа бітсе де, ұяң дыбысқа бітсе де 
үндестік заңына сәйкес –ға, -ге қосымшалары арқылы келетін бірнеше сөзді 
кездестіреміз. 
2. –ғару, -геру. Құранды қосымшалар. Олар барыс септіктің –қа және
ру, -рү жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: йоқар-жоғары, ілгерү-ілгері, 
ебгерү-үйге қарай т.б. 
3. –а, е. Жіктеу есімдікері мен тәуелді жалғаулы сөздерден кейін 
жалғанады. Мысалы: баңа-маған, ебіме-үйіме, ініме-ініме т.б. 
4. –йа, -ие негізінде оғыз тілдеріне тән қосымшалар. Мысалы: бірійе-оңға, 
құрыйа-кейінге т.б. 
5. –ру, -рү кейбір сөздерге қосыла келіп істің бағытын білдіреді. 
Мысалы: баңару-маған қарай, аңару-оған қарай т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет